Сарматтарға жалпы сипаттама және олардың тарихы


Сарматтардың қоғамдық құрылысы



бет3/5
Дата24.04.2023
өлшемі30,05 Kb.
#175318
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.9.Сарматтар (1)

Сарматтардың қоғамдық құрылысы
-Сарматтарда әлеуметтiк теңсiздiк болғандығын археологиялық ескерткiштер дәлелдейдi.
-Алғашқы қауым кезінде қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен. Ал әскери демократия кезінде қауымның мәселелерін тек әскербасшылары мен қолбасшылар шешкен. Олар қарапайым қауым мүшелерімен санаспаған.
-Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады. Сарматтар қоғамында әскери демократия ерлерге де, әйелдерге де қатысты болды.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
1.Сарматтардың әскери-демократия заманында қауымның ішкі-сыртқы мәселелерін шешетін:
Жауабы: Әскер басылары
2.Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы:
Жауабы: Әскери-демократия
3.Сармат қоғамында әскери-демократия қатысты болды:
Жауабы: ерлер мен әйелдерге
4.Сармат пен сақ қоғамындағы негізгі ұқсастық:
Жауабы: Бір дәуірде өмір сүрді
5.Мәтіндегі қатені табыңыз: «Сақтардың әскери демократиялық қоғамында демократия тек ерлер үшін, оның ішінде де әскери жасаққа жарамды жастағы ерлер үшін болады. Ал дунхулардың әйелдері де жасақ құрамына кірген»:
Жауабы: Сарматтар
6.Сарматтардың әлеуметтік теңсіздік болғандығын дәлелдейтін:
Жауабы: Жерлеу орындары
7.Сараматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығын дәлелдейді:
Жауабы: Археологиялық ескерткіштер

Сарматтардың тұрмысы мен шаруашылығы
- Сарматтар қыс кезiнде қысқа тон киiп, оның белiн қайыс белбеумен буды. Аяқтарына қысқа қонышты етiк киген. Кең шалбарларының балағын етiктiң қонышына салатын болған.
-Сармат әйелдерi де ерлерше киiндi. Алайда олардың киiмдерi әр түрлi моншақтармен безендiрiлдi. Әсемдiк заттардан алтынмен апталған сырға, сақина, алқа, бiлезiктер таққан.
-Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбі жайпақ әрі шұңғыл болып келеді. Қазанды темірден құйып жасаған. Шыны ыдыстарды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Теріден торсық, саба, көнек, местерді жасаған.
-Cарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Қой мен жылқы малдарын көп өсiрген. Қой мен жылқының етiн, сүтiн тамаққа пайдаланса, ал терiсi мен жүнiнен киiм-кешек, киiз жасаған.
-Сарматтар тұрқы қысқа, жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге үйренген жылқылармен бірге алыс жорықтарға мінетін қазанаттарды өсірген. Оларға тек ақсүйектердің, әскербасылардың қолы жеткен.
-Сарматтар түйе мен сиырды да өсiрген. Бiрақ оларды, негiзiнен, күш-көлiкке пайдаланған.
-Шаруашылығында көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыспен қатар отырықшылық та дамыды. Еділ мен Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтарда малшылықпен қатар егіншілік те маңызды орын алған.
-Cармат тайпаларында аңшылық қосымша кәсіп болды. Аңшылық қызықтау, сейіл құру қызметін атқарды. Аң мен құстарды садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып ұстады.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
1. Сарматтардың торсық,саба сияқты ыдыстары жасалған материал:
Жауабы: Тері
2.Сарматтардың шаруашылық қызметінің негізгі түрі:
Жауабы: Көшпелі мал шаруашылығы
3.Сарматтарда көп өсірілген мал түрі:
Жауабы: Жылқы, қой
4.Сарматтар өміріндегі қосымша кәсіп:
Жауабы: Аңшылық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет