Ауыз қуысын тексеру
Мақсаты: баланың ауыз қуысын тексеру.
Көрсеткіші: баланың шағымдармен келуі.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Әзірлеңіз:
стерильді шпательді
резеңке қолғапты
Іс - әрекет алгоритмі:
Науқасты манипуляция мақсатымен таныстырыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатып резіңке қолғапты киіңіз.
Баланы қараша қарысыңызға отырғызыңыз.
Сол қолыңызбен баланың ұртын басып аузын аштырыңыз.
Шпательмен баланың екі жақ ұртын тексеріп, тілінің түбін басыңыз.
Шпательмен тексеру барысында тістеріне, ұрттың, тілдің, таңдайының, жұтқыншақтың шырышты қабатына көңіл бөліңіз.
Шпательді өңдеуге жіберіңіз.
Ескерту:
қажеттілік болса баланы көмекшіге ұстатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |