Сатыбалдиев Дидар Қайратұлы Тақырыбы: XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы



бет13/22
Дата31.01.2022
өлшемі110,46 Kb.
#116526
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Дидар дип работа

Бұны қалай өткізуге болады?

  1. Мұғалім тақырып таңдайды, ол тақырыптың түрлі жауаптары болуы мүмкін. Соны оқушылардан сұрап, көрінетін жерге жазу қажет. Мысалы, құқықтық сауатсыздықты жою үшін мыналар қажат...

Мұғалім сыныпта айтылған барлық ойларды жазу керек. Айтылған ойды түзету мен сынауға болмайды. Мақсатымыз-барлық оқушыны сөйлету. Оқушы ойы –еркін шығармашылық ойлау болуы тиіс.

Ой талқыны барлық ойдар айтылып, ұсыныс болғаннан кейін аяқтау қажет.

Оқулықтағы барлық сабақтар тақырыбына ой талқы өткізуге болады. Дегенмен бір мысал : ол «қазақ тіліндегі келеңсіздіктерді ата»

Орысша араластырып сөйлеу

Акцентпен сөйлеу

Қатыссыз қыстырма сөздерді көп қолдану

Жүйесіздік

Ойдың тиянақсыздығы

Қос сөздерді орынсыз қолдану

Кібіртіктеу

Ынтығу

Тұтығу


Толық емес сөйлеу т.б

«Қазақ тіліндегі келеңсіздіктерді жоюдың тәсілдері қандай?» деген тақырыпта ой талқы өткізуге болады.



Диспут

Диспут оқушылардың өз ойларын ретімен айту, түзету, сонымен бірге басқа диспутқа қатысушыларды назар қойып тыңдағанға үйретеді. Сонымен бірге сөйлеу мәдениеті ережелерін сақтау мен басқаларға шыдамдылық (толеранттылық) тануға да ықпал етеді. Диспут барысында жаңа идеялар мен түрлі нәтижелер туындауы мүмкін. Оқулықтағы «Мораль мен құқық» тақырыбында оқушыларға «Өмірде мораль жоғары болуы керек пе, әлде құқық па?»деген тақырыпта диспут ұйымдастыруға болады. Диспут қалай өтілуі тиіс?



  • Мұғалім бірнеше жауабы бар тақырыпты таңдап, сыныпқа жариялайды. Сол тақырыпта қажетті материалды алдын ала беріп қоюға болады. Материалда дәлелдер мен дәйектер болуы тиіс.

Оқушыларды қарама-қарсы пікір ұстанатын топқа бөлу керек.

Ең алдымен диспутты бастамас бұрын өз топтарыңда айтылатын ой мен оның шешімдерін ойластырып алған жөн. Егер консенсусқа келе алмаса ерекше пікір ұстануға болады.

Оқушылар бірін-бірі белсенді тыңдауы тиіс.Сөйлеп тұрған оқушының жеке басына қатысты сындар айтылмауы тиіс. Әр айтылған ойдың жақсы жақтарын баса айтуы керек.

Диспуттан соң кім нені түсінеді, қандай ойға келді, мадақтауға тұрарлық қандай пікірлер айтылды, соны қортындылау керек.

Әр оқушыдан «диспутты жақсарту үшін не қажет деп ойлайсың»деп сұрау керек.

Диспуттан соң шығармашылық еркін тест алып, бағалауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет