Жұмыс өзектілігі. Сақтау шартын құрастырудың негізгі заңнамалық қайнар көздері Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және басқа да жекелеген заң актілері болып табылады.
Азаматтық Кодекстің Ерекше бөлімінде сақтау шартын құқықтық реттеуге арналған нормалар бар. Сақтау шарты жөнінде толық және дұрыс мағлұмат беретін материалдарды дипломдық жұмыс барысында ашып, анықтап, саралап, тұжырымдап көрсете келе, оны жасаудағы маңыздылықты, ұқыптылықты, тәртіпті сақтау жөнінде мәлімдемелер сипатталады.
Сонымен қатар сақтау шартының пайда болып, даму сатысындағы жетістіктер, қоғамның өзгеруіне байланысты туындаған ерекшеліктер, нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болған қажеттіліктер туралы ақпараттар жүйесі дипломдық жұмыстың тақырыбына арқау болып отыр.
Субьектілердің санасында шарт жөнінде дәйекті, сапалы, дұрыс ұғымды қалыптастыру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық саласында даму жолдарына дұрыс бағыт сілтеу, нарықтық экономика кезеңінде тараптар арасында кездесіп жататын әр түрлі келеңсіздіктерді болдырмауға, даулардың пайда болуын тежеуге ат салысу – дипломдық жұмысты жазудағы негізгі мақсаттардың бірі болып отыр.
Кез-келген білімді адамның, әсіресе мемлекеттік тілде өзінің азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық кұқығы туралы, соның ішінде- шарттық құқық жөнінде де дұрыс бағыт-бағдары болуы тиіс.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпак тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар кұқықтық, егемендік қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар. Сондықтан бұл жұмыс Қазақ азаматтарына сақтау шарттарының негізгі мәселелерін түсінуге өзіндік көмегін тигізсе, жұмысты жазудағы негізгі мақсат орындалды деп есептеуге болады.
Бұл курстық жұмыстағы көзделген басты мақсат сақтау шарты туралы жалпы ережелерге қатысты сұрақтардың жауаптарын жарыққа шығарып, осы мәселеле жөнінде тың көзқарас, тұжырымдама беру.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
1. Сақтау шартына жалпы сипаттама беріңіз, тұжырымдамаларды, жасасу тәртібін ашу, осы шарттың нысанын, мерзімін, мазмұнын анықтау.
2. Сақтау шартының түрлеріне жалпы сипаттама беріңіз, олардың негізгі мәнін көрсету.
3. Сақтаудың арнайы түрлерінің ерекшеліктерін ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |