Группадағы жақын құрбыңыз кім? Группада барлық қыздар жаныма жақын..Ең алғаш универ табалдырығын аттағанда танысқан қыздарым мен қазіргі қыздарым екі бөлек.Группадағы қыздармен арала алмаспын деп ойладым..Өйткені мен 1 жыл кейін оқуға қайта тапсырғандықтан, қыздардың әңгімелеріне кіре алмай отыратынмын.Әңгімелері әлі мектептің әңгімелері болатын...Жатақханада 3 қабатта тұратын болғандықтан, группаластарым мені көп көре бермейтін.Ал менің группаластарымның бәрі 1 қабатта тұратын.Тіпті олар мені үйден келетін қыз деп ойлапты.Группаластарыммен де екінші семестрда жақынырақ таныса бастадым.Сол кезде 20 қыздың 20 түрлі екенін білдім..Әр қыздың арманы басқа, мінездері бір-бірінен өтеді, өнер деген тұнып тұр...Ең алғаш группаға келгенде танысқан группаласым-Оразалы Аружан есімді бұлбұл қыз болатын.. Кереметтей жақын құрбым болған жоқ десем де болады. Бәрімен тез тіл табысып, кез- келген тақырыпта әңгіме айта беретінбіз. Әр қыздың ерекшелігі үшін әр қызды әртүрлі жақсы көремін❤️