«Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері
Байланысты:
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері-engime.org 4. «Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері :
Сөздің фонетикалық құрылымын талдау;
Проблемалық жағдаят жасау;
Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау арқылы қалыптастыру;
Ойын және зерттеу әдістері;
Тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттері (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау);
Оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;
Ізденуді және қосымша материалдар қолдануды керек ететін тапсырмаларды орындату;
Оқушылардың зерттеушілік әрекетін және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;
Оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді).
«Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
Тыңдалған мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну және сұрақтарға жауап беру;
Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
Тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы беру;
Тыңдалған мәтіннің белгілі бір үзіндісін айтып беру;
Мәтіннің мазмұнына қарама-қарсы пікір айту;
Өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша әңгімелесу;
Белгілі бір тақырыпта пікірталас ұйымдастыру;
Мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;
Жұпта ым-ишара, қимыл-әрекетті пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу
(Мысалы, «бағытталған оқу» және «бағытталған жазу»);
Таныс ертегі, әңгімені мазмұндау, өлеңдерді жатқа айту;
Сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және таныс емес адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші балалармен қарым-қатынас жасауға байланысты рөлдік ойындар;
Нені сұрауға және нені сұрауға болмайтыны туралы пікір таластыру;
Сахналау;
Берілген тақырып (сол сабақта өтілген әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың көмегімен) құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: