Жұппен және шағын топпен жұмыс
Оқушылардың шағын топқа бөліп жұмыс істеу олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудырмау қатар, басқа адам ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді.
Жұппен шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді. Оқулықтағы «Моральдың негізгі сынаттары» атты сабақта оқушыларды ең алдымен жұпқа бөліп, олардың мораль санаттарының қандай түрлерін білетінін сұраңыз. Сосын олардың ортақ ойларын білгеннен кейін , оларды 4-5 шағын топқа бөліп, санаттар тақырыбын үлестіріңіз. 1-топ «ар», 2-топ «намыс», 3-топ «эгоизм» 4-топ «альтуризм». Оқушылар әр топқа осы санаттарға негізгі сипаттама берсін. Сосын осы санаттар араластырып жазылған жағдайларды беріңіз, одан әр топ оны қай санатқа жататынын тапсын. Дұрыс тапқан топ пен оның мүшелерін бағалаңыз.
Жұппен және шағын топпен жұмысты қалай өткізуге болады.?
Оқушыларды жыныстарына қарай араластырып бөліңіз. Оларды жыл мезгілдері ( қыс, көктем, жаз, күз), апта күндері (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма), түске қарай (қызыл, сары, көк, жасыл, ақ), жеміс атаулары(алма, алмұрт, шие, шабдал, өрік), т.б. бойынша бөлуге болады.
Егер сынып ішінде парталар мен орындықтарды қозғауға келмесе, шағын топқа бөлінген оқушыларды бір-біріне бетпе-бет қарап отыруын сұраңыз.
Әр топ ішіндегі оқушылар өздері уақытты бақылап отыратын , шағын топ жұмысының тұсау кесерін айтатын оқушыны өздері таңдасын. әр топ мүшелерінің өз міндеттерін ортақ бөліп алған жөн.
Шағын топқа берілетін тапсырма немесе жаттығуды нақты, қысқа және анық беру керек. Бірнеше рет өзгерту түсініксіздікке әкеледі.
Шағын топ жұмыс істеп жатқанда мұғалім сыныптың артқы жағында кедергі жасамайтын жерде тұруы қажет. Топ жұмысын өз қалауы бойынша уақытынан тыс тоқтатуға болмайды. Топ жұмысын сырттан бақылап, олардың белсенділігін арттыратын және сергітетін нәрселерді мұғалімнің айтуына болады.
Шағын топ жұмысы бағалануы тиіс. Оқушыларды сөйлетіп ол үшін қандай нәрсе маңызды болғанын сұраған жөн.
«Тарихи шынжыр »ойын тізбегі. Бұл тәсіл кез-келген сыныпта тарих пәнінде қолдануға қолайлы. Оның мазмұны бойынша белгілі бір тарихи деректі, яғни белгілі бір мәлімет беретін мәлімет беретін сөйлемді үш немесе төрт оқушы кезектесіп, біреуі әуел басын, екінші орта тұсын, үшінші аяқ жағын айтып, тұтас бір ойынды тізбекті құрайды.
«Жас деректанушы» тағылымдық ойыны. Өтіліп жатқан тарихи дәуі бойынша сол кезеңдегі саяси оқиғаларды жазушы жылнамашылар атынан кез-келген тарих пәнін сүйетін оқушы мәлімет жазып,оларды өз көзқарасы шеңберінде жеткізеді, өзінше сипат береді. Деректанушы болып отырған оқушы нақты фактілерге айқын сипаттама беруге үйренеді.
«Проблемалық полеймика» ой талқысы. Оның мәні өтілетін материалдағы болып кеткен тарихи оқиға. Түрлі формалардың, саяси тұлғалардың жеке басы , іс әрекеттеріне оң (+) және теріс(-) дәрежедегі бағалар беруі оқушыларға кез-келген мағұлматтарды объективті түрде баға беруге үйретеді.
Тестік конкурс. Оқушылардың әрбір өтілген тақырып бойынша ой елегінен өткізіп жинақтап жүрген материалдарды тест сұрағы формасында көрсету. Осы бойынша әрбір оқушы өзінің қасындағы әріптесімен тест сұрақтарын жасырып қою арқылы бірінің білмеген мәліметін екінші толықтырып, оқушылардың ақпарат алмасымдық дәрежесі жоғырылады.
