1. Баланы қатты түзу жерге жатқызыңыз. Баланың оң жағына орналасыңыз
2. Қолыңызды баланың төсінің төменгі жағына қойыңыз (семсер тәрізді өсіндінің үстіне емес):
А) Жаңа туған балаға: екі қолыңыздың немесе оң қолыңыздың бас бармағын, қалған саусақтарыңызды баланың арқасына (минутына 100 ден кем емес рет басыңыз)
Б) 1-12 айлық балаға: сұқ және ортаңғы саусақтарыңызды(көлденеңінен)
В)1-7 жастағы балаға: алақаныңыздың проксимальды бөлігін (80-100 рет минутына)
Г)7 жастан жоғарғы балаға: екі қолыңызды айқастырып «көбелек» тәрізді (80-100 рет минутына)
3.Баланың кеудесін басқанда кеудесі басылу керек:
А) Жаңа туған балада-1-1,5 см.
Б) 1-12 айдағы балада-1-2,5 см.
В) 1 жастан жоғары балада-2,5-3,5 см.
4.Баланың кеудесі қалпына келуі үшін босатыңыз.
5.Жүректің сыртқы массажы мен жасанды тыныс алдыру қатар жүргізілгенде дем алдыру және басуды 1:5 қатынасында жүргізіңіз немесе 2:10; 3:15;(минутына 10 цикл)
6.10 циклдан соң реанимациялық іс-әрекеттердің нәтижесін тексеріңіз.
7.Егер іс-әрекет нәтижесі болмаса 30 минуттан соң тоқтатыңыз.
|
1.Реанимациялық іс-әрекеттердің әсерін жоғарылату үшін.
2.Қысым жасайтын аймақты қамтамасыз ету.
3.Кеудені басқандағы қысым төмен болса қан айналымы болмайды, артық болса кеуде сүйектерінің сынуы мүмкін
4.Жүректің жасанды диастоласын қамтамасыз ету.
5.Жүректің соғу және тыныс алудың оптимальды қатынасын қамтамасыз ету.
6.Реанимация нәтижесін бағалау
7.Биологиялық өлім болады.
|