Өткізген Жанболат Байболатұлы Қинаят 2016-2017 оқу жылы



Дата22.02.2023
өлшемі22,97 Kb.
#169759
Байланысты:
Спорт-біздің досымыз спорттық жарыс


Бекітемін ________
Мектеп директоры
Г.Сабирова
"Қазан жалпы орта білім беретін мектеп"
мемлекеттік мекемесі
Спорттық жарыстың тақырыбы:
Спорт-біздің досымыз


Өткізген Жанболат Байболатұлы Қинаят

2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Спорт-біздің досымыз!»
«Спорт-біздің досымыз» спорттық сайысының өтілу барысы:
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін «Спорт-біздің досымыз» спорттық сайысын тамашалауға жиналып отырсыздар! Сонымен сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!
Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар!
1. Топтарды ортаға шақыру
2. Әнұран
3. Сайыс 2 бөлімнен тұрады.
І бөлім «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып, сайысқа түседі.
ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң». Бұл бөлімде топтағы ойыншылар жеке сайысады.
4. Қорытынды. Жеңімпаздарды анықтау. Топтарды марапаттау.
Қазылар алқасымен таныс болайық.
Сайысымыздың басталуы.
Таныстыру. Топтар өз топтарын таныстырады.
І бөлім «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып сайысқа түседі.
1 - ойын «Допты шапшаң бер»
Әр топтың алдыңғы жағынан 6 - 8 м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшы өз жағының 1 - ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1 - ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.
2 - ойын «Допты домалатып тез лақтыр»
Сөре сызығынан 5 – 7 м жерде параллель сызық сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар допты сызыққа дейін домалатып тура сызыққа допты тигізіп, қолына алып 2 - ойыншыға кеуде алдынан лақтырады да өзі саптың артына барып тұрады. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы соңғы ойыншыдан допты алған мезгілде ойын аяқталады.
3 - ойын «Кім шапшаң»
Ойыншылардың аяқтарына тұсау салынып, бірінің артына бірі лек түзеп, сапта тұрады. Белгі бойынша 2 - ойыншы шапшаң жүріп, белгілі арақашықтықтан айналып келесі ойыншыға қолын тигізеді. Ойын осылай жалғасады.
4 - ойын «Картобыңды егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.
ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң».
1 - тапсырма «Секіргіш жіппен көзді байлап секіру»
Әр топтан 1 - ойыншы шығып, секіргіш жіппен көзді байлап секіреді 30 сек ішінде. Егер ойыншы қателессе секіру тоқтатылады.
2 - тапсырма «Секіргішпен жұптасып секіру»
2 - ойыншы жұптасып секіргіш жіппен секіруі керек. Екі ойыншы бір – біріне қарама - қарсы қарап тұруы керек.
3 - тапсырма «Кім ұқыпты?»
Ортаға төсеніш қойылады. Әр топтан 1ойыншыдан шығып, Еңкейіп саусағының ұшына қарап 10рет айналады да болған соң төсеніштен тоңқалаң асып допты алып серіктесі ұстап тұрған сақинаға лақтырып түсіруі керек.
Сайысты қорытындылау.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша 1, 2, 3 орындар анықталып, арнайы дипломдар тапсырылады. Сол сияқты төмендегі арнайы жүлделердің белгіленгені дұрыс.
1. «Ең үздік» ойыншы
2. Жеңіске жеткен топ

«Спорт-біздің досымыз»
атты спорттық жарыстың өзіңдік талдауы

Тақырыбы: Спорт-біздің досымыз
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл – әрекетке жаттықтыру.
Күні: 14.09.2016
Қатысушылар: 1-4-сынып
Өткізілгкен орны: спорт алаңы.
Құрал-жабдықтар: сықырғыш, доптар, кедергілер, орындық, эстафеталық таяқ, қап.
Жарыс оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрастырылып, өткізілді. Жарысқа 1-4-сынып оқушылары 2 топқа бөлініп қатысты. Жарыс екі бөлімнен тұрды: Жарысайық бәріміз; Кім ұқыпты, кім шапшаң.
1-бөлім 4 ойыннан құрастырылды: Допты шапшаң бер; Допты домалатып тез лақтыр; Кім шапшаң; Картобыңды егіп кел де, жинап ал.
2-бөлім 3 тапсырмадан құрастырылды: «Секіргіш жіппен көзді байлап секіру; Секіргішпен жұптасып секіру; Кім ұқыпты?
Жарыстң әр түріне оқушылардың барлығы қатысты. Жарыс оқушыларға ұнады. Оқушылар жарысқа белсеңділік танытып, қатысты. Жарыс алдында қойған мақсатыма жеттім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет