2) Мәтінге сәйкес ақпаратты тап:
А) Үстел үстіне ыстық нан қойылған.
В) Балалар қатқан нанды жемей отыр.
С) Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды.
D) Арманның әкесі жұмыстан көп қалады.
3) Жұптық жұмыс. Берілген жоспарға сүйеніп, жұптасыңа мәтіннің бір бөлігінің мазмұнын айтып бер.
Жоспар:
1) Арманның әкесі
2) Қатқан нан тіліктері
Оқылым
2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ерік пен Серік – ағайынды балалар. Олар ауылда тұрады. Екеуі ауыл шетіндегі тоғайға барып ойнайды. Тоғайда әнші торғайлар көп. Олар құстардың сайрағанын тыңдап, қызықтайды.
Бір жолы Серік шөп арасынан құстың жұмыртқасын көріп қалды. Оны тақиясына
салып, үйіне әкелді.
Әкесі оған:
- Балам-ау, бұл бозторғайдың жұмыртқасы ғой. Оны неге әкелдің?
Бозторғай – пайдалы құс. Олар дән жемейді. Егінге түскен зиянды құрт-құмырсқаларды жейді, - деді.
Балалар өз қателігін түсінді. Ертеңіне жұмыртқаны орнына апарып қойды.
1) Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.
• Балалар қайда тұрады?
• Тоғайда нелер көп?
• Бозторғай қандай құс?
2) Мәтінге ат қой ____________________________________________________
3) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жазылым
3. Берілген тірек сөздерді тиісті орнына қойып, өлеңді толықтырып жаз.
Тірек сөздер:
«Өзім туралы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Әдебиеттік оқу
2 « » сынып
Білім алушы:_________________________________________________________
1. Мәтінді мұқият тыңда.
Досжан қолына шелек алып, құдыққа қарай беттеді. Құдық басында кісі көп екен. Жетпістегі Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала анадайда состиып қарап тұр. Досжан оларға алара бір қарады. Ол қарияның шелегін сұрап алды. Атын суғарып берді. Бағила әжейдің шелегін суға толтырып, үйіне дейін апарып берді. Қариялар Досжанға алғыс айтып, батасын берді.
Достарыңызбен бөлісу: |