Байланысты: Саяхат» тарауы оқушыларды өткен өмірге
«Саяхат» тарауы оқушыларды өткен өмірге саяхатқа шақырады. Оқушылар өткен заман мен қазіргі заманды салыстыра отырып, саяхат, оның маңызын, туристердің негізгі мақсаттарын, ежелгі адамдар, сақтар, Томирис патшайымы, еліміздің астанасының тарихы мен қазіргі дамуы туралы ақпарат алады. Оқушылар бірінші сабақта «алғашқы адам» ұғымымен танысады. Оқушылар сабақта алған ақпаратты қолдана отырып, сұрақтарға жауап беруге, сұрақ құрастыруға, бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде тұжырым жасауға үйренеді. Оқыған материалдар негізінде алғашқы адамның сыртқы түрі мен іс– әрекетін, топтасып өмір сүру себептерін әңгімелей алатын болады. Сабақта оқушылар дереккөздері мен ресурстарға сүйеніп, сұрақтарға жауап беруді үйренеді, себеп–салдар байланысын анықтайды.
1-4-сыныпта оқушылар саяхаттың маңызын ашып, ерте замандағы саяхат пен қазіргі туризмнің айырмашылығын көрсетеді. Оқушылар «турист» ұғымымен танысып, еліміздің көрікті жерлерін шетел туристеріне таныстыру бағытында жұмыстар жасайды. Сабақтың сұрақтары мен тапсырмалары оқушылардың тәжірибесі мен біліміне сүйенеді. Оқушылар Қазақстандағы саяхаттың рөлі туралы біледі, отандық туризмді дамыту маңызын пайымдайды. Сабақ соңында оқушылар саяхаттау маңызын түсінеді, туристің негізгі мақсаттарын анықтай алады.