«XXI ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық шоуды ұйымдастыру тәсілі көбінесе өтілген материалдарға шолу жасау, қорытынды сабақтарға, жинақтау сабақтарына пайдалануға өте ыңғайлы. Өтілген сабақ тақырыптарын жинақтау кезінде оқушылардың арасынан тілек білдіруші немесе ең білімді деген оқушылар шығып, әрқайсысы жеке –жеке жалпы шолудың турлары бойынша сайысқа түсіп, ең көп сауаттылық, жігерлік, біліми белсенділігін танытып жеңіске жеткен дарынды оқушы жеңімпаз болып танылады. Бұл сайыстың тигізер тиімділігі –оқушыларды лидерлік қасиеттерге тәрбиелеу әрі танымдылық қабылетін арттыру.
Тарихи сахыналық қойылымдар. Әсіресе Қазақстан тарихы пәні сабақтарында жинақтау сабақ ретінде бұл тәсілді қолдану оқушылардың сол болып жатқан оқиғалар тізбегіне, реформалар кезеңіне тереңірек енуіне, мүмкіндігінше көбірек сезінуіне ықпал етеді. Жекелеген оқушыларды белгілі бір сценарий бойынша дайындалған рөлдерге оқушыларды орнымен қойып ойнату, балалардың дүние танымдық көзқарастарын қалыптастыру, бейнелік ойлау шеңберін , шешендік сөйлеу стильдерін қалыптастыруға көп септігін тигізеді.
Миға шабуыл дегеніміз – шешім табу жолы қатысушылардың өз ойларын еркін білдіру арқылы жүзеге асаырылатын ұжымдық талқылаудың тиімдік әдісі.
Бұл әдіс белгілі бір мәлеле жөніндегі идеяларды топтап жинастыру. жеке бастың өсу техникасы жанрындағы ең маңызды тәсілдердің бірі болып табылады. Өзінің ережелерін сақтау арқылы саналы түрде қолданылатын миға шабуыл – шығармашылық қалыпты ойлауды дамытудың жолы. Бұл әдістің қағидасы қарапайым ғана, бір топ оқушылардың алдына мәселе қоясыз. Сөйтіп барлық қатысушылардың бұл мәселені шешу жөніндегі өз ойларын айтуды сұрайсыз. Бұл кезеңде шабуылдауды басқа қатысушыларының идеялары туралы өз пікірін білдіруге немесе оларды бағалауға ешкімің қақысы жоқ.
Тәжірибенің өзі көрсетіп тұрғанындай, миға шабуыл арқылы небір бірнеше минут ішінде оншақты идеяға қол жеткізуге болады. Идеяның саны басты мақсат емес. Ол мейлінше саналы шешімді жасауға түрткі болуға тиіс. Бұл әдіске ешкімнің қысымынсыз келушілердің бәрін қатыстыруға болады.
Бұл әдістің ережелері мыналар:
-ұсынылған идеялар бағаланып, талқыланбайды.
-жұмыс сапаға емес, санға бағытталады.
-идея неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.
-кез-келген идеяны мүмкіндігінше кеңейтуге, дамытуға тырысу керек.
-шектен шыққан ақылсыз идеяларда қабылданады.
-негізгі сөздерді немесе сөз тіркестерін қысқартып болса да, барлық идеялар жазылады.
-шабуылдың уақыты белгіленіп, өзгеріссіз қалады.
Әдістің мақсаты, тұйыққа тірелген жағдайда да шешім табуға, мәлелені көруді кеңейтуге, қатып қалған ойлау жүйесін өзгертуге мүмкіндік береді. Ол бәсекелестік ахуалынан ынтымақтастық көңіл – күйіне ауысуға ықпал етеді. Топты немесе сыныпты топтастыру қарапайым тәсіл екенін білдіреді.
Тәсілдің тиімділігі – басқа идеялармен жарыспалы түрде көптеген ұсыныстардың туындауына. Шабуыл барысында болып жатқан жағдайлардың ешқайсысы сыналмауы тиіс. Әдіс біткеннен кейін шолу мен талдау жасалып, олармен қатар артынан жұмыстар жасау үшін мейлінше құнды ұсыныстар таңдап алынады. Талдау барысында ұсыныстардың пайдалы тұстарына назар аударудың үлкен маңызы бар. Идея жүзеге аспаса да ол жаңа шығармашылық шешімдерге түрткі болуға тиіс.
Пікірсайыс оны өткізудің тәсілі. Мұғалім пікірсайыс тақырыбын таңдайды да, қатысушыларды шақырады. Миға шабуыл әдісі арқылы мәселе қойылып, оның ережелерін түсіндіреді. Мақсаты – мәселені шешудің неғұрлым нұсқаларын ұсыну. Туындаған идеяларды барлығын жазып отыратын хатшы керек. Талқылау барысында сөйлеу тәртібін белгілсеңіз жақсы болады. Пікірсайысқа барлық қатысып отырған оқушыларды араластырыңыз.
Пікір сайыс әдісі арқылы құқық сабақтарын өткізгенде оны бірнеше кезеңге бөлген дұрыс. Арасында үзіліс жариялап барып екінші кезеңге өтіп отырған жөн. Бұл әдіс оқушыларға күрделі шешімдер қабылдаудың, қарама-қайшы мәліметтерді қайта қорытудың тетігін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Ол мұғалімге оқушылардың базалық білім деңгейін және дарындық мөлшерін еркін нысанда дәл бағалауға көмектеседі.
Пікірталастарды өткізу оқушылардың оқытудың, өз ұстанымдарын айқын да қисынды дәлелдеудің, өзін қолдайтын сенімді айғақтар мен дәлелдер табудың тиімді құралы. Олар сондай-ақ, өз қабілеттеріне сенім сезімін, қоғамдық пікірге әсер ету немесе саясатты өзгерту сенімін дамытады.
Даулы мәселерді оқыту.
Бұл әдіс айқын даулы мәлелелер мен ұстанымдырды мейлінше алшақ мәселелерді шешуді пайдаланады. Қаралатын мәселделерді бір-біріне қарама-қарсы негізделген қөзқарастар иелері сөйлеуі мүмкін.
Мысалы, адамдардың бәрі тең құқықа ие бола алады, егер конституцияға түетулер енгізілсе...
Білім сапалы бола алады, егер ол мектептерде ақылы болса ғана... т.б.
Әдістің мақсаты – даулы мәселеде алшақ ұстанымдарды қарастыру арқылы оқушыларға баламалы ұстанымдарды ұстану мен оларды қорғауға үйрету. Ұстанымдарды қорғауға үйрену мен басқалардың пікірлерін тыңдай білуге жаттықтырады.
Ойға саяхат әдісі.
Бұл әдіс өмірге заңның аралысуының әр түрлі жолдарын, оқушыларға олардың өмірінде кездесетін көптеген ережелерді, олармен танысудың маңызын көрсетеді.
Әдістің мақсаты – занның күделікті өмірге жеген ықпалын сезіну мен қоғамдық мінез-құлықты бағалауға ғана емес, сондай-ақ азаматтарды реттеп және қорғап отыру үшін жасалғанын сезіну.
Осы әдіс арқылы оқушылардың, әсіресе құқықтын кіріспе сабақтарда бір күнгі істеген әрекеттерін құқықпен байланыстыра отырып, олардың білімін күделікті заңмен қарастыру.
Оқушының іс-әрекеті ... Құқық немесе заңмен байланысты...
Парламенттік тыңдаулар.
Заң шығару мәселелерін оқушылармен қарпайым түрде олса да құқық сабақтарында өткізу. Мұндай тыңдаулар заң шығарушылардың рөлі мен міндеттерін, жауапкершілігін терең сезіну мен түсінуге көмектеседі. Сондай –ақ оқушылар идеяларды анықтау мен түзетуге, талқылау тақырыбына байланысты мүдделер мен құндылықтарды айқындауға дағдыландырады.
Жеңілдетілген сот талқылау.
Мұндай рөлдік ойын оқушыларға қатысушылардың мейлінше аз болуына және тәртібінің қарпайым болуына мүмкіндік береді. Мұндай ойынның барысында оқушылар сот шешімдерінің қалай қабылданатындығын туралы жеңіл үсінік ала алады. Мұда сот ісіне бүкіл сыныптың қатысуына мүмкіндігі бар.
Сыншыл ойлау.
Ойлауды оқушыларға құқық сабақтарында үйретудің маңызы зор. Өйткені сол пән әлеуметті білім берудің негізіне жатады. Пәннің өзі оқушыларға сыншыл ойлауды және жеке адамның сондай-ақ тұтас қоғамның мәселелерін бағалауды үйренуге көмектеседі. Сыншыл ойлау әсіресе, даулы мәселелерін бағалауды үйренуге көмектеседі. Сыншыл ойлау әсіресе, даулы мәселелерді өз жас дәрежесіне сәйкес тереңірек зеріттеуге шкалада белгілеуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың өз ойларын білдіру.
Өз ойын ашып көрсетеді.
Оқушылардың ойларының дәлелдемелерін тексеру.
Басқа көзқарастарды қарау.
Өз қөзқарасын дәне басқалардың қөзқарастарын талдау.
Нақты мәселелерді шешу.
Сыншыл ойлауды осындай бөлімді ережелер арқылы дамытса, нәтижеге жетуге болады.
Пікірлер шкаласы. Бұ стратегия оқушыларға үйренуші мәселе бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Оқушыларға бұл оңай емес. Белгілі бір сұраққа жауап беруге не белгілі бір пікірге қатынасын білдіруге, не берілген бланктердегі сәйкес жауаптарды айландырып сызуға, не сөздерді салған шкалада белгілеуге мүмкіндік беріледі. Ережеге сай пікірлердің шкаласы беріледі: толығымен келісемін, негізінен келісемін, сенімсізбін, келіспеймін, мүлдем келіспеймін.
Бұл әдіс оқушыларды құндылықтарды талқылау мен көзқарастары туралы түсінік береді. Сонымен бірге ақпарат алынған кейінгі олардың өзгерісіне бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Жобалау техникасы.
Бұл техника оқушыларға аяқталмай қалған ынталандырудың әсер етуімен Өздерінің қөзқарастарын және-қатынастарын белгілі бір құбылысқа жобалауға мүмкіндік береді. Мысалы, олардан аяқталмай қалған сөйлемдерді аяқтауды сұрау, олар мынандай болуы мүмкін:
...Егер мен Президент болсам...
...мен осы мектептегі мынандай ережелерді өзгертер едім...т.б.
Кіші топтардағы жұмыс.
Құқықтық оқытудағы басты өзгеше ерекшелік – оқушылардың белсенділігіне көңіл аудару. кіші топтарда жұмыс істеу – ынтымақтастыққа тәәрбиелейді. сонымен бірге оқушылардың сабаққа қатысуы мен бастапқы рөлдерде ойнауға, бір-біріне үйренуге, әр түрлі көзқарастарды бағалауға үлкен мүмкіндік береді.
Шырмалауды оқып-үйрену.
Құқықтық білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқушылардан қиын мәселелерді талдау және қалыптасқан дұрыс қорытындыны өдерінің жасауын талап етеді. Мысалы, оған соттардың жазбаша қорытындылары, әр түрлі даулы мәселелер, өмірде болған жағдайлар, газет, журнал, кітаптардан алынған жағдайлар болуы мүмкін.
Оны өткізудің ережелері мынандай:
1. Айғақтарды баяндау.
2. Берілген шырмалаудағы қойылған мәселені дәл таба білу.
3. Даулы мәселені шешудегі болуы мүмкін дәлелдер мен сілтемелерді бағыттарға бөлу.
4. Шешім қабылдау.
5. Шешім шығарудың себебін түсіндіру.
Қоғамдық ресурстарды пайдалану.
Құқықтық білімнің көптеген көздері бар. Оны пайдаланудың екі түрі бар. Біріншісі қызықты адамдарды сабаққа шақыру немесе сыныптың қызықты жерлеріне баруы.
бұл тәрірибие және қосымша көздерді пайдалану оқушыларға кітаптардан таба алмайтын өте бай мағлұматтармен және материалдармен қамтамасыз етеді. оқушылар шынайы көріністерді көре алады және құқықтық жүйенің білімдерін бірінші қолдардан ала алады. Мұндай ресурстарды пайдалану, оқушыларға құқық өрісінде кәсіби бейімделуді үйретеді, олардың түсінігін және мүмкіндігін кеңейтеді. Оқу бағдарламасының мақсатына жетудің түрткісі бола алады.
Ол үшін:
керекті адамдарды таңдай білу.
Сөз сөйлеші мен сөз тыңдаушы аудиторияны даярлау.
Сабақты өткізуді дұрыс жоспарлау.
Талқылау.
Ал сыныпты басқа қызықты жерлерге апару үшін, ең алдымен:
Баратын жерлерді таңдау.
Баруды жоспарлау.
Фотосуреттерді, суреттерді, әлеуметтік және саяси, заң тақырабындағы келемеждеулерді пайдалану – құқықтық мәселелерді қарау жұмысына оқушыларды тартудың жақсы тәсілі. Оларды газеттерден, журналдардан, оқулықтардын және басқа да көздерден табуға болады.
Оның міндеті – фотосуреттер мен келемеждеулерді пайдалану пәнге қызығушылықты арттыру үшін, оқуды жылдамдату үшін, сыншыл ойлауды дамыту және құндылықтардың басын ашып алу үшін пайдалануы мүмкін.
-Бейне суреттерді талдау
-Бейне суреттердің идеяларын пайдалану
-Бейне суретті бағалау.
Аудиовизуальды мәліметтер.
Бұл құқық сабақтарында қолданылуы мүмкін фильмдер, видеоөнімдер, аудио-видео таспалар. Әдетте, бұл мәліметтер келесі мақсаттарға бағытталуы мүмкін: біріншіден, олар ең қжетті мағлұматтар мен идеяларды ұсынудың тиімді де ең оңай құралы. Екіншіден, мәліметтерді қолдану оқушыларда байқағыштықтың және талдау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Үшіншіден, бұл мәліметтер, оқушыларға өз пікірлерін тұжырымдауға және анықтауға көмектеседі. Ақырында, тап осы білім саласында оқушылардың мотивациясы мен мүдделерін ынталандыру үшін де пайдалы
Сонымен интерактиві оқыту мен жаңаша оқытудың айырмашылығын қарастырайық. Дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды рөл атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмалай айтып беру маңызды болады. Мұғалім білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертті.
Интерактивті оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен бірдей пікір таласқа түседі. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстанады. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, ал білімді ол әр түрлі жерден табуы мүмкін, шешімдері де әр оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект екеуі де бірлік одақта қызмет істейді. Жаңаша оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда күрделі, бірақ тиімді үрдіс.
Мен де өз іс- тәжірибемде оқытудың жаңа үлгілерін пайдаланамын. Олар: интерактивті әдістер мен «сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясының кейбір әдістері: «Көрнекілік», «Ой қозғау», «Оқушыларды жетектейтін карта», «Тірек кестесі», «Венн диаграммасы», «Блумның сұрақ қою өлшемі», «Білгеніміз, білгіміз келетіні, үйренгеніміз » т.б.
Бұл әдістер жаңаша оқытудың міндеттерін шешу құралы болып табылады. Оқушы төмендегідей іскерлік пен дағдыны қалыптастырады. Атап айтқанда ол бұрынғы меңгергенді пайдалана қарайды. Әдепті, батыл сөйлеу, мәселелерді анықтай алу, топтың жалпы шешіміне үлес қосу, өз ойын тұжырымдауға, үйренгендеріне жауапты қарауға, топтастардың ой-пікірін құрметтеуге, тыңдауға, салыстыра зерттеуге үйретеді.
Мұғалім еңбегі қалай дегенмен де шығармашылық еңбек. Ол Әр мұғалімнің үздіксіз ізденуіді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.
Әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып, оны оқушылар зерікпейтіндей өткізу-әр ұстаздың міндеті. Оқушының сол уақытта пәнге деген қызығушылығы туады.
Тарих ғылым мен пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады.
Солардың бірі білім саласында оқушыларға осы заманғы сай білім жүйесі, білім әдістерімен сабақ беру. Яғни бұл орта мектептерде тарих пәнінен сабақ беруде интерактивті оқыту тәсілдерін қолданудың тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық формасын тарих сабақтарында қолданып оқыту оқушыларды сол өтіліп жатқан материалдарға заман кезеңіне тереңірек үңілуге, сол кез лебін сезінуге, белсенді лидерлік етуге итермелейді.
Оқытудың ойындық формасына кіретін әдістерге –ролдік ойындар, конкурстар, жарыстар, тренингтер, интелектуалдық шолулар, брейн-ринг т.б. іс-шаралар өз кезіндегі оқушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи шынжыр», «Саяхат», «Жас деректанушы», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Проблемалық полемика», «Тестік конкурс», «Тарихи саналық қойылымдар», т.б.
Жаңа технологияны меңгерту мұғалімнің инттелектуалдық, кәсіптік , адамгершілік, рухани, азаматтық, және басқа дакөптеген адами кабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу –тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |