Тері астына иньекция жасайтын орындар: иықтың жоғарғы
үштіктің сыртқы орны , жауырын асты, жамбастың беткей,терең орындары,іш бетінің сыртқы жағы..
Бұлшық етке иньекция жасау техникасы
Мақсаты: бұлшықетке дәрілік ерітіндіні, вакцинаны егу.
Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы.
Кері көрсеткіші: дәрілік препаратқа жоғарғы сезімталдық
Әзірлеңіз:
Шприц ті 5,10,20мл
Ұзындығы 5-8см инені
Стерильденген мақта домалақтарын 3тал
Спиртті 70%
Дәрілік затты
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды жылы сумен жуыңыз, құрғатып резіңке қолғап киіңіз
Иньекция салатын орынды 70% спиртпен 2 мақта домалағымен сүртіңіз. Біріншісімен-үлкен алаңды,екіншісімен- иньекция салатын орынды
Дайындалған шпицті оң қолыңызға алыңыз,сұқ саусағынызбен поршеньді,кіші саусағынызбен иненің муфтасын,қалған саусағынызбен цилиндрді ұстаныз.
Сол қолыңызбен иньекция салатын орнының терісін тартыңыз
Инесімен шприцті перпендикуляр бағытта,инені 3-5-7см енгізіңіз. / жасқа байланысты/ муфта алдында 1см қалдырыңыз
Оң қолыңызды шприцтің поршеніне ауыстырыңыз
Поршеньді өзіңізге тартыңыз: қан тамырға түспегенін қадағалаңыз
Дәрілік затты енгізіңіз
Иньекция орнына 3-ші мақта домалағын қойып,иенені суырыңыз
,Мақта домалағын теріден алмай иньекция орнына массаж жасаңыз.
Бұлшық етке иньекция салатын орындар:
Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі
Жамбас бұлшық еті
Іш бұлшық еті
Иық және тізе бұлшық еті
Асқынулары:
инфильтрат
абсцесс
иненің сынуы
жүйке талшықтарының зақымдануы
аллергиялық реакциялар
дәрілік заттардың қате енгізілуі
майлы эмболия
Достарыңызбен бөлісу: |