Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Дене салмағын өлшеу (2 жасқа дейін)



бет28/130
Дата07.02.2022
өлшемі6,53 Mb.
#84776
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   130
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020

Дене салмағын өлшеу (2 жасқа дейін)


(табақшалы таразымен)
Мақсаты: Баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;
Баланың тамақтануының сайма сайлығын бағалау.
Көрсеткіші: 2 жасқа дейінгі баланың баланың физикалық дамуын бағалау;
Кері көрсеткіші: Баланың халының аса ауыр жағдайы.
Керекті құралдар:

  • Табақшалы таразы;

  • Резеңке қолғап;

  • Дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

  • Қағаз,қалам;

Іс - әрекет алгоритмі:

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру.

  3. Керекті құралдарды дайындау.

  4. Таразының күршегінің жабық тұрғандығын тексеру.

  5. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

  6. Табақшаны дез.ерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

  7. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу.

  8. Таразыны нөлдік көрсеткішке орналастыру.

  9. Күршекті ашып таразыны салмаққа қарсылықпен теңестіру.

  10. Күршекті жауып баланың басын таразының кең жағына қаратып жатқызу.

  11. Күршекті ашып таразының төменгі бөлігіне орналасқан бөлігіне орналасқан килограммдық тасты штанганың төмен түсуіне дейін жылжыту, одан кейін тасты солға қарай бір бөлікке ауыстыру.

  12. Тепе-теңдік орналасқанға шейін үстіңгі штангада орналасқан граммды анықтайтын тасты жайлап жылжытады.

  13. Күршекті жауып баланы таразыдан алу.

  14. Салмақ көрсеткіштерін жазу (тастың сол жағындағы цифрлар алынады).

  15. Таразыдан жөргекті алып тастау.

  16. Таразының табақшасын дез.ерітіндісімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

  17. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

І - жарты жылдығында: m + 800 x n
M – туылғандағы салмағы, n - айы
ІІ – жарты жылдығында:
(800 х 6) + 400(n – 6) n – айы.
6 айлық бала салмақ – 4,800 қосады. Немесе :
1 айында – 600 гр. қосады.
2 айында - 800 гр
3 айында – 750 гр
4 айында – 700 гр
5 айында – 650 гр т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет