Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Баланың таңертеңгілік тазалығын өткізу



бет46/130
Дата07.02.2022
өлшемі6,53 Mb.
#84776
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   130
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020

Баланың таңертеңгілік тазалығын өткізу
Мақсаты: Дене гигиенасын сақтау.Баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру.
Таза жүру әдетін қалыптастыру.
Көрсеткіші: Нәрестенің таңертеңгілік «ұйқыдан оянуы».
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

  4. Жөргектейтін үстелді дез.ерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу.

  5. Баланы шешіндіріп жөргектейтін үстелдің үстіне жатқызу.

  6. Баланың шешкен киімдерін кір киім салатын қапқа салу.

  7. Баланың бетін қайнаған суға салынған мақта тампонымен абайлап сүрту.

  8. қайнаған суға салынған мақта тампонымен баланың көздерін ішінен сыртқа қарай абайлап сүрту (әр көзге жеке мақта тампондары қолданылады).

  9. Сол ережемен көздерін құрғақ мақтамен сүрту.

  10. Мұрын жолдарын өсімдік майына немесе қайнатылған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 1,5см енгізу арқылы тазалау (әр мұрынға жеке мақта қолданылады). Мақтаны мақтаны сағат тілінің бағытымен енгізіп, сол бағытта өзгермей алып шығу керек.

  11. Есту жолдарын өсімдік майына немесе қайнатылған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 1,5-2,0 см енгізу арқылы тазалау (әр есту жолына жеке мақта қолданылады).Баланың құлақтарын аптасына 1 рет немесе қажеттілігіне қарай жүргізу керек.

  12. Баланың иегін абайлап басып аузын ашу және ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру.

  13. Қайнаған сумен кіндік қалдығын өңдеу.

  14. Табиғи қыртыстарын стерильді майға малынған мақта тампонымен өңдеу.

  15. Келесі реттілікті қатаң сақтай отырып өңдеу: құлақ арты-мойын-қолтық асты-тізе асты-тірсектабан-шат-жамбас.

  16. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

  17. Жөргектген үстелдегі жөргекті кір киім салатын қапқа салу.

  18. Жөргектейтін үстелді дез.ерітіндімен сүрту.

  19. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.


Ескерту:

  • Таңертеңгілік тазалықты өткізу алдында баланың нәжісін, дене салмағын және дене температурасын тексеру қажет.

  • Керек жағдайда баланың жыныс мүшелерін ағынды сумен жуып алу қажет.

  • Таңертеңгілік тазалықың жыныс мүшелерін жуу және кіндік қалдығын өңдеу элементтерімен жеке танысыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет