Мақсаты: тері астына дәрілік ерітіндіні, вакцинаны егу.
Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы.
Кері көрсеткіші: дәрілік препаратқа жоғарғы сезімталдық
Әзірлеңіз:
шприцті 1-2мл
инені 3-4см
стерильді мақта домалағын
спиртті
дәрілік затты
Іс -әрекет алгоритмі:
Қолыңызды жуып,құрғатыңыз
Иньекция орнын спиртті мақта домалағымен өңдеңіз
Сол қолыңызбен теріні ұшбұрышынтап жинаңыз
Инені теріге 45 бұрышпен 1-2см енгізіңіз
Шприц поршенін тарту арқылы иненің көк тамырға түспегенін тексеріңіз
Дәрілік ерітіндіні енгізіңіз
Ине орнына спиртті мақта домалағын қойып инені шығарыңыз
Ине енгізген жерге сол мақта домалағымен жеңіл массаж жүргізіңіз