Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы
«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сатаева Айгерім Сатайқызы
«Еркеназ» қыздар ұйымы
Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн. Мақсаты:Мектептегі әрбір қыз баланы, ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие беру. Қыз балаларды тәрбиелеудің маңызы оларды қоршаған өмір, түрлі жынысты адамдар арасындағы өзара қатынас барысында, осы қатынастардың нормалары болып табылады. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл қыз балалардың қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығы, аяушылық білдіруге тән белгілі бір сезімдерді бастан кешіруіне жағдай жасауға байланысты ұйымдастырылуда. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды ұлттық киім үлгісін және шаш өруге, тігін тігуге үйрету ескеріледі. Оқып-үйрену процесінің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, қыз балалар тәрбиесінің табысты болуына төмендегідей қолайлы жағдайларды жасау барысында жағдайлар ескерілмек:
Мектептегі жаймашуақ орта;
Мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан тәрбиеленуші қыздарға құрмет пен сенім;
Әрбір оқушы қыз баланың мүдделеріне көңіл қою;
Айналадағы адамдардың мүдделерін есепке алып, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;
Мәселелерді шешу барысында тәсілдер табу бойынша жеке мысалдарды өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету.
Мектепте қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай әйел идеалын қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару қажет