Сарыкөл орта мектебі «Химия ғылымының алғашқы ұғымдары» Сыныбы: 7


«Химияғылымының алғашқы ұғымдары»



бет2/6
Дата15.12.2021
өлшемі94,16 Kb.
#101087
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7 кл. «Химия ғылымының алғашқы ұғымдары»

«Химияғылымының алғашқы ұғымдары»

(7сыныпқа арналған факультатив курсының бағдарламасы)


Түсінік хат

ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні – заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуінебасты назар аудару болып табылады.Сондықтаноқушыларды білім, іскерлік және дағдыларжүйесімен қаруландыруда жеке пәндер бойынша жүргізілетін факультатив курстардыңмаңызы өте зор.

Соңғы уақыттабағдарлама бойынша 7-сыныпта химия пәніне аптасына 1 сағат бөлініп отыр. Алайда химия пәнінің алғашқы негізгі ұғымдарын толық игеру үшін оқушымен қосымша айналысу қажет.Осы мақсатта«Химия ғылымының алғашқы ұғымдары» тақырыбында 7-сыныпқа арналып құрастырылған факультатив бағдарламасы–негізгі және міндетті курстардың мазмұны бойынша оқушылардың білім-білікдағдыларын жетілдірубағытында жоспарланды.Бағдарламаоқушының білімі мен ойлауқабілетін дамыта отырып, химиялық білімді,заңдарды, құбылыстардытереңірек түсінуіне ықпал етеді.Химия пәніноқып-үйренгендеесептер шығарып, жаттығулар мен сарамандық жұмыстар орындаудыңмаңызыөтезор. Есеп шығарып, жаттығуларорындау білімдітексеру ғана емес, сонымен қатароқушылардыөздігіненізденуге дедағдыландырады.Оқушыларөз білімдерініңжетіспейтінжерлерінанықтап,өздігіненізденіп, қосымшажәнеарнайыәдебиеттердіпайдаланып, түрлі сандық есептер шығаруға, үйренеді.

Бағдарламажеке, топтық ізденіске және шығармашылықпен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларды өзіндік зерттеу жүргізуді үйретуге,шығармашылықпен оқып үйренуге бағытберуге арналған.



Мақсаты:

  • Оқушыларға қоршаған әлем және табиғаттың химиялық заңдары жөнінде химиялық білім қалыптастыру;

  • Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру;

  • Жеке тұлғаның бойында ізденушілік-зерттеушілік қасиеттер дағдыларын қалыптастыру;

  • Химиялық тұрғыда ойлай алатын, сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту;

  • Оқушылардың интеллектуалды дамуын, жалпы жеке тұлға мәдениетінқалыптастыруға ықпал жасау.

Міндеті:

  • Оқушыларда заттардың құрамы,құрылысы және қасиеті арасындағы байланыс туралы ғылыми жаратылыстану тұрғысынан көзқарас қалыптастыру;

  • химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

  • Оқушыларда қазіргі химияның маңызды экологиялық проблемаларын шешудің жолдары жәнетабиғатты қорғау негіздері жөніндегі түсініктерді қалыптастыру,дамыту;

  • Мультимедиялықбілім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалаужұмыстарын жасауда ақпараттық-коммуникативті біліктері мен дағдыларынодан әрі дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет