II тарау .Интерактивтік оқытудың әдіс-тәсілдері
Миға шабуыл
Жобалау техникасы
Әркім-әркімді оқытады
Аквариум
Имандылық таңдау
Маңыздысын табу
Тізбек
Шығармалауды оқыту
Медиация
Ролдік ойын
Сынып сүрлеуі
Пікір-талас
Ролдік ойын
Ролдік ойын бұл шағын театр қойылымы сияқты, тек оны актерлер ролінде оқушылар ойнайды. Бұны көп ретте импровизациялау деп те атайды. Ролік ойының мақсаты- оқушыларды өздері көз алдына елестете алмайтын жағдайлармен таныстыра отырып, түрлі өмірлік жағдйларды түсінумен қатар, олардың шығудың жолдарын таба білуге үйрету. Ол үшін сіз, алдын ала әр топқа сипатты жағдайларды құрастырып келіңіз.
Оқулықтағы: «Қылмыс ұғымы. Қылмыс үшін жауапкершілік» сабағында рөлдік ойын өткізу үшін оқушыларды бірнеше шағын топқа бөліңіз. Мысалы, әр топқа әр түрлі тапсырма беріңіз. 1-топ «кінә» , 2-топ «теріс қылық», 3-топ «құқық бұзушылық», 4- топ «қылмыс»белгілерін оқушылар ролмен көрсетсін. Бір топ өз ролдік ойынын көрсеткенде басқа топ оның құқық бұзушылықтың қайсысына жататынын анықтасын.Ол үшін сіз, алдын ала әр топқа сипатты жағдайларды құрастырып келіңіз . Топ мүшелері берілген рөлі бәрі немесе 1-2 адам арқылы көрсете ме, оны өздері шешсін.
Жалпы рөлдік ойынды қалай өткізуге болады?
Мұғалім оқушылармен бірге бір жағдайды таңдайды, белгілі бір көріністі жоспарлайды. Оны өткізуді оқушылармен бірге таңдайды.
Ролдік ойынға қатысатын оқушылар санын бірден шешіліп алады. Осы жерде мұғалім ұялшақ, үндемейтін оқушылардың белсенділігін көрсету үшін оларды да рөлдік ойынға қамтиды.
Ролдік ойынды қандай қалыпта өткізуді де шешіп алуға болады. Мүмкін алдын ала оқиғаның тарихын бір оқушы оқып шығады. Оны басқа оқушы көрініс қылып көрсетеді. Басқа бір жолы оқушыларды алдынала шағын топқа бөліп, жағдайларды әр топқа үлестіріп, оны барлық топ мүшелерінің ойнап көрсетуін талап етуге де болады. Мысалы, сот ойынын көрсеткісі келсе, топ мүшелерінің біреуін сот, адвокат (қорғаушы), айыптаушы( прокурор), жәбірленуші т.б қылып рөлді үлестіруге де болады.
Мұғалім рөлдік ойынын дайындығы мен оны көрсетудің уақытын алдын ала айтуы керек. Қажет болса, сынып ішіндегі парталар мен орындықтардың да орнын ауыстыру болады.
Рөлдік ойын өткізіп жатқан уақытта ойын тым шиеленісіп кетсе, мұғалім оны дереу тоқтатып, жалпы оқушылармен талдау жүргізуге де болады.
Рөлдік көрініс көрсетіліп біткеннен кейін міндетті түрде мұғалім оқушыларға ең алдымен олардың өз ролдерінен шығуларын қайта –қайта ескертіп барып, жалпы талдау жасау керек. Бұнда мұғалім әр оқушының белсенділігі мен қабілетін, туындаған жағдайдан шыға білетін жолды дұрыс таңдай алғанына қатты назар аудару керек. Бұнда мұғалім әр оқушының белсенділігі мен қабілетін, туындаған жағдайдан шыға білетін жолды дұрыс таңдай алғанына қатты назар аудару керек. Әр ролдік ойында үйренетін, сабақ алатын тұстары болды, соны оқушыларға айту керек.
Рөлдік ойында әр персонаждың дұрыс немесе дұрыс емес орындалғанын баса айтып көрсетудің қажеті жоқ, бұнда оқушының туындаған жағдайдан қалай шықты, оны басқалары қалай түсінді сол керек. Соңында барлық оқушылардың ортақ шешімге «консенсус» келуін мақсат ету керек. Мұғалім үшін әрқашанда оқушылармен ролдік ойындар өткізгенде олардың намысына тиетін, материалдық жағдайларына қатысты, ұлтаралық араздық пен алауыздық тудыратын жағдайларды қарастырмау керек.
Ой талқы
Ой талқы әдісі белгілі бір жағдайды шешудің жолын табуда қиыншылық тудырған сәтте қолданылады. Қысқа уақыттың ішінде бірнеше идеяларды жазуға болады. Мысалы:
Екі оқушы арасында кикілжіңді шешу
Қосымша сабақтар қажет пе жоқ па?
Жаңа материалды оқуға көшу үшін бастапқы білім керек пе?
Аяқталмаған әңгімені аяқтау үшін қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |