Сауалнама 5-8 сыныптарға Сіз және сіздің айналаңыздағылар. Мақсаты



Дата22.09.2022
өлшемі16,28 Kb.
#150401

Сауалнама 5-8 сыныптарға


Сіз және сіздің айналаңыздағылар.


Мақсаты:
Сіздің басқалармен тіл табысуыңызды бағалау.
Орындау ережесі: Өзгелер сізбен достсқысы келеді ме,жоқ болмаса сізден қашқақтап жүреді ме? Сіз басқалардың көңілін табуға мән бермей жүрген шығарсыз?
Осы сұрақтарға жауап беруге ұсынылып отырған тест көмектеседі. Сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз да “ а” немесе “ б” әріптерімен белгіленген жауаптардың біреуін таңдап алыңыз.
Тапсырмалар:
1.Сіз қонаққа барғанда неге көбірек көңіл бөлесіз?
А. Ыңғайлы киінуге
Б. Жағдайға қарай киінуге
2. сіз досыңыздың құмарлығын қолдамайтын болсаңыз оның сұрағына:
а. Шыныңызды айтасыз
б.бүктірмелеп айтасыз
3. Бір уақытта екі кездесуге баратындай жағдай болып қалса, қайсысына барасыз ба?
А. Бұрын айтылған кездесуге.
Б. өзіңізге ұнайтын адаммен кездесуге
4. Сіздің досыңыздың отбасындағы орын алған түсінбеушілік бойынша кеңес беру керек болса:
А. Бас тартасыз.
Б. . Сіздің ойыңызша кімдікі дұрыс екенін ашық айтасыз
5. Танысыңыз сіздің балаларға арналған телебағдарламадеп бағалайтын көрсетілім туралы үлкен қызығушылықпен пікірін айтқанда сіз оған:
А. Мен оны көрген жоқпын, көру керек екен.
Б бір рет көрген едім, бірақ ол маған ол ұнамады.
6. Танысыңыз” Жаңа машинаны өте қымбат алдым ау” – деген ойымен бөліссе, сіз шынында ол артық төледі деп есептеңіз.
А. Турасын айтасыз
Б. Жаңа машинасымен құттықтайсыз.
7. Қонақтардың біреуі сіз білетін анекдотты айтуды бастап, аяғын есіне түсіре алмаса:
А. Оны аяғына дейін жеткізесіз
Б. Үндемейсіз
8 . Атын ұмытып қалған адамды кездестіргенде:
А. Жағдайдан шығу жолын іздейсіз
Б. Есіңізге түсіре алмағаныңызды айтасыз
9. Бас қатыру немесе отбасындағы түсінбеушілік сізді мазаласа:
А. Сыр сақтайсыз
Б. Кездейсоқ адамдарға дейін сырыңызды ақтарып саласыз.
Кілті:
Берілген кілтке сай келген жауап бір баллмен бағаланады:1А, 2Б, 3А, 4А, 5А, 6Б, 7Б, 8Б, 9А.
Нәтижесін талдау:
0-3 балл: Сіздің шыншылдығыңызды айналадағылар түсінбей қалады,сондықтан өз ойыңызды өзгелерге айудан бұрын ойланып алсаңыз қарым қатынасты проблемаларыңыз азаяды.
4-6 балл: Басқалар мен тіл табысуға икемдісіз.Бірақ сіз шыншылдық білдіргенде айналадағылармен түсініспеушілік орын алуы мүмкін, сондықтан сын айтуға құмарлығыңызды басып жүріңіз.


7-9 балл: Өзгелерді өте жақсы түсінесіз, сондықтан қарым қатынас мейірімділік пен
ынтымақтастық жолымен жүреді. Сізді барлығы сыйлайды, шын достарыңыз көп.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет