Анасына емшек сүтін саууды үйретіңіз
Анасынан мына нәрселерді жасауды сұраңыз:
1. Қолды жақсылап жуыңыз.
2. Ыңғайлы орналасыңыз.
3. Кең ауызы бар ыдысты емшектің емізігі мен ареоласының астына қойыңыз.
4. Бас бармағыңызды емшектің үстыңгі жағына,ал сұқ саусағыңызды емшектің астына қоиыңыз,бұл ретте саусақтың бір-біріне қарама қарсы орналасады (саусақтар кем дегенде емізіктің ұшынан 4см ара қашықтықта болуы тиіс).
5. Емшекті бас бармақ пен сұқ саусақ арқылы бірнеше рет қысып,қайта басыңыз.
6. Егер сүт шықпаса,бас бармақпен сұқ саусақты емізікке жақыынырақ жылжытып,бұрынғыдай емшекті қысып,босатуды жалғастырыңыз.
7. Емшек қысып,босатқаныңызда,саусақтар емізіктен бар ара қашықтықта болуы керек.Емізікті қыспауға және теріні саусақтармен үқаламауға тырысыңыз.
8. Сүт жай тамшылаған дәрежеге дейін бір емшектің сүтін сауыңыз,содан кейін екінші емшектің сүтін сол дәрежеге жеткенше сауыңыз.
9. Кезектестіріп әр жақты 5 не 6 рет сауыңыз,сонымен әр емшектің сүтін саууына 20-30 минут уақыт кетеді
10. Сүт құйылғанын тоқтатып,басындағыдай қайта тамшылай бастағанда,саууды тоқтатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |