Қарым-қатынас жасаңыз: Балаңыздың үн дыбыстары мен қызығушылықтарын ілтипатқа
алып, жауап беріңіз. Балаға заттар мен адамдардың аттарын айтыңыз.
12 айдан 2 жасқа
Баланы емізуді жалғастырыңыз:
Балаға отбасылық тамақ тамақты беріңіз, оның ішінде мына тағамдар болуы керек:
-ұсақтап туралған ет(майсыз), бауыр,балық, пісірілген жұмыртқа және бұршақ тұқымдастар;
-әр түрлі көкөністер , көк шөптер, жеміс-жидектер және жаңғақтар;
-сүт және сүт тағамдары(сүзбе,ірімшік,айран)
Әрбір негізгі тамақтандырғанда балаға 300 мл-ден кем емес(1,5 стақан) көлемінде тамақ беріңіз;
Балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз
-отбасылық тамақтан 3 негізгі тағам
-2 қосымша тағам: жемістер, май жағылған нан, айран, ет салған бәліш, қаймақ қосқан сүзбе.
Баланың тамақтануына белсенді түрде көмектесуді жалғастырыңыз;
Ойнаңыз: балаға кіргізіп, қайта шығаруға болатын, бірінің үстіне бірін қоюға ыңғайлы, көлемдері әр түрлі заттар беріңіз;
Достарыңызбен бөлісу: |