Құрысып тырысу синдромы
Құрысулар-дене және аяқ-қолдардың түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшықеттердің жиырылуы.
Фебрильді құрысулар-жоғарғы температура кезінде.
Афебрильді-туылу кезіндегі жарақаттарда, бас миының зақымдануында болады.
Ырғақты құрысулар-көбіне әпилепсия кезінде болады.
Құрысулардың жергілікті және жайылған түрлері бар.
Құрысу синдромының кезеңдері:
Тоникалық- 1. Сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы.
Көз қарашығы бір орында тұрмайды-жоғары және бір жаққа тігіледі.
Басын артқа шалқайту.
Қолдары бүгілген, аяқтары тік жазылған.
Клоникалық
1. Басында бет, одан әрі дене, аяқ-қолдарының бұлшықеттері жиырылады және жылдам жайылады.
2.Тері қабаттары бозарған.
Достарыңызбен бөлісу: |