Мақсаты: тері ішіне дәрілік ерітіндіні, вакцинаны егу.
Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы.
Кері көрсеткіші: дәрілік препаратқа жоғарғы сезімталдық
Әзірлеңіз:
шприцті1мл
қысқа ине 1-1,5см
стерильды столды
мақта домалағын
пинцетті
этил спиртін 70%
дәрілік затты
қолданған заттарды тастауға лотокты
стерильды резіңке қолғапты
Іс-әрекет алгоритмі: науқасқа манипуляцияны түсіндіріңіз.Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
қолды өңдеп,құрғатып,қолғап киіңіз.
шпицке дәрілік заты алыңыз.
иықтың 1/3 бөлігін спиртті мақта домалағымен/жоғарыдан төменге қарай/ өңдеңіз,сол қолыңызбенмен теріні тартып тұрып спирттің кепкенін көріңіз.
дайындалған шприцті қиғаштап оң қолыңызбен ұстаңыз(сұқ саусақ иненің муфтасында,ал қалған саусақтар цилиндрде болады).
шприцты иық алды бетіне параллель бағыттап инені теріге енгізіңіз.
сол қолдың үлкен саусағымен шприцті ұстап басыңыз.
оң қолдың бірінші,екінші саусақтарымен шприцтің ободогін ұстап, бірінші саусақпен поршенді ақырындап итеріп дәрілік затты енгізіңіз.
иньекция орнын мақта домалағымен өңдемей,инені шығарыңыз
қолданған заттарды инструкция бойынша дезинфекция жасаңыз.
Нәтижені бағалау:Дұрыс жасаған иньекциядан кейін орнында лимон сыртына ұқсас папула пайда болады.Ескерту: кей кезде иньекцияны иыққа жасауға болады.