Сарматтар мәдениеті -Батыс Қазақстан жеріндегі сарматтардың ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарына жақын орналасқан. Жайық , Елек, Жем өзендерінің бойындағы обалар негізінен топырақтан, тастан немесе тас аралас топырақтан үйілген.
- Батыс Қазақстан савроматтары ескерткiштерiнiң мынадай өзiндiк ерекшелiгiн аңғаруға болады.
Бiрiншiден, обалардың iшкi құрылымы көбiнесе ағаштан жасалған;
Екiншiден, әр пiшiндi қабiрлер көп кездеседi (тiк бұрышты, дөңгелек, сопақ т.б.).
- Батыс Қазақстан аумағынан табылған Бесоба қорымындағы қабірде екі абыз әйел жерленген. Олар шалқасынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған. Қабір ішінен қол айна, алтын сырғалар, моншақтар және қасқыр бейнесі салынған үш аяқты құрбандық тақта табылды.
-Сынтас қорымының бірінші обасында үш савромат жауынгері жерленген. Ортада әскербасы жатыр. Жауынгерлердің жанынан жебенің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар табылды. Сонымен бірге қасқыр мүсіні, киік, таутеке бастары бейнеленген сүйек қасықтар шықты.
-Соңғы сармат кезеңіне жататын Аралтөбе ескерткіші Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылды. Бұл қорымнан үш оба қазылды. Қабірден көсемнің қаруы, абыз асатаяғының бөліктері, әшекейлі бұйымдары табылды.
Аралтөбе қорғанындағы сармат көсемi қазақ жерiнен табылған екiншi алтын адам болып саналады.
Мәйiттi қабiрге басын оңтүстiкке қаратып шалқасынан жатқызған.
Оның жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, қыш құмыра және темiр қылыш пен қанжар қойылған.
Зиратта сарматтар қоғамында қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған адам мен оның әйелi бiрге жерленген.
Көсемнiң киiм кешегi өте бай, асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендiрiлген.
-Атырау облысының оңтүстік-шығысындағы Сарықамыс-Құлсары аралығында саз топырақты төбешіктер табылды.
- Үстіртте зерттелген Бәйте, Терең ескерткіштерінде жерлеу орындарымен қоса, аруақтарға арнап ас беруге және мінажат жасауға арналған ғибадатханалар кездеседі. Ғибадатханаларда құрбандық шалатын тас үстелдер және саны 30-40-қа жететін діңгек тастар орнатылған. Бұл жерден от жағылған орындардың белгісі жиі ұшырасады. Осыған қарағанда дай-массагеттерде отқа табыну рәсімі болған.