«Сауат ашу» пәні бойынша 1-сынып оқушысының 4-тоқсанға арналған өзіндік жұмысының жоспары Әзірлеушілер



Дата11.09.2020
өлшемі14,44 Kb.
#77688
түріСабақ
Байланысты:
Сауат ашу 1-сынып 4-тоқсан №1



«Сауат ашу» пәні бойынша 1-сынып оқушысының 4-тоқсанға

арналған өзіндік жұмысының жоспары
Әзірлеушілер: Мамырбекова Н.Н., Сулейманова Э.Б., Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Сабақ №1 Сауат ашу оқулығы 3-4-5-беттер.

Сабақтың тақырыбы: Ас-адамның арқауы . Дыбыстар мен әріптер.

Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқи отырып тамақтың пайдасы мен зиянын ажырата білу. Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату.

Жұмыс түрлері:

Бейнежазбамен жұмыс https://youtu.be/vWSQv6JlZnA

Адам ағзасына пайдалы тағамдар. Бейнежазбаны көріп, тағамдардың атын-ата.



Оқулықпен жұмыс. 4-беттегі 2-жаттығу бойынша суреттегі заттардың атын атап қандай дыбыс шығаратынын айт. Айналадан тағы қандай дыбыс естуге болатынын мысалдар келтіре отырып ажырат.

Ереже: Барлық сөз дыбыстардан тұрады, оларды жазуда әріппен белгілейміз.

Мәтінмен жұмыс. 3-беттегі мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.

  • Мәтін кейіпкерлері дұрыс тамақтанды ма?

  • Дұрыс тамақтанбасаң адам денсаулығына зиян келе ме?

  • Тамақтанудың маңызы неде?

  • Өзің күнделікті қай уақытта тамақтанасың?



Тамақ, сусын, кәмпит сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

Кері байланыс. «Ішіне-сыртына» стратегиясы. Кола, май, сүт, құрт, кәмпит, печенье, бутерборд, газдалған сусын т.б.

Берілген тағамдардың пайдасын ішіне, зиянын сыртына тізбектеп жаз.




Ішіне

Сыртына


Пайдалы

Зияны








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет