Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет113/129
Дата08.02.2022
өлшемі6,48 Mb.
#123287
түріСабақ
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   129
Байланысты:
алгоритм

Нәтижесін бағалау:

  1. Пиелонефритте көбіне лейкоциттер мөлшері артады.

  2. Гломерулонефритте эритроциттер мен цилиндрлердің мөлшері артады.

Қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері:
Лейкоциттер-2,0х106 дейін
Эритроциттер-1,0х106 дейін
Ескерту:
Зәр жаңа жиналған болу керек.
Зәрді Зимницкий әдісі бойынша жинау
Мақсаты:Бүйректің қызметін анықтау: күндізгі, түнгі, тәуліктік диурез, 8 порцияның әр қайсысының мөлшерін және тығыздығын анықтау..
Көрсеткіші: бүйрек аурулары
Кері көрсеткіші: жоқ
Керекті құралдар:

  • 8-10 қағаз жапсырылған таза құрғақ шыны ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.Рұқсат алу.

  2. Пациентке міндетті түрде зәрді тәулік бойы (24 сағат) жинайтынын түсіндіру: әр 3 сағат сайын, оның ішінде түнде де.

  3. Баланың сұйықтықты қабылдау тәртібі, тамақтану тәртібі бұрынғысынан өзгермеу керек.

  4. Таңертең сағат 6-да бала кіші дәретке отырғызылады, және төгіледі.

  5. Сол күннің таңертеңгі сағат 6-дан келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрді 8 банкаға жинайды: зәрге отыру жиілігіне байланысты әр банкаға зәрге отырады немесе бірнеше рет отырады, бірақ тек 3 сағат бойы.

  6. Егер сол уақыт аралығында бала дәретке отырмаса банка бос қалады.

  7. Егер 3 сағат көлемінде банка зәрге толып қалса, нөмірленбеген банка алынады да бала соған зәрге отырады (мейірбике оның сыртына несінші банкаға қосымша екенін жазады).

  8. Келесі күні барлық банкалар зертханаға жіберіледі.

  9. Ерте жастағы балалардан зәр 3 сағат сайын емес, талабына сай жиналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет