3-ші талап Қосымша тамақтың жасына сай 1реттік мөлшерінің сақталуы.
Емшек еметін балаға:
● 6-7 айда 150мл
● 8-10 айда 180мл/ толмаған стакан
● 11-12 айда 225мл
● 12-2 жасқа дейін 300мл/1,5 стакан
● 2 жаста және одан жоғары 350мл/2 стакан толы
Емшек ембейтін балаға:
● 8-12 айда 225мл
● 12-24 айда 250-300мл беріледі.
4-ші талап: Қосымша тамақтың құнарлық құндылығының талапқа сай болуы.
Құрамында ет, балық , бауыр, көкеністер, жемістер, бұршақ өнімдері болуы керек.
5-ші талап: Бала ағзасының қуатпен қамтамасыз етілуі.
Тамақтың қоюлығы жеткілікті болуы тиіс (салынған қасық баяу батады)
Қоюлығы жеткіліксіз Қоюлығы жеткілікті
Қуатпен қамтамасыз етпейді Қуатпен қамтамасыз етеді
Және оны байыту үшін 1 шай қасық өсімдік майын, сиыр майын, немесе үй қаймағын қосуға болады.
6-шы талап. Қауіпсіздігі.
Қауіпсіздік кепілі - таза қол, таза ыдыс-аяқ, таза су, тамақтың дұрыс сақталуы .
Дені сау баланы және бала ауырған кезде тамақтандыру мен дамыту мақсатындағы күтім жасау бойынша ұсыныстар
6 айға дейін
Бала қанша рет сұраса, сонша рет емізіңіз( күндіз де, түнде де) 24 сағаттың ішінде кемінде 8 рет
Басқа тағам, не сұйықтық бермеңіз:
Бірде-бір су, шай, ешқандай шырындар БЕРМЕҢІЗ;
Бірде-бір жасанды қоспалар, сүт, ешқандай ботқалар БЕРМЕҢІЗ.
Емізіктер және бөтелкелермен қолданбаңыз.
Балада аштық белгілері білінсе: бала қозғалақтап, саусағын сорып немесе ерінін ему қимылдары сияқты жыбырлата бастағанда емізіңіз.
Баланың жылағанын күтпеңіз
Ойнаңыз: Дүниеге келе салысымен баланы көру, есіту, сезу және қозғалу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіңіз
Балаға оған ұмтылуға ыңғайлы, үлкен, қанық түсті заттар беріңіз, сондай-ақ бала оларды анықтап қарау үшін жаңа заттар беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |