Сарыкөл орта мектебі «Химия ғылымының алғашқы ұғымдары» Сыныбы: 7


–тақырып.Бейорганикалыққосылыстар (10сағат)



бет6/6
Дата15.12.2021
өлшемі94,16 Kb.
#101087
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7 кл. «Химия ғылымының алғашқы ұғымдары»

4 –тақырып.Бейорганикалыққосылыстар (10сағат)

Бейорганикалық заттарды

жіктеу.Оксидтер,қасиеттері,алынуы.Қышқылдар,қасиеттері,алынуы.Негіздер,қасиеттері,алынуы. Тұздарқасиеттері,алынуы. Тұздардыңтіршіліктегімаңызы және қолдану салалары.Генетикалық байланыс. Кейбір бейорганикалықзаттардың табиғатта кездесуі және айналымы. Табиғаттағы қышқыл жаңбырлар.Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.

Курстың тақырыптық күнтізбежоспары




Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Өткізу әдісі

Мерзімі




І.Бастапқы химиялық ұғымдар (10 сағат)

1

Химия және табиғат

1

Презентация




2

3ат және қоспа

1

Жеке және топтық жұмыс




3

Химиялық элемент атаулары.

1

Әдебиеттер

мен жұмыс






4

Заттардың түзілуі. Химиялық формулалар

1

Жеке және топтық жұмыс




5

Физикалық және химиялық құбылыстар.

1

Сарамандық жұмыс




6

Химиялық формулалар мен теңдеулерді құрастырып, теңестіру жаттығулары

1

Жеке және топтық жұмыс




7,8

Сандық есептер (моль, мольдік масса, химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есептеулер)

2

Жеке және топтық жұмыс




9

Химияның негізгі заңдарына (зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы) есептеулер

1

Жеке және топтық жұмыс




10

Тарауды қорытындылау

1

Өзіндік жұмыс




ІІ. Д.И.Менделеев жаратылыстанушы- химик.Заттарқұрылысы (7сағат)

11

Д.И.Менделеевтің жасаған периодтық заңының ашылу тарихы және оның маңызы

1

Дәріс




12

1.«Д.И.Менделеев- патриот ғалым және ағартушы»

2. «Д.И.Менделеевтің өмірбаяны,жан-ұясы»

3.«Д.И.Менделеев өміріндегі қызықты деректер»


1

Конферен-ция

сабақ





13

Атом құрылысы және периодтық заң

1

Дәріс




14

Химиялық элементті және оның қосылыстарын периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау

1

Жеке және топтық жұмыс




15

Химиялықбайланыстар табиғаты

1

Презентация




16

Сандықесептер (хим.элементтерді, қарапайым формулаларды табу)

1

Жеке және топтық жұмыс




17

Тарауды қорытындылау

1

Тест




ІІІ.Тіршілік негізі- ауа және су(7 сағат)

18

Оттегінің қасиеттері, таралуы және маңызы

1

Ой толғау сабағы




19

Сандық есептер (Авогадро заңы,газдардың көлемдік қатынас заңы, салыстырмалы тығыздығы,термохимиялық теңдеулер)

1

Жеке және топтық жұмыс




20

Сутек- бағалы химиялық шикізат

1

Презентация




21

Жай заттардың күрделі заттармен және күрделі заттар арасындағы тотығу-тотықсыздану реакциялары

1

Дәріс




22

Су – сутек оксиді, ерітінділер олардың өмірдегі маңызы.

1

Презентация




23

Сандық есептер (Ерітінділер тақырыбына есептер)

1

Жеке және топтық жұмыс




24

Су және ауаэкологиясы

1

Семинар




ІV. Бейорганикалыққосылыстар (10 сағат)

25

Бейорганикалық заттарды жіктеу. Генетикалық байланыс

1

Дәріс




26

Оксидтерді алу және оның қасиеттерін зерттеу

1

Сарамандық жұмыс




27

Ауа және қышқыл жаңбырлар. Қышқылдық жауын-шашындардың қоршаған ортаға ықпалы.

1

Әдебиеттер интернет жүйесімен жұмыс




28

Қышқылдарды алу және оның қасиеттерін зерттеу

1

Сарамандық жұмыс




29

Негіздерді алу және оның қасиеттерін зерттеу

1

Сарамандық жұмыс




30

Тұздардың тіршіліктегі маңызы және қолдану салалары

1

Шағын жобаларды қорғау




31

Тұздарды алу және оның қасиеттерін зерттеу

1

Сарамандық жұмыс




32

Кейбірбейорганикалық заттардыңтабиғаттакездесуіжәнеайналымы

1

Шағын жобаларды қорғау




33

Сандық есептер «Химиялық теңдеулер бойынша есептер»

1

Жеке және топтық жұмыс




34

Қорытындылау сабағы «Генетикалық байланыс»

1

«Химиялық марафон» ойыны






Сабақүлгілері

Сабақ№ 4.


Сынып: 8

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Заттардың түзілуі.Химиялық формулалар

Жалпы мақсаты:

Заттың сандық және сапалыққұрамын білдіретін химиялық формула жайлы білімді нақтылау, мағлұматтар беру;

Оқушылардыңлогикалыққортындыжасау,салыстыру,талдау білігіндамыту;



Күтілетін нәтижелер

-Химиялық элемент таңбаларын пайдаланып жай және күрделі заттарды айыра алады;

- «Валенттік» ұғымы бойынша заттардың формуласын құру жәнезаттардың формуласы бойынша валенттікті анықтау реттілігін біледі

- Заттың формуласы бойыншамәліметтер бере алады

- Формулаларбойынша есептеулер жүргізе алады



Сабақ түрі

Бірлескен-ізденіс сабақ

Тапсырмалар

Химиялық диктант, кестелер,есептер, тест

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта, Д.И.Менделеев кестесі, үлестірме ресурстар

Сабақтыңәдіс-тәсілдері:

Блум таксономиясы.

«Тұсау кесер» тапсырмалары: Сұрақ- жауап;

«Білу» тапсырмалары;Кесте толтыру

«Түсіну» және «Талдау» тапсырмалары; Топтық жұмыс

«Жинақтау» тапсырмалары. Тұжырымдама

«Қолдану» тапсырмалары.Оқулықпен жұмыс

«Жинақтау» тапсырмалары.Тест

«Баға беру»

Тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері:Формативті және суммативті бағалау,табыс критерийлері қолданылады.

Жеке,жұппен және топпен жұмыстар жүргізіледі.



Сабақ барысы : Тренинг, топтарға бөлу.Топқа бөлу «Формулалар әлемі»: Көк түс- жай заттар, Сары түс- күрделі заттар, Қызыл-элементтер.Топтар ішкі топтарға бөлінеді,топ ережесін шығарады.

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1.Ұйымдастыру.(Оқушылар орындарында отырады, 3топта)

Сабаққа қатынасы тексерілді.

Сабақты мақсатын, күтілетін нәтижесінайту


Сабаққа зейіндерін бағыттау

Оқушылар топқа бөлінеді



Тұсау кесер


«Білу»
тапсырма

лары


Белсенді тақтамен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлау.Химиялық диктант

1.Заттың заттық қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегін ________ депатайды.

2. Бір элемент атомдарынан тұратын зат _____, әр түрлі элементтердің атомдарынан құралған заттар_____заттар д.а.

3.Химиялық формула дегеніміз –_________шартты түрде жазу.

4.Коэффицент________санын көрсетіп, формулада ______ жазылса, ал индекс _________ санын көрсетіп, формулада ______ ____________жазылады.
1.Кестені толтырып,жай және күрделі заттарды ата.

Формулалар

2

3СН4

2

3ҒеСІ3

3РО4

2Са3N2

Коэффициенттер



















Индекстер



















Әр атомның жалпы саны





















Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтарға жауап береді.

Берілген кестені толтырады, әр топтан2 оқушыдан сұралады.



Негізгі бөлім
«Түсіну» тапсырма

лары

«Талдау»
«Жинақтау»

«Қолдану»

«Баға беру»


Сабақты меңгерудегіоқушы үшін табыскритерийіментаныстырылады.

Әр топқатүсті қағаздағы «Формулалар әлемі»тапсырмаларын топпен орындау тапсырмасы беріледі.



Ітоп. 1. Төмендегі элементтер оксидінің формуласын жазыңдар: S (VІ ), Cu(І ),

Cu( ІІ), Cr (ІІ), Cr (ІІІ)

2. ЭО2, ЭCI2, ЭS3, ЭN, ЭО3 берілген бинарлы

қосылыстағы «Э» орнына Ca,AI, S, C,Mg-қойып формулаларын жазыңдар



ІІтоп.1. Cu( ІІ),Ғе(ІІІ),Р(V),Sr(ІV)

хлоридтердің формуласын жазыңдар

2. Қосылыстардағымарганецтіңваленттігін анықта:1. MnO2.MnO23.Mn2O74.MnCI2

5.Mn2O3



ІІІтоп.1.Са мен S, Ғе(ІІІ) мен О,Аg(І ) мен О,Мg менN(ІІІ ) формуласын жазыңдар

2. Заттардың формуласынан валенттікті анықта: NO2, P2 O5, Na2O, WO3, ZnS


Әр топ тапсырмаларын постерда қорғайды.

Заттың формуласы бойыншаанықталатын негізгі мәліметтерді тұжырымдау керек.


Жұппен,топпен, ұжымдық жұмыс.

№1-74 Формулалары төменде берілген қосылыстардағы оттегінің массалық үлесінжәне элементтердің массалық қатынасын анықта:



І-топ :AI2O3

ІІ-топ :P2O5

ІІІ-топ :2О3
Тест тапсырмасы беріледі.1-8тапсырма

Бағалау шкаласы: 3-4тапсырма «3»(35-50%), 5-6 тапсырма «4»(60-75%), 7-8тапсырма «5»(80-100%)
Бүгінгі өткен тақырыптыңмаңыздылығы қандай?


Бұрыннан білетін білімдерін пайдалана отырып әр оқушы ойларын ортаға салады,талдайды, шешімге келеді.

Постерге орындайды

Оқушылар «валенттік» ұғымы бойынша заттардың формуласын құру жәнезаттардың формуласы бойынша валенттікті анықтау реттілігін

ескеріп,түсіндіреді
Топтар бір-бірін тыңдайды,

сұрақтар қояды


Ойларын ортаға салады,ортақ шешім-тұжырым жасайды, дәптерлеріне жазады
Есепті жеке,жұппен орындайды.

Тақтада орындалады. Оқушылар қателерін табады.



Жауабы мен бағалау шкаласын белсенді тақтаментексереді
Өзіндік көзқарастарын айтады

«Кері байланыс» Рефлексия

Қорытын-ды

«Сабақ туралы ой»

Не оңай болды? Не қиын болды?

Нені үйрендің?


Өз ойларын стикерге жазады
Жақсы қатысқан оқушылар мадақталады.


Сабақ№10.Тақырыбы:Өзіндік жұмыс

Мақсаты:«Алғашқы химиялықұғымдар» тарауы бойынша оқушы білімдерін міндетті және мүмкіндік деңгейде тексеру, жинақтау.Оқушының білік дағдыларын қалыптастыру; Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, химиялық сауатты жазуға баулу.
Өзіндікжұмысүлгісі.

«Алғашқы химиялықұғымдар»

1-нұсқа

1-деңгей

1. Мына химиялық формулаларды жаз.

а) оттектің 5 атомы; б) оттектің 2 молекуласы;

в) оттек молекуласы; г) оттек атомы.

2. CaO, H2S, Ғе2О3, P2O5берілген қосылыстардың формулаларын көшіріп жазып, элементтердің таңбаларының үстіне валенттілігін көрсет

3. Валенттіліктері көрсетілген элементтердің оксидтерінің формуласын жаз.

Фосфор (ІІІ), күкірт (VІ), көміртек (ІІ), марганец (ІV),натрий(І)

4. Химиялық реакция теңдеулеріндегі қажетті заттарды тауып, теңестір.

а) ... + О2 → ВаО б) N2 + ... → NН3

в)... + О2 → Мn2О3 г)С + ... →ССІ4

5. Зат мөлшері 5 моль судыңмолекула санын анықта.
2-деңгей

1. Химиялық реакция теңдеулерін толықтырып теңестір, реакция типін анықта.

а) Ғе2О3 + ...→ Ғе + СО2 б) ... + СІ2 → АІСІ3

в) Аg2О → Аg + ... г) ВаО + НСІ → ВаСІ2 + ...

2. Мына қосылыстардың CaCO3,MgS салыстырмалы молекулалық массасын және құрамындағы элементтердің массалық қатынасын тап.

3.Темір (ІІІ)оксидінің (Ғе2О3) 40 грамында қанша грамм темір бар.

4. Реакция нәтижесінде 5,1грамм алюминий оксиді түзілсе, реакцияға оттектің қандай массасы түсу керек.

5. Массалық үлесі мынадай натрий-42,1%, оттек-39%, фосфор-18,9% тұздың қарапайым формуласын тап.



3-деңгей

1. Мына қосылыстардың а) NаСІб)NaСІOв)NаСІO3 құрамындағы хлордың массалық үлесін есепте,оларды хлордың массалық үлесі арту ретімен орналастыр

2. Темір үлгісінде 9,03*1024 атом бар. Осы темір үлгісінің зат мөлшері мен массасын тап.
«Алғашқы химиялықұғымдар»

2-нұсқа

1-деңгей

1. Мына химиялық формулаларды жаз:

а) 4 атом сутек; б) сутек молекуласы;

в) 4 молекула сутек; г) сутек атомы.

2. Nа2O, СH4, АІ2О3,MnO2берілген қосылыстардың формулаларын көшіріп жазып, элементтердің таңбаларының үстіне валенттілігін көрсет.

3. Валенттіктері көрсетілген элементтердің оксидтерінің формуласын жаз.

Фосфор(V), күкірт (ІV), барий(ІІ), марганец (VІ), литий (І)

4. Химиялық реакция теңдеулеріндегі қажетті заттарды тауып, теңестір.

а)... + О2 → СаО б)... + O2 → SO2

в) С + ... → СН4 г) Fe + ... →FeCI3

5.Молекула саны 12,04*1023 темірдің қанша мольінде болады
2-деңгей

1. Химиялық реакция теңдеулерінтолықтырып теңестір, реакция типін анықта.

а) Р + ... → Р2О5 б) АІ2О3 + Н2 →... + Н2О

в) КСІО3 → КСІ + ... г) СаО + НСІ → СаСІ2 + ...

2. Мына қосылыстардың C2Н6,CaO салыстырмалы молекулалық массасын және құрамындағы элементтердің массалық қатынасын тап;

3. Мыс сульфатының (СuSО4) 16 грамында қанша грамммыс бар.

4. Реакция нәтижесінде 16 грамм магний оксиді түзілсе, реакцияға оттектің қандай массасы түсу керек.

5. Массалық үлесі мынадай марганец-61,8%, оттек-36%, сутек-2,3% қосылыстың формуласын тап


3-деңгей

1. Мына қосылыстардың а) KNO3;б) NaNO3;в) NH4NO3 құрамындағы азотың массалық үлесін есепте,оларды азоттың массалық үлесі арту ретімен орналастыр

2. Оттектің 1,5*1024 молекуласының зат мөлшері қандай болады. Күкіртсутектің (Н2S) қандай массасында сонша молекула болады.

Сабақ№ 11.

CабақтыңтақырыбыД.И.Менделеевтіңжасаған периодтықзаңыныңашылу тарихы жәнеоның маңызы

Мақсаты: Периодтық заңның ашылу тарихынанмәліметтер бере отырып, оқушылардың периодтық жүйежәне периодтық заң туралы білімдерін жүйеге келтіру;Химия ғылымының және өндірістің қазіргі мәселелерін шешудегі периодтық заңныңмаңызын көрсету.

Сабақтың түрі: Дәріс

Сабақтыңкөрнектілігі: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеев кестесі, суреттер, кестелер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Сұрақ жауап

Жаңа сабақ

Бекіту

Жаңа тақырыптыбаяндау жоспарыныңүлгісі :

1.Периодтық заң – химиялықэлементтер жайындағы барлық білімнің қорытындысы.

2. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйе негізінде элементтердің атомдық массасынөзгертуі.

3.Ашылмаған элементтерді алдын аласипаттау және периодтық заң мен периодтықжүйенің негізгі даму кезеңдері.

4.Периодтық заңның маңызы және маңыздылығына берілген бағалар.
1.ХІХ ғасырдың екінші жартысында алпыстан астам химиялық элементтер ашылып,олардың қасиеттері және ол элементтердің қосылыстарының қасиеттері зерттелді. Осындай толып жатқан материалдардыбір жүйеге келтіру қажет болды.Көптеген ғалымдар элементтерді жүйеге келтіруге тырысты.


  • Неміс ғалымы И.Деберейнер(1817ж.) қасиеттері ұқсас үш элементтің ортаңғысының атомдық массасы екі шеткісінің атомдық массаларының орташа арифметикалық мөлшеріне тең екенін айтты.Ол үш элементтен тұратын осы топтарды «үш таған»,триада деп атады.

  • Ағылшын ғалымы Д.Ньюлендс элементтерді атомдықмассаларының өсу ретімен орналастырғанда жеті элементтен соң сегізіншіденбастап химиялық қасиеттері қайта қайталанатынын байқап,оны октава заңы деп атады.

  • Француз ғалымыА.Шанкуртуаны(1862) «Периодикалық кестенің атасы» деп атайды. Оның схемасындағы химиялық элементтер шиыршық (спирал) түрінде тұрақты аралықтар арқылы орналастырылған.Бірақ оның спирал тәріздес кестесі қабылдау үшін тым ауыр болды да, сондықтан көпшілік тарапынан қолдау таппады.

  • Неміс ғалымы Л.Мейер(1864)элементтерді атомдық массаларыныңөсу ретімен орналастырып ұқсас элементтердіңалты тобын жасап, элементтердің физикалық қасиеттерінің мезгіл- мезгіл қайталанатынын көрсетті.

Бірақ аталған ғалымдар элементтердің ұқсас топтарын бір-бірінен жеке қарап, олардың арасындағы ішкі байланысты аша алмады.Сондықтан олар ұқсас және ұқсас емес элементтердің топтарын сипаттайтын теориялық шолу жасай алмады.

  • Элементтерді жүйеге келтіруді орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев шешті.Ол 1869 жылы периодты заңды ашып, 1871 жылы анықтамасын берді және сол заңның негізінде элементтердің периодтық жүйесін жасады. Элементтерді жүйеге келтірудің негізі етіп олардың атомдық массаларын алды.

Бұл айтылған заңның мәнісін түсіну үшін,оқушылар сутектен(Н) аргонға (Ar) дейінгі элементтерді атомдық массаларының өсуімен орналастырады (алдын-ала химиялық элементтер таңбалары көрсетілген 18 карточка дайындап келеді) және өзгеру заңдылықтарын түсіндіріп, периодтық заңның бұрынғы анықтамасын береді.

2.Периодтық жүйені жасауда Д.И.Менделеевкөптеген қиыншылықтарға кездесті.

Себебі ол кезде көптеген элементтерашылмаған еді, кейбір элементтердің қасиеттері, кейбірулерінің атомдық массалары дұрыс анықталмаған еді.Д.И.Менделеевэлементтердің қасиеттерін болжауда кестедегі сол элементті қоршаған төрт элементтің қасиеттерін негізге алып, есептеді.

Мысалы: Ar(Mg) = 24,76

Д.И. Менделеев элементтерді атомдық массасының өсуіне қарай орналастыра отырып, көптеген элементтердің химиялық қасиеттерінің атомдық массасына сәйкес екендігін анықтады.

Д.И.Менделеев өзінің ашқан периодтық заңына көптеген элементтердің атомдық массасы дұрыс емес деді және оларды химиялық қасиеттері бойынша өз орындарына орналастырып теория жүзінде атомдық массасын қайта жөндеді.

Д.И .Менделеевтің ашқан периодтық заңы мен соған негізделе отырып 1869 жылы жасалған периодтық жүйе химиялық элементтердің алғашқы екпінді ғылыми жіктелуі болып саналады.Соның нәтижесінде аз ғана химиялық элементтерін түзілген сан алуан химиялық қосылыстарды бір жүйеге келтіруге және оларды одан ары қарай оқып үйренуге мүмкіндік туды.Периодтық заң химиялық элемент жайындағы барлық білімді қорытындылады,бір жүйеге келтірді.



3.Д.И.Менделеев ашылмаған кейбір элементтерді алдын-ала сипаттады Мысалы,қазір 4-қатарда орналасқан 21-скандий элементі ашылмаған еді.Атомдық массасы бойынша Са-ден кейін осы қатарда титан келеді, бірақ оны кальцийден кейін орналастыру мүмкін емес еді, себебі онда ол ІІІ топта орналасқан болар еді.Ал, титанІVваленттіжәне басқа қасиеттері жағынан да ІІІ топта емес,ІVтопта орналасу керек еді.Сондықтан Д.И. Менделеев бір торкөз тастады,яғни кальций мен титан арасында бос орын қалдырды.Сол сияқты 5-қатарда мырыш пен мышьяк арасында 2 торкөз қалдырды. Ал, қазір ол торкөздерде галлий мен германий орналасқан.Периодтық жүйедегі тағы да басқа қатарларда бос орындар қалдырылды.Ол кезде реттік нөмірі 21,31,32, 43, 61,75,85,87-элементтер белгісіз еді.Д.И.Менделеев периодтық жүйеде бос орындар қалдыраотырып, табиғатта осы орындарды толтыратын элементтер болуы тиіс деген пікір айтты және олардың ашылатынына сенді. Сол ашылуға тиіс болған элементтердің қасиеттерін көрші элементтерге қарай периодтық заңға негіздей отырып, алдын ала сипаттап берді.Мысалы, ол алдын ала скандий, галлий, германий т.б. элементтердің қасиеттерін өте дәл анықтап берді.Д.И.Менделеевтіңқасиеттерін,орнын алдын ала айтып берген элементтері көп өтпей ашылды.

Мысалы 1875 жылы француз химигі Лекон-де Буабодран Д.И.Менделеевтің «Экаалюминий» деп сипаттап берген галлий элементін ашты.1873 жылы швед химигі Нильсон Менделеевтіңалдын ала сипаттап берген 2-элементті –скандийді ашты,оның қасиеті Менделеевтің «экабор» деп аталған элементіне сәйкес келеді. Ал 1886 жылы неміс оқымыстысы Винклер Менделеевтің сипаттаған 3-элементі-германийді ашты

Оқушыларға 24-кестедегі Менделеев сипаттаған «Экасилиций» қасиетін тәжірибе арқылы ашылған германийдің қасиетіне салыстыру ұсынылады.

Д.И.Менделеевтің алдын ала айтқан элементтерінің ашылуы оның айтқандарының соншалықты дәл, таңқаларлықтай екендігін көрсетеді,бұл периодтық заңның маңызын арттырады.

1894-1898 жылдары ағылшын оқымыстылары Рэлей мен Рамзайдың инертті газдарды ашуы периодтық жүйе үшін зор сынақ болды/1894 жылы аргон,1895 жылы гелий,1898 жылы неон, криптон,ксенон ашылған/.Инертті газдардың ашылуы периодтық жүйенің мәнін тереңдете түсті,себебі активті металдар мен бейметалдар арасында инертті газдар орналасты.Инертті газдар ашылған соң периодты заңды бүкіл әлем мойындады.

Д.И.Менделеевтің өзі Вильям Рамзайды периодтық заңды бекітушілердің бірі деп санады. Ол He, Ne, Ar, Kr, Xe-ды ашты, олардың атомдық массасын анықтады,ол сандар периодтықжүйенің талабына сай келді.



4. Периодтық заң ашылмаған элементтерді іздеудегі жол көрсетуші жұлдыз болды және бола бермек.Ғылымның дамуына байланысты ғалымдар химиялық элементтерді жасанды түрде шығара бастады. Периодтық жүйеге сүйене отырып физиктер атомның ішкі құрылысын ашты, атом молекулалар қасиетінің құрылысына тәуелділігі анықталды.

Атом құрылысын оқып үйрену периодтық жүйені терең түсінуге мүмкіндік берді.Элементтің периодтық жүйедегі орны мен атомдарының құрылысы арасында байланыстың болатындығы анықталды.Қазірдің өзінде де периодтық заң және периодтық жүйе химия ғылымының терең сырларын түсінуге мүмкіндік береді.

Д.И.Менделеевтіңғылым алдындағы еңбегін замандастары жоғары бағалады:

«Менделеевтің еңбегіәлі де белгісіз планета-Нептунның орбитасын есептеп шығарған Лаверрье жаңалығымен қаз-қатар қоюға болатын ғылыми ерлік»Ф.Энгельс

«Д.И.Менделеев заңының ашылуы бүкіл құрылысының бірлігі жөніндегі күні бүгінге дейін жеміссіз болып келген ойды нақтылап,негіздеп берді»- А.С Ферсман

1955жылы американ физигі Г.Сиборг ашқан 101-элемент ұлы орыс ғалымының құрметіне «менделевий»Md деп аталды.

Жаңа тақырып бойынша бекіту сұрақтары қойылады.

Үйге тапсырма: Бірнеше оқушыларға Д.И.Менделеевтің өмірі және қызметі туралы баяндамалар даярлау тапсырылады.


Сабақ №12. Конференция сабақ «Д.И.Менделеев - 180 жаста»

Білімділік мақсаты:Оқушыларғаорыстың ұлы ғалымы Д.И. Менделеевтің өмірі және қызметі жайында толықтай және қосымша мәлімет беру. Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін,ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіп шығармашылықтан дамыта білуге баулу. Сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыра отырып, ұқыптылыққа, іскерлікке,ұжымшылдыққа, тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, буклеттер,Д.И.Менделеев туралы кітаптар.

Конференция сабақтыңөтілу барысы:


  1. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар!

8-ақпанда орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев -180 жасқа толды.Осы кемеңгер ғалымның құрметіне орай өткізгелі отырған конференция сабағымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:Элементтердіжүйелеуге әркімдер-ақеңбек еткен.

Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен.

Заманында бар элементті топқа бөліп,

Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен.



1-жүргізуші: Осындай ұлы заңымен әлемге әйгілі болған таланты ғалымға арналған конференция сабағымызғаоқушыларалдын-ала берілген үй тапсырмасы негізінде іздену жұмыстарын жүргізіп, әр оқушы өз жұмысына презентация жасап, өзіндік әзірліктерімен келіп отыр.

2-жүргізуші:(конференцияның күн тәртібімен таныстырды)

Конференция күн тәртібінде:

1. «Д.И.Менделеевтің өмірі және қызметі» - Боранқұлов Е.

2.«Д.И.Менделеевпатриот ғалым және ағартушы» - Дүйсенғали А.

3. «Д.И.Менделеевтіңжан-ұясы»-Шамакова А.

4. «Д.И.Менделеевтің өміріндегі қызықты деректер»- Сакиев Ә.

Әрбір баяндамашыға 10 минуттан уақыт беріледі.

Оқушылар өздерінің әзірлеген жұмыстарын презентацияларарқылы баяндады.

Конференция сабақД.И.Менделеевтің нақыл сөздерімен қортындыланды.



Конференцияматериалдары

Д.И. Менделеевтің өмірі және қызметі

Менделеев Дмитрий Иванович 1834 жылы 8 ақпанда Сибирдің бас қаласы –Тобольск қаласының гимназия директоры Иван Павлович Менделеевтің жан-ұясында дүниеге келген

Әкесі Иван Павлович – философия мен тарих пәндерінен сабақ берген.

Анасы- Мария Дмитриевна- Сибирдегі атақты көпес-Корнильевтар семьясында дүниеге келген.1841жылы Менделеев гимназияға оқуға барады, сол жылы оның әкесі қайтыс болады. Әкесінің қайтыс болуы ұлы ғұламаның балалық шағына қатты әсер етті. Д.И.Менделеевтің балалық шағы декабристтер көтерілісімен тұспа-тұс келді. Менделеевтің әлемге танымал болуына бірден – бір жол салған атасы В. Д. Корнильев болатын. Ол ғалымдар еңбектері мен көркемәдебиетті кітаптарын оқуға, білімге ұмтылуға тәрбиеледі.Д.И. Менделеев гимназияда алдыңғы қатарлы шәкірттер қатарында болды.

1849 жылы гимназияны бітіреді. Гимназияны аяқтағаннан кейін ол Петербургтегі педагогика институтына түсіп, оны алтын медальмен бітіріп шықты (1857 ж.) Институтқа түскен жылдың күзінде анасы дүние салды. Дмитрий анасының 1850 жылы 15-қыркүйекте жазған хатындағы: «Ұлым латынның: өзін-өзі мақтаудан аулақ бол, бос сөзбен әуестенбе, еңбекте табанды бол, шындықты төзімділікпен ізде» - деген өсиетін үнемі есте ұстады.

Менделеев педагогикалық институтты бітіріп, ең әуелі мұғалімдік қызмет атқарды. Сол кезде көптеген болашақ көрнекті химиктер оның оқушысы, шәкірті болды.Д.И.Менделеевалғаш физика мен математикадан, екінші жарты жылдықтан бастап биологиядан сабақ берді. Ол жаратылыстану кабинетін жабдықтау жоспарын жасап, оны ұйымдастыруға көп еңбек етті, сабақтан бос уақыттарында «Меншікті көлемдер» тақырыбындағығылыми жұмысын даярлады. Ол кезде кандидаттық, магистрлік, докторлықғылыми дәрежелер болатын. Дмитрий Иванович кандидаттық диссертациясын институтта жүрген кезде қорғаған еді

1855ж.- Симферополь қаласындағы ер балалар гимназиясының жаратылыстану саласындағы ғылым негіздерінің жетекші мұғалімі қызметін атқарды.

1855-1856ж.ж. - Одесса қаласындағы Ришельевск лицейде жетекші мұғалім қызметін атқарады.

1856 жылдары- Ол «Кремниий қосылыстарының құрлысы»тақырыбындағы диссертациясын жоғары дәрежеде қорғап, осы жетістігі нәтижесінде Петербург қаласында «Силикатты қосылыстардың құрылысы», «Кристалды формалы заттардыңизоморфты байланысы» атты кандидаттық диссертациясыД.И.Менделеевті1856жылы 10 қазанда«химия магистрі» ғылыми дәрежесін алуына негіз болды.

1857 жылы 9 қаңтарда Д.И.МенделеевкеСанкт-Петербург қаласының императорлықуниверситетінің химия кафедрасының доценті атағы берілді.

1857 жылдың басында 23 жасар доцент Д.И.Менделеев Петербург университетінде алғашқы лекцияларын оқи бастады.

1857-1858 жылдары университеттің физика-математика факультеті секретарының міндетін атқарды.

1859 жылдың сәуірінде химия ғылымының магистрі, Петербург университетінің талантты жас ғалымы Д.И.Менделеев ғылымға жетілу үшін шетелге командировкаға жіберілді. Ол көптеген қалаларын аралап, аты шыққан ғалымдардың біразымен танысты, олардың лабораторияларында болып, өзіне қажетті лабораториялық жабдықтар алды. Парижде бір айдай болды.Қайтып оралған соң алдымен Петербург технологиялықинститутында екі жылдан кейін осы қаладағы университеттің профессоры болып сайланып,осы жерде23 жыл бойына жемісті еңбек етті.

1890 жылдың көктемінде университеттегі толқу өте күшейіп студенттер мен полиция арасында қақтығысулар болған кезде Д.И.Менделеев студенттердің тілегін халық ағарту министріне өзі апарып тапсырды, бірақ оған қанағаттанарлық жауап болмағандықтан, Д.И.Менделеев үкіметке наразылықжасап, университеттегіжұмыстытастапкетті.

Университеттен кеткен алғашқы жылдарында Д.И.Менделеевтің өміріндегі аса бір күрделі кезең еді, ол өзіне қолайлы қызмет іздеуге мәжбүр болды.

1891 жылы Д.И.Менделеевті Ф.А.Брокгаузбен А.И.Ефрон шығаратын Энциклопедияның шығаратын редакторлық қызметіне шақырды. Менделеев оның тек химия-технологиялықбөлігін ғана редакциялауға келісім береді.

1892 жылы өлшемдер мен салмақтардың бас палатасына басқарушылық қызметке орналасты.Мұнда да Дмитрий Иванович үлкен творчестволықпен жұмыс істеді. Ол көп жылдар бойы өлшем мен салмақ бас палатасына директор болып, дәл өлшемдер жөніндегі ғылымның дамуына ықпал жасады.Ол он бес жыл бойы осы салада еңбек етіп,өзінің физикадан, жаратылыстанудан терең білімін көрсетіп, метеорологияның дамуына зор ықпал жасады. Сондықтан да метеорологияның кейбір мамандары Д.И.Менделеевті химик емес, метеоролог деп есептеген.

Д.И.Менделеев- ғылымның әр түрлі салаларыбойынша: химиядан, физикадан, метеорологиядан, ауыл шаруашылығынан педагогикадан 400-ден аса еңбек жазды.Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын.

1904 жылы Д.И.Менделеевтің 70 жасқа толуы мүшелі тойын көптеген елдердің академиялары мен университеттері атап өтіп, өз ғылыми қоғамның құрметті мүшелігіне сайлады, ол туралы Дмитрий Ивановичке құттықтаулар жіберілді. Жұмысының көптігіне қарамастан, солардың бәріне де ризашылық білдіріп, жауап қайтарады.

1905 жылғы революциялық қозғалысқа да Дмитрий Иванович өз кезегінде үн қоса білді, 9 қаңтардағы қанды жексенбі оның сай сүйегін сырқыратып кетті. 1906 жылы Д.И.Менделеев өзінің аса үлкен көлемді еңбегі «Россияны тануға» деген кітабын жазумен айналысты. Ол 1907 жылы 20 қаңтар күнімәңгілікке көз жұмды. Д.И.Менделеев Петербугтегі Волхов зиратханасына анасы Мария Дмитриевна мен баласы Владимир қабірінің қасына жерленді. Оның қазасы бүкіл Петербургті дір еткізді, әсіресе достары қатты қайғырды.

Менделеев есіміменаталады:


  • Менделеевскқаласы, Татарияда;

  • Тула және Москва облыстарында – Менделеев ауылы;

  • Солтүстік мұздымұхитта суасты тау қыраты;

  • Белгород қаласында көше, Москвадакөше және станция желісі;

  • Американдық ғалымдар ашқан 101-ші элемент;

  • Менделеев атындағы алтын медаль ғалымдарға 1962 жылдан бастап беріледі;

  • Бүкілодақтықхимиялыққоғам.



Д.И.Менделеев –аса дарынды үлкен энциклопедияшы ғалым.

Д.И.Менделеевөзінің еңбек жолындағы бағытын былай қорытындылады: «Отаныма менің бірінші қызметім - ғылым, екіншісі - ағарту, оқу, үшіншісі - өнеркәсіп».

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағытыжалпы химия, химиялық технология, физика, экономика, ауыл шаруашылығы, метеорология салаларына арналған.

Д.И.Менделеевтің физика, химия саласына қосқан еңбектеріне тоқталатын болсақ:



  • Изомерия құбылысын зерттеді (1854-1856ж.ж.)

  • Сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал – ареометр құрастырды(1859 ж.).

  • Сұйықтардың қайнауының абсолют температурасын (1860 ж.) анықтады, осы еңбегі үшін «Орыс Лавуазьясы» атанды

  • Ерітінділердің гидраттық теориясынұсынды (1865-1887 ж.ж.) бұлеңбек әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ

  • Молекуланың массасын табудың Клапейрон-Менделеевтеңдеулерін шығарып, белгілі Бойль-Мариот заңына түзету енгізді.

Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды.Осы оқулығы үшін Демидов сыйлығына ие болды.«Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодты системасын да жасады.Мәселен, календарь, сағат немесе көбейту таблицасы тәрізді адам қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту таблицасы» химиялық элементтердің периодты системасы болып табылады. Д.И.Менделеев үнемі іздену үстінде көп жылдар бойы қарқынды еңбек еткен ғалым. Осы еңбектерінің ең биік шыңы, оны дүние жүзі ғалымдарының қатарына қосқан әрине, «Периодтық заңды» ашуы болды. Ол заңды 1869 жылы жасады.

Д.И.Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастапең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды.Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды.



  • Периодтық заңдылықтың болашағы бұзылуды емес, толығып, дами түсуді күтеді ( Д.И.Менделеев)

Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын.Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде ғана емес, одан көптеген аса маңызды заттар алудың көзі ретінде де құнды дүние екендігіналғаш тұжырымдаған да болуы керек. Мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын (1877 ж.), көмірді жер астында газға айналдыру идеясын (1880 ж.) ұсынды.

Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өз әуе шарымен көкке ұшты.



  • Олжалғыз өзі 1878 жылы Париж қаласындакөлемі3600 м³ үлкен әуе шарыменкөкке ұшты.

  • Сол жылы 7-шілдеде сутегі толтырылған «Русский» деп аталатын ауа шарымен әуеге көтеріліп күннің тұтылуын зерттеді.

  • Оған ұшу кезіндегі ержүректігі үшін Француз Академиясының аэронавтика қоғамы медаль берді.

Ол Арктиканы игеру ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш кеменің жобасынжасады.Бірақ бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі қолдау таппай қалды.

Менделеев ауыл шаруашылығымен айналысты, сауда ісін зерттеді, түтінсіз дәрі құрамын жасап шығарды.

1888 жылдың күзінде Д.И.Менделеев мемлекеттік тұрмыс министрі М.Н. Островскийдің жолдамасы бойынша Донецкі өлкесіне үлкен саяхат жасап, тас көмірді тасымалдаудағы және өндірудегі қауіпсіздік техникасы туралы және экономикалық мәселелерге байланысты «тас көмірді мемлекеттік меншікке айналдыру қажет» деген ұсыныстар жасап, пікірлер айтты

1889 жылы сентябрьде Д.И.Менделеевті финанс министрлігінің сауда мануфактура Советінің құрметті мүшелігіне сайлады. Ол өндіріс мүдделерін қорғауға көп еңбек сіңірді

Менделеев өмірінің соңғы жылдарында көп еңбектеніп, өзінің бұрынғы кітаптарын өңдеп, қайта жазды, философиялық еңбектер жазумен айналысып, «Өсиетті ойлар», «Эфир туралы» деген еңбектерді жазды. Россияда педагогикалық білім беру туралы естелік кітабымен жұмыс істейді.

Ол өзін кемеңгер деп атағанды ұнатпайтын. «Қайдағы кемеңгерлік дейсің. Өмір бойы еңбектендім, міне соның нәтижесі», - дейтін өз еңбегі жайлы.



  • Менделеевтің ғылыми еңбектері ұшан теңіз – 431 баспа

  • Оның 40 баспа табағы химияға,

  • 109-сы физикалық химияға, 99-ы физикаға,

  • 22-сі географияға,

  • 109-ы–техника, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мәселелеріне,

  • 36-сы экономикалық және қоғамдық мәселелерге,

  • 19-ы - әртүрлі философиялық толғауларға арналған.

  • Дмитрий Иванович Менделеев71 елдіңғылым академиясыныңқұрметті мүшесі болған.

  • Өз заманының үлкен ойшыл ғалымы Д.И. Менделеевғылымға сіңірген теңдесі жоқ зор еңбегі үшін Фарадей, Дэви, Копли атындағы алтын медалдарғаие болды

  • АҚШ-тағыКоннектикутштатындағы Брижпорт қаласындағы университетіндеМенделеев есіміәлемге әйгілі ғалымдарЕвклид, Архимед, Коперник, Галилей, Ньютон, Лавуазье есімдерімен бірге құрмет тақтасына ілінген.



Д.И. Менделеевтің жан-ұясы
«Мен үшін дүниедегі ең қымбат ол-ғылым және балаларым»

Д.И.Менделеев
Д.И.Менделеев- өз балаларын қатты жақсы көріп, қанша жұмыс басты болса да, балаларының тәрбиесіне аса көңіл бөліп отырған.Ғалымның жұмыс үстелінің үстінде балаларының фотосы көрнекті жерде тұратын еді.Ғалымныңүш қызы, үш ер баласы болған.Д.И.Менделеев екі рет үйленген кісі.

Бірінші жары-Феозва Никитична (Лещёва) Д.И.Менделеев сияқты Тобольскіде дүниеге келген. Москвадағы Екатерина институтында оқыған, тіл маманы.Орыс және шет ел әдебиеттерін өте жақсы білген.Өз ортасында зеректігімен, білімділігімен көзге түскен.1862жылы Д.И. Менделеевпен отбасын құрған. Бұл отбасында бір ұл,бір қыз дүниеге келген.

1865жылы үлкен ұлы- Владимир дүниеге келген.

Ол теңіз офицері болып қызмет жасады.Ол басқарған кеме Азияда, Қиыр Шығыста болған. Владимиржүрген жерінде табиғат құбылыстарын фотоға түсіргенді қатты ұнатқан.Өз жолдастарының арасында түрлі табиғат суреттерімен таңқалдырып, үлкен құрметке бөленген.Ол «Азов теңізінің деңгейін Керч бұғазы арқылы көтеру» атты еңбек жазған. Алайда өмірден ерте кеткендіктен, бұл еңбегін әкесіД.И.Менделеев жарыққа шығарған.

1868жылы қызы- Ольга дүниеге келді. Петербургта гимназияны бітірді.Ольга әкесімен бірге саяхатқа шыққанды ұнатқан,әсіресе әкесімен Кавказға барғандағы табиғаттың әсемдігі туралы жазған естіліктерінен байқауға болады. Ол кейіннен «Менделеев және оның жанұясы» атты кітап жазып шығарды.

Екінші жары-Анна Ивановна(Попова)-жоғары білімді,суретші.

Фортепианода жақсы ойнаған.Кейіннен бұл кісінің осы өнерлері балаларының тәрбиесінде олардың эстетикалық талғамының жоғары болуына үлкен септігін тигізді.Бұл некедеекі ұл,екі қыз дүниеге келген.

1882жылы қызы- Любовь Дмитриевна дүниеге келген.Петербургтағыжоғары қыздар курсын бітірген.Ол балет, театр өнерімен айналысып,осыбағыттасабақ беріп,еңбектер жазған.Орыстың атақты ақыны Александр Блоктыңжары.

1883жылы ұлы- Иван Дмитриевич дүниеге келген. Петербургтағы гимназияны алтын медальмен бітіріп,политехникалық институтқа түседі.Институтты бітіргеннен кейін әкесімен жұмыс жасайды.Бос уақытында философиялық ой толғаулар бойынша жұмыс жасап,философиялық бағытта кітаптар жазды.

1886жылы егіз балалары дүниеге келді: ұлы-Василий, қызы-Мария.

Олар егіз болғанмен де бала кездерінде Василий көп ауырып,Марияға қарағанда сабаққа нашарлау болады.Кейіннен Василийдің математика, физика сабақтарыназерек екендігі байқалды.Ол Кронштадтағы Теңіз техникалық училищесін бітіріп,Кубандағы политехникалық институтқа түседі.Ол бала кезінен техникаға әуес болды.Кейіннен ұшқыш аппараттар мен түрлі әскери техниканың конструкцияларын ұсынып,ауыр танкіні ойлап тапты.«Ұшқыш аппараттарының көлеміне байланысты ауада ұшу ерекшеліктері» тақырыбында маңызды еңбектер жазды.

Ал сыңары Мария -білімі жоғары. Ол Петербургта ауылшаруашылық институтын бітіріп, ауылшаруашылық техникумында сабақ береді.

Бос уақытында Ресейде «асыл тұқымды» иттердің көбеюіне және жоғары дәрежелі «кинолог» ретінде иттердің сайысына қатысып,ол иттерді күту жөнінде кеңестер беріп отырды.Марияның басшылығымен ПетербургтеД.И. Менделеевтің музейі ашылды, әкесі туралы еңбектер жазды.

«Еңбекті құлап сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды!» - деді Д.И. Менделеев,сол себепті ол өз балаларын үнемі ізденуге, еңбекқор болуға бағыттап отыратын. Мына суретте өз еңбектерімен шөп шауып келген егіз балалары Василий мен Мария әкесімен бірге.

«Біздің негізгі университетіміз- ол әкеміздің кабинеті мен әртүрлі саладан білім беретін кітапханасы»-дейдіД.И.Менделеевтің баллары.Олар үйден тыс кеткенде үйге асығатын еді.Себебі:Менделеевтің үйі балаларының ақыл-ойының, рухани және эстетикалық дамуына толық мүмкіндігі бар,балалық шаттық сыйлайтын ұя еді.Мына суретте Д.И.Менделеевтің Бобловадағы үйі,қазіргі мезгілде музей ретінде жұмыс жасауда. Міне ұлы ғалымД.И. Менделеевтің жанұясы осындай еді.

Д.И.Менделеев өміріненқызықты деректер

Д.И.Менделеевөзін кемеңгер дегенді ұнатпайтын. «Қайдағы кемеңгерлік дейсің. Өмір бойы еңбектендім, міне соның нәтижесі», - дейтін өз еңбегі жайлы.Кемеңгер ғалым Д.И.Менделеевтің өмірінен қызықтымынадай мәліметтер келтіруге болады:



  • Дмитрий Иванович- Тобольск қаласының директорыныңжанұясында17-і бала болып дүниеге келген.Алайда Дмитрий дүниеге келгенде2-і ағасы, 5-апасы болған, ал өзі кенже бала,әрі анасының сүйіктісі болған.

  • Дмитрий Ивановичтің әкесі- Иван Павлович-1783 жылы дін қызметкеріПавел Максимович Соколовтыңжанұясында дүниеге келген. Ол әзірдегі талап бойынша діни қызметкерлер өз фамилиясын балаларына бере алмаған.Дмитрия Ивановичтің әкесіне көрші помещиктің Менделеев фамилиясы берілген.

  • Дмитрий Иванович Менделеев бос уақытында кітап түптеп,және фотоларға әдемі рамалар мен былғарыдан чемодан жасағанды ұнатқан, әрі бұл жұмысты шебер орындаған.Бірде Менделеевжұмысымен базарда өзіне керек заттарды алып жүргенде сыртынан өзін көрсетіп, сұраған адамның даусын естиді: «Мына құрметті кісі кім болады?» Ол сұраққа атқосшының мынадай жауабын естиді:«Мұндай кісіні біліп жүру керек.Ол чемодан жасау ісініңнағыз шебері –Менделеев мырза».

  • Тағы бір қызық дерек, 1894жылыДмитрий ИвановичМенделеев 40ºС спирттік ішімдіктің құрамын ұсынып, оны ғылыми түрде зерттеп дәлелдеген.Менделеевке дейін Ресейде әртүрлі градустағы ішімдікті пайдаланған.Орыс үкіметі Менделеевтің 40ºС спирттік ішімдігіне «Орыстың ұлттық арағы» деген патент берді.

  • Д.И.Менделеевөз замандастарымен сүйікті сусыны-шай ішіп,шахмат ойнағанды ұнататын еді.Қарақұмық ботқасы мен бұқтырылған күріш, қызыл шараппен және геркулестен жасалған нанды жақсы көреді.

  • Д.И.Менделеев үй жануарларынан ит пен мысықты, тотықұс пен әдемі даусы үшін канарейканы жақсыкөрген.

  • Петр І мен атақты қолбасшы Суворовты Д.И.Менделеев пір тұтқан.Бұл адамдарды өз Отанына адал қызмет еткенпатриоттар деп есептеген.Суворовтың портреті кабинетінде ілулі тұрған.

Ал қазіргі заманғы химиктер Дмитрий ИвановичМенделеевті пір тұтады.Ол кемеңгер ғалым болуымен қатар, өз артына мәңгі өшпес нақыл сөздер қалдырды:

  • Ғылым жоқ жерде қазіргі заманғы өнеркәсіптің болуы мүмкін болмаса, өнеркәсіп жоқ жерде қазіргі заманғы ғылым да бола алмайды.

  • Ғылым - жалпы халық игілігі, олай болса, белгілі бір ақиқатты алғаш рет айтқан адамды ғана емес, оған өзгелерді сендіре білген, сол шындыққа көз жеткізген және оны ғылым игілігіне жаратқан адамды артығырақ құрметтеу керек.

  • Тәжірибе - табиғи құбылыстар мен танымдық қабілеттер арасын байланыстырушы.

  • Өзге ештеңеден табылмас тынысты еңбектен табасыздар!

  • Еңбекті құлап сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды.

  • Жоспарың болмаса, белгілі деректер шытырманында адасу оп-оңай.

  • Адам қоғамдық, мемлекеттік барша мүдделер үшін және бүкіл адамзат үшін неғұрлым пайдалырақ болса, соғұрлым кемелдене түседі.

  • Пәнді ғылыми оқудың негізгі және соңғы екі мақсаты бар, ол ілгеріні болжай білу және пайдаға асыру.

  • Ұстаздың мерейі шәкірттерінде, өзі еккен дәндердің көктеп өсуінде.


Cабақ №26.Сарамандық жұмысүлгісі.

Тақырыбы:«Оксидтерді алу және қасиеттерін зерттеу»

Сабақтың мақсаты:Оксидтердің алу жолдары мен қасиеттері туралы білімдерін қайталау арқылыоқушылардыңлогикалыққортындыжасау,салыстыру,талдау білігіндамыту; Оқушының сабақта қауіпсіздік сақтық ережелерін пайдалана отырып,сарамандық икемдіктерінқалыптастыруға үйрету.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар:Стақандар,сынауықтар,штатив,химиялық реактивтер.

Тапсырма №1.

Оксидтер алу реакция теңдеулерін жазып,мысал келтіріңдер.Қандай оксидтердің алыну түрлерін көрсеткендеріңді түсіндіріңдер.



Тапсырма №2.

Оксидтердің химиялық қасиеттері қандай екенін еске түсіріп,берілген заттарға әсерлік қатынасын «+» және «-»белгісі арқылы кестеге түсіріңдер.



Заттар

Оксид

Су

Қышқыл

Cілті

Негіздік оксид

Қышқылдық оксид

Негіздік оксид
















Қышқылдық оксид
















Екідайлы оксид

















Тапсырма №3.

Сіздерге берілген оксидтерді пайдаланып, олардың қандай заттармен әрекеттесетініне байланысты қажет реакцияларды жасаңдар.Қандай реакцияларды жасайсыңдар,оларға тән белгілерді,дәлелдемелерді кестеге жазып,реакция теңдеулерін келтіріңдер.

(Жұмысты мына кесте бойынша толтырыңдар)




Не істедік?

Не байқадық?

Реакция теңдеулері

Қорытынды



























Қорғауға ұсынылатын шағын жобалардың үлгі тақырыпшалары:

І. Тұздардың тіршіліктегімаңызы және қолдану салалары



  • Астың дәмін тұз келтірер

  • Өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі тұздар

  • Көкөністегі нитраттардың пайдасы мен зияны

  • Кондитерлік өнімдердегі ас содасыныңролі

ІІ.Кейбірбейорганикалық заттардыңтабиғаттакездесуіжәнеайналымы.



  • Табиғаттағыкальцийжәнемагнийқосылыстарыныңмаңызы

  • Азот – тіршілік көзі

  • Гауһар тас неден жасалады?

  • Күкірттің емдік қасиеті

  • Жылыжай газының атмосфераға тигізетін әсері


Мұғалімдерге арналған әдебиеттер

1.Химиядан жүргізілетін факультативтік сабақтар,«Просвещение» 1985ж.

2. А.Мырзабаев«Факультатив сабақтар»Химия мектепте №5,2004 ж.

3. Аханбаев «Химия», «Ана тілі» 1993ж.

4К.Сарманова,М.Жадрина,Б.Дүйсенбаева,К.Мұңайтпасова,Р.Қаржасбаева

«Бейорганикалық химия сабақтары»,«Рауан» 1996ж.

5.К.Жексембина,Н.Нұрахметов, К.Сарманова «Химия» әдістемелік нұсқау,

«Мектеп» 2004ж.

6.Ю.М.Лабий. «Решение задач по химии с помощью уравненийи неравенств»

7.А.Гатаулин «Анорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту»,

«Мектеп»1986ж.

8.А.В.Сторонкин «Летопись жизни и деятельности Д.И.Менделеева»,«Наука»

1986 ж.

9. Н.М.Городова «Сборник тестовых заданий по химий», «Наука» 1998ж.

10.А.А.Тыльдсепп, В.А.Корк «Мы изучаем химию», «Просвещение» 1988ж.

Оқушыларға арналған әдебиеттер

1.А.А.Макареня, Ю.В.Рысев «Д.И.Менделеев», «Просвещение» 1983ж.

2.А. Мырзабаев «Элементтер химия негізі», «Рауан» 1995ж.

3.А. Мырзабаев «Химияның қызығы», «Рауан» 1995ж.

4.С .Жайлауов «Химиялық элементтер әлемінде», «Мектеп»1984 ж.

5. А.А.Тыльдсепп, В.А.Корк «Мы изучаем химию», «Просвещение» 1988ж.



6.Р.Уинстон «Бұл өте оңай», «Алматы - кітап баспасы» 2000ж.

7. А.Мырзабаев, Д.Манатауов «Әйгілі химиктер»,«Мектеп» 1988 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет