Сауалнама Күні


Группадағы жақын құрбыңыз кім?



бет7/27
Дата07.02.2022
өлшемі49,38 Kb.
#84064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
Анкета

Группадағы жақын құрбыңыз кім?
Барлығы жақын. Ал ең жақын болып кеткендері Ұлжан мен Жарқынай, Сұлухан, Ғалия, Дана, Сая, Аружан, Жұлдызай, Нүрия жалпы барлық қыздарды жақсы көрем ғой. Енді бәрінен мені жақын тартатын қыздар осылар сияқты. Меніңше.
Жаныңа жақын болған апай?Несімен есте қалды?
Сағира апай, Сәуле апай, Ғазиза апай, Гаухар апай, тағы қандай апайлар бар еді есіме түскендері осы. Сағира апайдан 1 курста қатты қорқатынмын қалай екенін білмеймін морфонологиядан сабақ беріп жүргеннен кейін, Үздік лингвистке жолдама алғанда соның әлегімен апаймен жақсы араласып кеттік. Сәуле апай күшті кісі. Артық әңгіме айтқан емес. Ақбозат деп жүретін. Ғазиза апай супер апай ғой. Ол кісінің орны ерекше. Қыздарым деп, бізге ренжіп жүретін, бізге көп нәрсені жүктемей керек кезінде, маңызды жағдайда ғана өтініш айтатын кісі ғой. Ерекше кісі, 4 жыл бойы анамыздай болып кетті. Есімде Перизатты куратор қыламыз дегенде жанымыз шығып кетейін деп қалған.
Жақын болмасада бағаны әдемілеп қоятын Аман ағай жақсы кісі ғой. Философиядан берді екінші семестрде ма. Бағаны әшейін қоятын, оқысаңда, оқымасаңда, келсеңде, келмесеңде жоғары баға аласың. Сондай мұғалімдер көп болса.
А, сосын Халық ауыз әдебиетіндегі Сейілбек Сәкен ағай, аты қайсы, тегі қайсы деп шатасатын едік. Жаңбырлатып сөйлеседе, бір дәптермен келіп, тонна білім беретін еді. Сұраққа жауап бергендерді белгілеп алатын. Қыздардың бәрінің есіндегі ол кісінің атақты фразасы: «Сен Сабырбек Ақботаның шашын жұлып, мыстан кемпір құсап» деп Әсемге айтқаны бар еді. Осы жерде күлген смайлик. Жақсы кісі, сыйластық пен құрметке лайық ұстаз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет