Әліппеден кейінгі кезен. Бұл кезеңде балалардың оқу, жазу дағдылары жетіле түседі және балаларға айтылатын көркем мәтіндер тек қана сауат ашу мақсатын көздемейді, сонымен бірге тәрбиелік те мақсатқа оқылады және бұл кезеңде оқылатын шығармалар жанр жағынан түрліше болып келеді. Яғни өлеңдер, ертегілер, әңгіме, жұмбақтар. Бұл кезеңдегі оқу сабақтарында үйретілгелі отырған жаңа дыбыстардан басталатын немесе аяқталатын немесе сол дыбыс ортасында келген сөзі бар сөйлемдерді бөліп алып, оған балалардың назарын аудару қажет. Содан соң сол дыбыстардың баспа немесе кеспе әріп түрі көрсетіледі және сол дыбысқа балалардың өздері сөздер, сөйлемдер құрастыру қажет. Мәтіндегі негізгі айтылатын ой анықталып, сол ойды дәлелдейтін сөйлемдер балалардың өздеріне таптырылады.
Негізінен сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде төмендегідей талаптар қойылады:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құрылысы, көрнекі құралдар балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Бұл сауат ашу кезеңінде қолданылатын ең басты көрнекі құрал кеспе әліппе. Осы кеспе әліппеден балалар сол күнгі өтілген дыбыстарды тауып, буын, сөз, сөйлем құрайды. Сондай-ақ балалар әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданды. Онда әрбір әріптің таңбасы және сол әріптен басталатын заттың суреті бейнеленеді. Қызыл, көк түсті төтбұрыштар дайындалып, қызылмен дауысты дыбыс, көк түспенен дауыссыз дыбыс белгіленеді. Сондай-ақ сауат ашу кезеңдерінде дидактикалық материалдарда кеңінен қолданылады. Ондай материалдар сөздің дыбыстық құрамын талдауға арналған топтамалар немесе ұсақ үлестірмелі заттар бейнеленген суреттер болып келуі мүмкін. Бұл дидактикалық материалдар өтілген дыбыстарды қайталау кезінде немесе балалар түсінігіне ауыр дыбыстарды өтуде логикалық жаттығулар өткізгенде және балалардың жеке ерекшеліктерінеқарай тексерулер бергенде пайдалануға болады.
Сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүйелі, бірізді, жеңілден ауырға қарай дамуы қажет. Сондай-ақ сауат ашу кезінде балалар тек қана тіліміздегі дыбыстардан тауып қоймайды, сөздік қорларын байытып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын кеңейтеді. Өйткені сауат ашу жұмысы сөйлем құрастырып айтуымен тығыз бірлікте жүргізіледі.
Балалардың оқу, жазу дағдылары, икемділіктері қалыптасады. Алғашқы да сауат ашу кезеңдеріне балалар дыбыстарды саусақпен ауада жазып үйренеді.
Сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тәрбиелік мәні болуы қажет. Сауат ашуға байланысты айтылатын мысалдар арқылы балалар жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы, үлкендер еңбегі туралы түсініктерін, ұғымдарын одан әрі кеңейтеді. Сондай-ақ қоғам өмірімен танысып кеңейтеді. Салт-дәстүр түрлі мерекелердің не үшін аталып өтетінін туған жері,елі, оның өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұматтар алады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адамдардан қарапайымдылық секілді қасиеттерді үйреніп,көшеде жүру тәртібі, жол ережесімен танысады.
Студенттерге берілетін тапсырмалар:
Сауат ашудың әдістері.
Дайындық, әліппе, әліппеден кейінгі кезеңдер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар.
II Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
Тапсырма бойынша сұрақтарды талқылап, пікір алысу.
2)
3)
4) Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды ата.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. Технологиялық карта құру, өткізу, талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |