Сауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі


Орфография, грамматика, пунктуация



бет7/20
Дата12.03.2022
өлшемі164,02 Kb.
#135283
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
орфография мен орфоэпия аралық

Орфография, грамматика, пунктуация бойынша бастапқы дағдыларын қалыптастыру үшін оқу мақсаттарын жүйелі түрде қолдануды ұсынамыз:
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
2.1 Оқу түрлерін қолдану
3.8 Қатені табу және түзету
3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау
3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау
3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау


Ұлттық ойындар туралы түсінік
(Ұ) Мектепке (сыныпқа) оқушылардың ата-анасын немесе ата-әжелерін шақырыңыз. Олар оқушыларға өздерінің балалық шақта ойнаған ойындары туралы айтып береді. Ол ойындар бұл күндері ойнала ма? Айырмашылықтары бар ма? Оқушыларды сұрақ қоюға ынталандырыңыз. (Хан талапай, Апыр-топыр қарлығаш, Ақ серек, көк серек т.б.)Басқа қонақтармен кездесуді қайта өткізуге болады.
(МК) Сыныпқа бір ұлттық ойынның қалай ойналатын ретін көрсетіңіз. Нақты, түсінікті нұсқау беріңіз. Әртүрлі ойындарды бірнеше рет қайталаңыз. Осы бөлімнің соңына дейін жаңа ойындарды үйретуді жалғастырыңыз.
(Ұ) Ойын ережесі туралы аудио материал тыңдатыңыз немесе фильм көрсетіңіз. Оқушылардан ойынды ережеге сүйене отырып ойнауларын сұраңыз. Оқушылардың ережеге сәйкес ойнауын қадағалаңыз. Сәтті шыққан тәсілдерді бақылаңыз. Тиімді тәсілдердің тізімін жасаңыз.
Бұл бөлімде мұғалім тақырыпқа қатысты әңгіме, өлең айтуы керек. Оқушыларға түсінікті болу үшін оларды бірнеше рет (сабаққа белсенді қатыстыру) қайталаңыз.
Оқушылар үй жұмысы ретінде ата-аналарынан ұлттық ойындар туралы естеліктерін жазып әкеледі. Кейін сыныптастарымен бөліседі.
Кең жерде, аулада немесе спорт алаңында, дәлізде оқушыларға ойынның қалай ойналатынын көрсетіңіз.
Мысалы: «Бәйге». Шеңберге тұрыңдар. Тізе бүгіңдер т.с.с. Оқушылармен талқылаңыз: Нұсқаулар жеңіл ме? Бұл ойынды қай жерде ойнаған ыңғайлы? Нұсқаудың қайсысы тиімді немесе тиімсіз болды?
Ойнап жатқан оқушыларды суретке түсіріңіз немесе қарапайым сурет салыңыз.
Ойынға сынып ұсынған нұсқаулық құрастырыңыз. Нұсқаулықта: реті, қадамы, нені бірінші орындау керек, ашық дауыспен түсінікті жеткізу керек, ойынға бірінші не қажет т.б. анық жазылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет