Сауат ашу 0 сынып Күні 30. 01. 2017ж. Оқу іс-әрекетінің тақырыбы



Дата10.06.2017
өлшемі107,56 Kb.
#18641



Сауат ашу

0 сынып

Күні---30.01.2017ж.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ж дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ, ребус (суретті жұмбақ) шешу, т.б.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: ойыншықтар, суреттер, кеспе әріптер, әртүрлі текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгін ауа райы қандай?

- Ауа таза екенін қайдан білдіңдер?

- Өте жақсы, балалар. Ал енді аптаның қай күні?

- Ендеше жұма күнді қандай күн деуші едік?

- Көңіл күйіміз қалай?

- Ендеше, балалар, осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды бастайың.

- Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстың.

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Қандай болып екіге бөлінеді?

- Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетемін, оларды айтамын. Егер мен көрсетіп атаған дыбыс дауысты дыбыс болса қызыл текшелеріңді, дауыссыз дыбыс болса көк текшелеріңді көтеріңдер.

- Ал, бүгін оқу іс-әрекетін «Кім тапқыр?» деген ойынмен бастаймыз. Дыбыстарды жеке-жеке атаймын, сендер текшемен белгілейсіңдер.

Текшелерін көтеріп белгілеу арқылы қанша дыбыс таңбасымен танысқандарын атап өтеді. Оның ішінде дауысты, дауыссыздарын ажыратады.

II. Негізгі бөлім.

1. «Алма жинау» дидактикалық ойыны.

- Мына алма ағашында алмалар пісіп түр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (өріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, мына үлкен себетке саламыз. Аталған сөздерді буынға бөлу.

2. Тіл ұстарту жаттығуы.

Жа-жа-жа


Менің атым - Қожа.

3.Дәптермен жұмыс.



а) Әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ж дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

э) Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ж дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ж дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

4. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)

5. Бұдан кейін «Кім жылдам?» ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату. Буынға бөлгізу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту.

Суреттер: жылқы, жапалақ, жұлдыз, көжек, морж.

- Енді, балалар, осы сөздеріңе текшелеріңмен дыбыстық талдау жасайық. Неше дауысты, неше дауыссыз екенін ажыратып анықтаңдаршы.

- Өте жақсы, балалар. Енді қолымызды шапалақтап ұру арқылы осы сөздерді буынға бөлейік.

6. «Біз зерекпіз» ойыны. Шарты: педагог сөздерді ретімен айтады. Балалар осы сөздерден ж дыбысы бар дыбыс, буын, сөз кездескенде қолдарыңды шапалақтайды.

Мысалы: 1. П, б, с, ж; л, ж, ң, ө, т.б. (Дыбыс)

2. На, са, жа, ла, за, жу, т.б. (Буын)

3. Таға, саға, жаға, алға, жылға (Сөз)

- Мынау ж дыбысының таңбасы - ж әрпі. (Ж әрпі көрсетіліп, тақтаға ілінеді. Ж дауыссыз дыбыс екенін тағы да қайталап, анықтау. Баспа түрін көрсету).

Сергіту сәтін өткізу.

Toп-топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

7. Педагог Ж. Смақовтың «Жау, жау, жаңбыр» деген өлеңін оқиды. Өлеңнен ж дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Мыса­лы: жау, жаңбыр, т.б. Ж дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту.

- Жүзім, жүзік, жылан, т.б.

«Менің көжегім» тақырыбы бойынша тақтаға сурет салу. Салған суретке сөйлем құрау, талдау. «Көжек сәбізді жақсы (көреді) жейді».

Ж дыбысы бар сөздерді атату.

Үстел үстіндегі ойын: әртүрлі ойыншықтар алдын ала матамен жабылып қойылады.

- Ал, балалар, мына матаны ашамын, астынан бірнеше ойыншықтар көресіңдер. Сол ойыншықтардың ішінен ж дыбысынан басталатын ойыншықтарды тауып атын атап, буынға бөлесіңдер. (Жылқы, жолбарыс, жылан, жүзік).

- Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Өте жақсы, балалар. Олай болса, «Жау, жау, жаңбыр» әнін айтып жіберейікші. Бәрі қосылып айтылған осы әнмен сабақ аяқталады.

№18 Орта мектебі. 0-в сыныбы.Абдикаримова Күмісжан Даулетбековна.



Русский язык

0в класс

23.02.2017.


Тема: «Продукты питания».

Программное содержание

Цели:

- образовательные - продолжать обогащать словарь детей по русскому языку, ввести в активный словарь названия продуктов питания, учить отвечать на вопросы полным предложением, формировать навыки образования существительных множественного числа в именительном и родительном падежах. Закреплять пройденный лексический материал (Наурыз, первые весенние цветы);

- развивающие - развивать словесно-логическое мышление, воображение, связную речь, общую и тонкую ручную моторику, интонационную выразительность речи, умение согласовывать речь с движениями; упражнять в составлении предложений по картинкам, закреплять правильное произношение согласных звуков п, с;

- воспитательные - воспитывать у детей бережное отношение к продуктам питания, заботливость, трудолюбие.

Словарная работа. Существительные: хлеб, масло, каша, компот, молоко, мясо, сахар; глаголы: резать, мешать, жарить, варить; прилагательные: вкусный, сладкий, полезный.

Оборудование. Демонстрационный материал: картина «В магазине», иллюстрации к стихотворению; раздаточный: картинки к д/и «Покажи и повтори» (тюльпан, стол, стул, рубашка, ботинки и др.), рабочие тетради, цветные карандаши.

Этапы деятельности

Действия педагога

Деятельность детей

Мотивационно-побудительный.

Игровая ситуация: Ежик очень любит кашу, давайте найдём необходимые продукты. Дыхательное упражнение «Каша кипит».

Дети, сидя на стульчиках, кладут одну руку на живот, другую - на грудь и, втягивая живот, делают вдох, а выпячивая, - выдох, произнося звук «пф-ф-ф».

Организационно-поисковый.

1. Послушайте стихотворение: Ходит Митя как Кощей, Ни супов не ест, ни щей, Падает от слабости, А любит только сладости. Как вы думаете, почему мальчик Митя худой и слабый?

Ответы детей.




2. «Начинаем говорить» -работа в рабочей тетради: а) рассматривание картины и иллюстраций, проговаривание слов и выражений по теме;

Называют новые слова и выражения (парами, по рядам, «на ушко», индивидуально.)




б) п/г «Сварим с Ежиком кашу»;

Выполняют п/г.




в) ф/м

1,2,3 Кашу нам, горшок, вари. Мы внимательными будем -Ничего не позабудем. (Держась за руки, идут по кругу).

Наливаем молоко

(выходит «молоко» в центр

круга)

Мы внимательными будем -Ничего не позабудем (держась за руки, идут по кругу). Сыплем соль (выходит «соль»).

Мы внимательными будем -

Выполняют движения

с речью: встают в хоровод, у каждого карточка, проговаривают слова - продукты, чтобы приготовить кашу.




Ничего не позабудем (держась за руки, идут по кругу). Сыплем сахар (выходит «сахар»).

Мы внимательными будем -Ничего не позабудем (держась за руки, идут по кругу). Насыпаем мы крупу (выходит «крупа»).

Мы внимательными будем -Ничего не позабудем (держась за руки, идут по кругу). Каша варится пых-пых, пых-пых

Для друзей и для родных;







г) работа по смыслу загадки;

Отгадывают загадку




д) р/у «Какой? Какая? Какое?»;

Хлеб свежий, колбаса вкусная, молоко полезное.




е) р/у «Что будет чем?»

яичницей.




5. Раскрась для Ёжика вкусный торт.

Выполняют задание в рабочей тетради.

Рефлексивно-корригирующий

Как на русском языке называют продукты? Благодарит детей за помощь Ёжику.

Отвечают на вопросы, прощаются с Ёжиком.

Ожидаемый результат

Знать:

- названия продуктов питания на русском языке.

Иметь:

- представление о пользе продуктов питания.

Уметь:

- делать обобщения на русском языке по существенным признакам, исправлять ошибки;

- воспринимать картину и отвечать на вопросы по её содержанию.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет