Нәтижені бағалау: өткізіліп жатқан әрекеттерден соң 20-30мин кейін дене қызуы.0,2-0,3градусқа түсуі керек
Ескерту: ерте жастағы балаларға аспирин, цефекон ,балауыздар қолдануға болмайды
Судың көмегімен физикалық салқындату алгоритмі Мақсаты: дене қызуын түсіру.
Көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:
Су 20-220С.
Губка
Сағат.
Лоток.
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
20-220С суды 2 лотокқа құйып аламыз
Суға малынған губк ірі қан тамырлары орналасқан жерлерді сүрту: самай, ұйқы артериясының маңы, қолтық асты, тізе асты және шат қыртыстары.