Сауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі



бет10/20
Дата12.03.2022
өлшемі164,02 Kb.
#135283
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
орфография мен орфоэпия аралық

Ойын ережесін құру
(МК) Оқушылардың ұлттық ойын ойнау барысында түскен суреттерін қарап, «Бірлесіп жазу» әдісіне сәйкес, әр суреттің астына нұсқау жазыңыз. Нұсқаулардың тиісті шақта жазылуына назар аударыңыз.
(Т,Қ) Оқушыларға ойын барысында түскен суреттерін қолдана отырып, әр суретке нұсқау жазуды тапсырыңыз.
«Бірлесіп жазу» әдісін қолдана отырып, оқушылардың тиісті шақты қолдануын қадағалаңыз. Әр нұсқауды реттік санмен белгілеулерін қадағалаңыз.
(Т) Оқушылардың жазған нұсқауларын сынып ішінде дауыстап оқуына мүмкіндік беріңіз. Олардың дұрыстығына назар аударыңыз. Жазылған нұсқаулардың басқалар қолдана алатындай етіп жазылғандығын қадағалаңыз.
Оқу жетістіктерін бағалау:

  • нұсқау жазудың ерекшеліктерін ескеруінз.;

  • нұсқаулықты қолдануға түсініктілігін.

  • Сөйлемдерді құрастыруын, тыңдаушыларға пайдалы, қызықты жазылғандығын бағалаңыз

2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қараңыз. Ойын үшін қажетті заттарды реттеуден бастаңыз. Суреттерді тізбектеп, нөмірлеңіз. Әр сөйлемді жазбас бұрын дауыстап айтыңыз, жазып болған соң қайталап оқыңыз. Оның түсінікті және дұрыс екенін тексеріңіз. Кейбір сөйлемдерде әдейілеп қате жіберіңіз. Сөйлемдерді жазуда нұсқауға қайшы келетін кейбір қателерді жіберіңіз. Сөйлемді қайталап оқып, оқушыларға қатені табуды тапсырыңыз. Қатені қайталаңыз, оқушылардың оны байқағанын тексеріңіз.


Оқушыларды жазу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Оларға бір немесе екі нұсқау жазып, бір қатарға жинауды тапсырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет