Сабақ тақырыбы:
|
Уақытқа саяхат
Ертедегі саяхат
|
Мектеп:
|
Күні :
|
|
Мұғалімнің есімі:
|
СЫНЫП: 1-сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаты:
|
Барлық оқушылар: уақытқа қатысты қарапайым терминдерді қолдануды үйрену;
|
|
Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстандағы саяхаттың рөлі туралы ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге үйренy;
|
|
Тірек сөздер:
|
саяхат – путешествие – travel; астана – столица – capital city.
|
Ресурстар:
|
Қолбасшы Аттиланың дулығасы, «Уақыт машинасы» суреті, «Аттила» тақырыбына тест, тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар, Қазақстанның картасы, саяхаттауға арналған әдемі жерлердің суреттері (5-6), ұялы телефондар, тірек сөздердің дыбыстық жазбасы, «Астана – болашақ қаласы» бейнефильмінің үзіндісі.
|
Сабақтың мақсаты:
|
1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру
1.2.4.2 туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау
1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстырады
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
Саяхат дегеніміз – адамдардың айналаны тану, білім алу немесе спортпен айналысу мақсатында белгілі бір аумақ бойынша қозғалысы. Адамдар өте ертеден бастап саяхаттай бастады. Ертеде аңшылар аңдардың артынан, малшылар малға азық табу, ал жер өңдеушілер егін егуге құнарлы жер іздеу үшін орын ауыстырып жүріп, үлкен аумақтарды игерген. Ел билеушілер әскерлерімен аумақ бойынша жылжып отырып, жаңа жерлерді жаулап алу үшін соғыстар ашқан. Кейінірек адамдар айналадағы тірлікті тану, жаңа білімдерді меңгеру үшін саяхаттай бастады.
Ертеде керуен жолдарының жүйесі Ұлы жібек жолы Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырып тұрған. Бұл жол Қазақстан аумағы арқылы өткен. «Саяхат» ұғымы Қазақстанның ежелгі тарихында
– көшпенділік өркениетін қалыптастыру мен дамытуда, жаулап алу және қоныс аудару кезеңінде, Ұлы жібек жолы жұмысын атқарып тұрған кезеңде орталық рөл атқарды.
Қазіргі кезеңде саяхаттың рөлі өзгерді. Қазіргі заманғы саяхатшыларды алға итермелейтін білімге деген құштарлық қана емес, сонымен қатар саяхат барысында адамдар жаңа достар табады, жақсы әсер алады. Қазіргі кезде саяхат – бұл негізінен туризм немесе жұмыс бабымен көшу.
Салыстыруды үйрен
Астана қаласының суреттерін мұқият қара және салыстыр.
Астананың қандай көрікті жерлерін білесің?
Қазақстан картасынан Астананы тап.
|
Рөлдік ойын. Сабақты өткен сабақтың материалын қайталаудан бастауға болады. «Сен Аттиласың!» рөлдік ойынын ұсыныңыз. Қолбасшы атрибуттарын – Аттиланың рөлінде ойнайтын оқушыға дулыға дайындап қойыңыз. Оқушылар қанша сұрақ қоя алатынын келісіп алыңыз. Егер «Аттила» жауап бере алмаса, «кеңесші» ретінде таңдап алған сыныптасынан көмек сұрауына болады.
Саяхатқа барамыз! Оқушыларға анимацияланған суреттерді көрсетіңіз және бұл сабақта қазақ ертегісі Алдар көсемен бірге қиял-ғажайып уақыт машинасымен саяхат жасайтындарын айтыңыз. Оларды қолға кигізілетін қуыршақпен таныстырыңыз. Алдар көсе қулығымен, көңілді мінезімен танымал. Оқушылардан оның жүрген жерлері туралы не білетінін сұраңыз. Ол жақсы істер жасай отырып, кең далада саяхат жасағанын әңгімелеңіз. Алдар Көсе қайда саяхатқа барсам екен деп қиялдайды. Оқушылардан сынып қабырғаларында ілінген әртүрлі жерлердің (теңіздің, орманның, таудың және т.б.) суреттерінің жанына баруын сұраңыз. Алдар көсені шақырғысы келетін жердің суретін таңдауға ұсыныс беріңіз. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз (4 адамнан). Топ бұл саяхатты неліктен таңдағаны туралы қысқаша әңгіме дайындайды.
Талқылауды үйрен. Қуыршақтың оқушылармен уақыт машинасында саяхат туралы әңгімесін жалғастырыңыз. Олар саяхаттау үшін көліктің қандай түрін таңдайтынын анықтаңыз. Оқулықтан 52-беттегі «Талқылауды үйрен» тапсырмасын табуды сұраңыз. Олар негізгі мәтінді оқып шықсын. Көңілді айлакердің қай сурет бұрынғы, ал қай сурет қазіргі заманғы екенін түсіне алмай тұрғанын естеріне салыңыз. Оқулықтағы тапсырманы бекіту мақсатында «Үлестір және сипатта» тапсырмасын орындатуға болады. Оқушылар топта өз жұмыстарын талқыласын. Бір топ бұрынғы көлік түрін, ал екінші топ қазіргі заманғы көлік түрін көрсетеді. Әңгіме кезінде уақытқа «сол уақытта, енді, болашақта, бұрын және қазір» деген сияқты қарапайым терминдерді қолдануын сұраңыз.
Салыстыруды үйрен. Уақыт машинасы бұрынғы заманға бара жатқанын айтыңыз. Қазақстан картасында Астана қаласын көрсетіңіз. Оқулықтың 38-бетіндегі дерек көзімен жұмысты ұйымдастырыңыз. Астана қаласының суреттерін – 100 жыл бұрынғы ескі Ақмола қаласы мен қазіргі
Астана қаласының суреттерін салыстыруға тапсырма беріңіз. Олардың жауаптарын Ақмоланың шағын сауда қалашығы болғаны туралы ақпаратпен толықтырыңыз.100 жыл бұрынғы көліктер: ат, алғашқы автомобильдер. Бүгінгі Астана – бұл қайталанбас еуропалық келбеті бар, тұрақты дамып келе жатқан және салынып жатқан қазіргі заманғы мегаполис.
Саяхатты жалғастырыңдар.
Астанаға көрікті жерлерді қызықтау үшін әртүрлі елдерден көптеген саяхатшылар келе жатқанын хабарлаңыз. Жұмыс дәптерінің 38-бетіндегі Астананың суретін тауып, мұқият қарауын сұраңыз. Тапсырманың мәтінін оқыңыз. Астана қаласына саяхаттауға шақырыңыз және Астана туралы бейнефрагментті көрсетіңіз. Оқушылар бейнежазбаны қарап отырған кезде қала көшелеріндегі көлік түрлеріне назарын аударсын. Жауаптарын тыңдаңыз.
Астана – Қазақстанның астанасы. Бұл – еліміздегі әдемі қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада театрлар, мұражайлар, ескерткіштер көп. Астана жыл сайын жаңарып, көркеюде.
|
Сабақтың қорытындысы
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Сабақтың қорытындысын шығарғанда «Уақыт машинасымен» саяхат аяқталғанын айтыңыз. Астананы қандай екенін бір сөзбен жеткізсін.
Жауабы: Әдемі, жас, жаңа және т.б.
|
«Аудармашылар» жаттығуы. Диктофонға бір тілдегі тірек сөздерді жазып алыңыз және Ботаның атынан дыбыстық жазбаны тыңдатыңыз. Оқушылар қайталайды, қалған екі тілдегі нұсқаларын айтады. Сөздер жазылған үлестірме парақшаларды «сөйлейтін» қабырғаға іліп қойыңыз.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қосымша тапсырмалар
|
Математика. Бейнефильмді тамашалаған кезде Астана қаласының көшелеріндегі көліктерді санайды.
Өнер. Қосымша тапсырмаға суреттер салады. АКТ. Астана туралы бейнефильмді тамашалайды.
|
Бота қазіргі заманғы саяхат туралы көбірек білгісі келетінін айтыңыз. Оқушылардан қазір кім саяхат жасай алатынын сұраңыз. Бірнеше секунд жауабын күтіңіз. Оқушыларға телефондарын дайындап, өзіңіз жіберген «Астана» sms – хабарламасын оқытыңыз. Бұл қандай саяхатшы екенін ойлансын. Үйде қазіргі заманғы басқа да саяхатшылар туралы ойлануын сұраңыз. Жауаптарын сурет түрінде салуды және фотосуреттерін көрсетуді сұраңыз.
Жауабы: Xабарлама, ақпарат, жүктер, тауарлар
|
Бағалау
|
Оқушылар
–– саяхат туралы; –– бұрынғы және қазіргі көлік туралы;
–– Астананың көрікті жерлері туралы білді.
Оқушылар
–– дерек көздерімен, яғни суреттермен жұмыс істеуді;
–– уақытқа қатысты «сол уақытта, енді, болашақта, бұрын және қазір» деген сияқты қарапайым терминдерді қолдануға;
–– ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге; –– қазіргі заманғы көлік қалай өзгергенін сипаттауға; –– картадан Астананы табуды үйренді.
Тақырыпты игергенін тексеру және бағалау үшін мынадай сұрақтар қойыңыз.
–– Астана деген не?
–– Астана қандай өзеннің жағалауында орналасқан? –– Астана нышаны саналатын монумент қалай
аталады?
–– Астанада қандай көрікті жерлер бар?
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|