Саясаттану
Аралық бақылау 2
119-топ Психология
8-14 тақырып аралығында кесте
Орындаған:Бекмуха Манура
8. Саяси режимдер
9. Сайлау және сайлау жүйелері
10. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
11. Саяси мәдениет және саяси идеология
12. Саяси даму және модернизация
13. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар
14. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
Тақырыптар
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның
арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын
мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимдер түрлі тарихи жағдайларға байланысты мынандай
типтерге жіктеледі:
Демократиялық саяси режим
Тоталитарлық саяси режим
Авторитарлық саяси режим
Демократиялық режим-әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік
құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын
басқару формасы болып саналады.
1. Еркіндік принципі - Бұл
принңиптің салтанат құруы
саяси режимнің креативті
әлеуетін көтереді. Адамның
қоғамдық істерді басқаруға
қатысу мүмкіншілігі кеңейе
түседі. Тұлға өз ойын айтуға
және өзін танытуға кең
мүмкіндік алады және ол тек
Құқықтық нормалармен ғана
шектеледі.
2. Саяси бәсекелестік – Мұнда
қоғамның саяси элитасы
декларациялар жариялау,
уәделер беру, қоғамдық өмірдің
маңызды проблемаларының
шешімдері берілген әлеуметтік
бағдарламаларды жасақгау
арқылы халықтың назарын
өздеріне аударып, қолдауына ие
болу үшін ашық күрес жүргізетін
бәсекелес саяси күштерге
бөлінеді.
3. Демократиялық режимнің саяси
жаңалықтарды қабылдай білу
қабілеті - Мұнда демократияның
саяси жүйе ретінде беріктіктің,
тұрақтылықтың қажетті қорына ие
бола отырып, сыртқы өсерлерді
белсенді қабылдауы мүмкіндігімен,
оларға лайықты жауап бере алуымен,
тіпті каджет болған жағдайда
бейімделуімен, өзін-өзі жетілдіруімен
анықталады.
4. Саяси қатынастар субъектілерінің іс-
әрекеті мен кұрметі үшін саяси кеңістік
жасау – Мұнда мемлекеттік билік пен
азаматтық қоғамның өзара бірлесіп қызмет
етуін, сондай-ақ олардың әр түрлі
ұйымдастыру формаларын, әдістерін,
күштері мен құралдарын қамтитын терең
тізбектелген саяси жүйе қалыптасады.
Саяси режим ретіндегі демократияның
және қызмет атқарып отырған саяси
мәдениеттің басты белгісі-тұлғаның
Құқықтық қорғалуы. Демократиялық
режим-конституциялық режим.
Конституция баптарында тұлғаның негізгі
Құқықтары мен олардың кепілдіктері
жазылған.
5. Демократиялық қоғамдағы саяси
және идеологиялық плюрализм –
Мұнда әрқилы саяси тенденциялар
мен олардың ұйымдық кдлыптасуы,
саяси ойлары, әрекеттері пайда
болатын көпсубъектілі қоғам ретінде
сипаттайды. Азаматтардың саяси
белсенділігі азаматтық қоғам
институттарын ұйымдастыруға алып
келеді, онда азаматтардың
мемлекеттік билік құрылымдарынан
тәуелсіз саяси өмірге қатысуға ынтасы
өзін-өзі ұйымдастыру, өз қайраткерлігі
мен өзін-өзі басқару жолымен жүзеге
асады.
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі.
Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің
бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады,
оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.
Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар:
Бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік
жүргізуі;
Саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс;
Міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери жүйе
Қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін
науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы;
Әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі;
Мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы;
Қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің
мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады.
Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас
бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер:
1. Азаматтардың
құқықтары мен
бостандықтарының
барынша бұзылуы;
барлық деңгейдегі
биліктің жоғарыдан
тағайындалуы;
2. Билік бөлінісі
принципінің жойылуы,
яғни, биліктің барлық -
атқарушы,
заңшығарушы, сот
тармақтарының
тұтасып кетуі;
3. Басында көсемі
бар бір ғана
билеуші
партияның болуы
және оның
мемлекетпен
тұтасып кетуі;
4. Басқа
партиялардың және
ұйымдардың
қызметінің ресми
"қозғалыс"
қызметімен
алмастырылуы;
5. Қоғамның барлық
мүшелеріне бір ресми
идеологиялық
доктринаның таңылуы;
6. Тек қана мемлекеттік
нысандағы бұқаралық ақпарат
құралдарының болуы, қандай
да болмасын ақпараттың қатаң
"сүзгіден" өткізілуі;
7. Үздіксіз әрі тұтастай
зорлыққа негізделген
мемлекеттік ұйымдасқан
лаңкестік.
Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси
тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу,
басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі.
абсолютті монархия
диктатура
теократиялық
посттоталитарлық тәртіптер.
Түрлері:
Абсолютизм кезінде жоғары
өкімет билігі толық жеке-дара бір
адамның қолына шоғырланады,
билік заң шығарушы, атқарушы,
сот билігі болып тармақталмай, бір
қолда болады.
Диктатура — бір адамның немесе адамдар
тобының билікке толық ие бола отырып,
елді басқаруы.Диктарура күш қолдану
арқылы бекітіледі және адамдардың сөз
бостандығы мен еркін жүріп - тұруын
шектеумен реттеледі.
Теократия - [ гр. theos - құдай, kratos -
билік] - саяси билік шіркеу
басшысының, дін басының қолында
шоғырланатын басқару түрі.
Тоталитаризм - мемлекеттің билігі
шектеусіз және мемлекеттік және жеке
өмірдің барлық аспектілерін басқару
үшін пайдаланылатын үкімет нысаны.
Бұл бақылау барлық саяси және
қаржылық мәселелерге, сондай-ақ
халықтың көзқарасына, моральдық және
сенімдеріне қатысты.
Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның
тоталитаризммен ортақ белгілері де бар:
мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды;
азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі;
оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына
тыйым салынады;
мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі,
арзан қол органға айналдырады;
Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықгы және оның
проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси
еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның
әлеуметгік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да, сая- си
режим — абстракгілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік-
саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін,
оның кұндылық бағдарларын қалыптастырады. Саяси режим
саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси
басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін,
құралдарын таңдауына ықпал етеді.
бұл азаматтардың еркі арқылы басқарушы элитаны өзгерту құралы. Олар мемлекеттегі
саяси күштердің сәйкестігін ашуға мүмкіндік береді және элитаға бақылау жасаудың бір
түрі болып табылады. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада
қолданылады.
Сайлау және сайлау жүйелері
Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз —
Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу
мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын
қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау
комиссияларын құру мен олардың қызметі,
сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау
алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың
қорытындыларын анықтау, т. б. жатады.
Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз
— сайлауға қатысқан кандидаттардың
немесе саяси партиялардың
жеңімпаздарын анықтау жүйесі.
Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең
тараған.
Мажоритарлық жүйе (фр.
majorite — басым көпшілік деген
сөзінен шыққан) —
сайлаушылардың басым
көпшілігі дауысын берген
кандидат сайланған болып
саналатын сайлау жүйесі. Ол
көптеген (АҚШ, Франция,
Ұлыбритания, т.б.) елдердің
президент, парламент
депутаттарын сайлауда
қолданылады.
Пропорционалды сайлау жүйесі
дегеніміз — сайлауда ұсынған
партиялық тізімге сәйкес саяси партия
Парламентте депутаттың мандат
сайын иеленетін сайлау жүйесі.
Қазақстан Республикасында
мажоритарлық және пропорционалды
сайлау жүйелері қолданылады.
Президент, Парламент депутаттарын
сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі
қолданылады.
Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын
мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады.
Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
республикалық Орталық сайлау комиссиясы;
аумақтық сайлау комиссиялары;
округтік сайлау комиссиялары;
учаскелік сайлау комиссиялары.
Сайлау комиссиясының мүшесі сайлау комиссиясының отырысында сөз
сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер
бойынша ұсыныстар енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға құқылы.
Заңда сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері нақты көрсетілген. Олар:
ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау;
жалпы жұрт таныған әдеп нормаларын сақтау;
азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделерінің сақталуын және
қорғалуын қамтамасыз ету;
шешімдер қабылдау кезінде әділ және тәуелсіз болу;
кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметіне
жария баға беруден аулақ болу;
аталған комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға
міндетті.
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні,
түрлері, ерекшеліктері
Партиялық және сайлау жүйелерінің
ерекшеліктері
Қазақстандағы көппартиялық жұйенің
қалыптасуы.
Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалыстары.
Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері
Жалпы партиялардың даму кезеңдері:
аристократиялық котерийлер (үйірмелер);
саяси клубтар;
көпшілік партиялар.
жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу,
қоғамдық деңгейге көтеру;
басқа партиялармен бәсекелестікте болу;
белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу;
мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты
тұрақты ету, дамыту;
қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар
атқару.
Партиялардың негізгі қызметтері:
Сайлау жүйесі дегеніміз — өкімет органдарына ашық
сайлаумен байланысты және сайлау тәртібін
айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастар
жиынтығы.
Берілген дауысты санау тәсілі
мен депутаттық мандат беру
мағынасында алып
қарағанда, сайлаудың саяси
ұйымдастырылуы
бейнеленеді;
Сайлау процесі
сайлаудың тікелей
ұйымдастрыу
жағын көрсетеді.
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы.
«Қазақстанның социалистік
партиясы» (ҚСП) 1991 жылғы 7
қыркүйекте құрылды.Құрамында 47
мың мүшесі болды. Мақсаты:
Еңбекшілерді әлеуметтік жағынан
қорғау.
Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын
орнату.
Меншік түрлерінің теңдігін қорғау
«Қазақстанның коммунистік
париясы» (ҚКП) 1991 жылдың күзінде
құрылды. Бұрынғы Компартия
мүшелерінің көпшілігі партия атының
социалистік бо лып өзгертілуіне
наразылық білдіріп, ҚКП атынан XIX
съезд өткізіп, коммунистер атын
сақтады. Мүшесі – 55 мың адам.
Мақсаты:
Ғылыми социализм ұстанымдарына
негізделген әлеуметтік әділетті қоғам
орнату.
«Қазақстанның
Республикалық партиясы»
(ҚРП) Қазақстанның
азаматтық қозғалысы «Азат»
негізінде құрылды.
Төрайымы – С. Ақатаев.
Мақсаты:
Қазақ ұлтын өркендету.
Ұлттық-этникалық топтарды
жан-жақты дамыту.
Ұлттық-патриоттық
күштерді біріктіру.
«Қазақстанның Халық конгресі
партиясы» (ҚХК) 1991 жылғы 5
қазанда құрылды. Мүшесі – 30
мың адам. Төрағалары – О.
Сүлейменов және М. Шаханов.
Мақсаты:
Ел өмірінде саяси аяны кеңейту.
Ұлттық саяси күштер құру.
ҚХК партиясының атқарған
жұмыстары:
Жергілікті мәслихаттарға және
Жоғарғы Кеңеске депутаттар
сайлауда белсенділік таныту.
Жоғарғы Кеңестегі саяси
партиялардың заң жобасын бекіту
мәселесін шешу.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар
1989 жылы
Қазақстанда
алғашқы
болып
«Невада-
Семей»
экологиялық
қозғалысы
құрылды.
1990 жылы
«Азат»
азаматтық
қозғалысы
құрылды. Басты
мақсаты
Қазақстанның
мемлекеттік
егемендігін алу
болды.
1990 жылы
ұлтаралық
«Единство»
қозғалысы
құрылды.
Қозғалысқа
ғылыми-
техникалық
интеллигенция
өкілдері кірді.
1989 жылы «Әділет»
қоғамы құрылды.
Қоғамның негізгі
мақсаты
ұжымдастыру
кезіндегі
ашаршылық,
сталиндік репрессия
шындығын ашу
болды.
Саяси мәдениет және саяси идеологиялар
Саяси мәдениет ұғымы.
Саяси мәдениет түрлері.
Саяси идеология, оның түрлері.
Ұлттық идея қалыптастыруының мәселелері.
Қазіргі замандағы неоконсерватизм,
неолиберализм, неомарксизм.
Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің,
құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-
әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар.
Олар:
Саяси стереотип
(қағида) – саяси
билік, саясат
туралы
қарапайым,
эмоционалды
сезімге
негізделген
білімсіз түсінік.
Саяси сана – саналы
және санасыз,
рационалды және
иррационалды,
нормативті және
эмперикалық
сезімдер мен
түсініктердің
жиынтығы.
Саяси
менталитет – ірі
әлеуметтік
топтардың
әлеуметтік-
психологиялық
сапалы тұрақты
жағдайы.
Саяси
белгі –
саясаттағ
ы
коммуни
кативті
қызмет
атқаруш
ы.
Саяси
әлеуметтену –
адамның
қоршаған
ортаның
құндылықтарын
меңгере
отырып, сол
ортаға
бейімделу
процесі.
Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты
кезеңдері:
Саясилану;
Персонификация;
Идеологизация;
Институционализация.
Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:
отбасы;
дос, жолдастар;
мектеп;
БАҚ;
саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар
Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей әлеуметтену және
қосалқы әлеуметтену.
Тікелей әлеуметтену
дегеніміз, мемлекеттің
өзі мүдделі болып келеді.
Ол өз азаматтарын өзі
тәрбиелеп, олардың
саяси әлеуметтенуін өзі
қадағалайды.
Қосалқы саяси
әлеуметтенуда, бұған
мемлекет араласпайды,
тұлға өз қабылеті мен
тілегі бойынша сол
қоғамына бейімделіп,
сол мемлекеттің
құндылықтарын
меңгереді.
Саяси идеология, оның түрлері.
либерализм – ең кең дамыған
идеологиялардың біреуі.
Либералдық идеологияның
негізгі принципі – адамның
еркіндігі, тұлғаның табиғи
құқықтары мен
бостандықтарының
қасиеттілігі мен
ажырамастығы. Олардың
қоғам және мемлекет
мүдделерінен жоғары тұруы.
консервативті идеология бұл
дәстүрлі институттарды алға
тартатын саяси және әлеуметтік
ойлау түрі. Ол негізінен оңшыл
доктриналарды қамтиды және
прогрессивтілікке және
радикалды саяси,
экономикалық және әлеуметтік
өзгерістерге қарсы.
Социал-демократия идеологиясы
“демократиялық социализм” идеясын
алға тартты. Оның басты
құндылықтары:
1. еркіндік
2. теңдік
3. әділеттілік
4. ынтымақтастық
Саяси демократияға
мынадай негізгі
принциптер кіреді
адам құқықтары
сөз
ой-пікір
баспасөз
білім алу
ұйымдар құру
дінге сену бостандығы
Фашизм Италияның “Фашизмо” – “бірлестік” деген сөзінен шыққан.
Бұл идеологияның басты ерекшеліктері:
еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін
қолдану;
шовинизм;
нәсілшілдік;
экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу тәсілдерін пайдалану.
Қазіргі заманның қатынастарындағы неолиберализм және
неоконсерватизмнің орны.
Неолиберализм – азаматтар мен
қоғамның экономикалық және
әлеуметтік өмірін мемлекеттік
реттеуге бағытталған идеялар
жиынтығы. Неолиберализм
идеологиясыбойынша мемлекеттің
аса жауапты міндетінің бірі –
нарықтық жағдайда азаматтарды
әлеуметтік қорғау жүйесін жасау.
Неоконсерватизм –қоғамдағы
саяси плюрализмді (әртүрлілікті)
дамыту және саяси процестерді
реттеу үшін мемлекеттің рөлін
күшейту мақсатындағы
идеология. Консерватизм
идеологиясы бойынша бұрынғы
және қазіргі құндылықтарды
“сақтаудың” орнына “әртүрлілік”
принципі ұсынылды.
Саяси даму және модернизация
Саяси процесс – саяси іс-әрекеттердің, құбылыстардың өзара байланысқан тізбек,
қоғамдағы саяси биліктің дамуына, қолданылуына, қалыптасуына, жаулап алуына
бағытталған саясат субъектілерінің іс-әрекеттердің жиынтығы.
Саяси тәртіптің қайталанып
жұмыс істеуі – саяси процестер
басқарушылар мен
сайлаушылар, азаматтар мен
мемлекет арасындағы
қалыптасқан қатынастарды
сапа жағынан айтарлықтай
өзгертпей, күнделікті орнына
келтіріп, құр қайталайды.
Саяси тәртіптің дамуы –
билік мемлекет ішіндегі
және мемлекет аралық
аренадағы саяси күштердің
ара салмағында немесе
әлеуметтік құрылымдағы
өзгерістерге тепе-тең
қарайды.
Саяси тұтастықтың
құлдырауды және ыдырауы
– кірігу, жинақталудың
орнына саяси
субъектілердің бөлшектену
үрдісі басымдық алады,
билеуші тәртіптің ыдырауы
күмән тұдырмайды. Оның
шешімдері басқару
қабілетін жояды.
Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап,
коғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты
қамтиды.Саяси жүйені тұтас алсак, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге
бөлуге болады.
1. Саяси жүйені конституциялық
тұрғыдан айқындау. Ескі саяси
жүйенің орнына жаңасы келгенде,
ол бұрынғы мемлекеттік билікті
ауыстыруы немесе оған дейінгі
саяси-құқықтық құрылымдарды
жаңарған жағдайға бейімдеуі
мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа
жүйені мойындап, қолдаса, оның
легитимді болғанын білдіреді.
Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі
қалпына келтіретін жағдайға
жетеді.
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.
Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске
жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің
орныққан элементтерін, ұйымдарын
қайта жұмыс істетеді, екінші
жағынан, жаңартып, өзгертеді,
жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар
мен институттар құралады, саяси
ережел ер мен қазыналар,
нышандар пайда болады. Өздеріне
тән саяси түсініктері, көзқарастары,
іс-қимылдары бар саяси
қатынастардың жаңа субъектісі
дүниеге кел еді.
3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.
Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың,
бірлестіктердің қажеттіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай
жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар
өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл
қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп,
халықтың талап-тілектері мен мүддел ерін үйлестіріп, қоғамның
тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай
жасауы керек.
4. Саяси жүйенің
жағдайымен іс-әрекетін
бақылау. Оған саяси
жүйе мен саяси
процеске
қатысушылардың,
элиталардың
жұмысында шыға
қойған бағдар, мақсат-
мүддеден
ауытқушылықты, жан
сақ басушылықты
түзету, қорытынды
жасау кіреді.Ол екі
жолмен жүргізіледі.
Біріншісі — мемлекеттік мекемел ер, партия органдары,
қоғамдық ұйымдар мен козғалыстардың белгілі бір
құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет
аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері,
партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл
— саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет
бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі
бақылауы.
Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға
барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны
"төменнен бакылау" десе де болады. Бұл үшін қоғам
демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады,
тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді. Қоғам
дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы
билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді.
Саяси модернизация мыналарды қамтиды:
1) саяси
рөлдер мен
институттард
ың жоғары
мамандануы
бар
сараланған
саяси
құрылым
құру;
2) орталық
заңнама,
әкімшілік
және саяси
белсенділік
саласын
аумақтық
және
функциона
лдық
кеңейту
3)
әлеуметтік
топтар мен
жеке
тұлғаларды
ң саяси
өмірге
қосылуын
үнемі
кеңейту;
4) ұтымды
саяси
бюрократияны
ң пайда болуы
және тез өсуі;
дәстүрлі
элиталардың
әлсіреуі және
олардың
заңдылығы;
5) дәстүрлі
элиталарды
жаңғыртуш
ылықпен
алмастыру.
Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз
байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар
жүргізуде:
ақпараттық
қауіпсіздік -
елдегі іс - әрекет
ететін
экстремистік
топтарды есепке
алу және
олардың негізгі
бағыттары
жөнінде
толығымен
ақпараттанып
отыру;
әлеуметтік-
экономикалық
қауіпсіздік - елдің
әлеуметтік-
экономикалық
жағдайының бұл
топтардың
таралуына өте
жақсы ықпал
ететінін ескере
отырып, осы
салаларды қатаң
қадағалау;
құқықтық
қауіпсіздік - заң
тұрғысында
терроризмге және
эктремизмге толық
анықтама бере
отырып, оны
жоюды және
жазалауды
толығымен
қамтамасыз ету;
ұлттық
қауіпсіздік –
қоғамның
тұтастығын
сақтау,
интеграциялық
шаралар
жүргізу.
Саяси шиеленістер мен дағдарыстар
Шиеленістің дәстүрлі классификациясында, шиеленістер мына негіздер
бойынша анықталады:
1 оған қанша жақтар қатысады,
шиеленістің тікелей және жанама
қатысушылары қандай. Бұл өлшем
бойынша ішкі, халықаралық, өлкелік
шиеленістер, дүнеи жүзілік соғыстар
жіктелінеді. Егер қатысушылар
екеуден көп болса, ол көпжақты,
бұндай шиененісті реттеу қиын
болады.;
2 шиеленістік өзара
әрекеттің жылдамдығы мен
сипаты қаншалықты,
шиеленіс тек шиеленістік
қатынаспен ғана шектеледі
ме әлде қарулы қақтығысқа
орын берелді ме. Жауласу
деңгейі жоғары болған
сайын шиеленісті реттеу де
қиын болады.
Кейде билiк басындағылар шиеленiстi байқаса да байқамағансуы мүмкiн.
Ондайда шиеленiс бықсып, жанып өрiстеуi мүмкiн. Сондықтан, шиеленiстi
шешу керек. Бұрын одан шығудың екi жолын қолданған:
1. қоғамның «таза»
дамуына сәйкес
келмегендi өз
арасынан аластатып
сыртқа ығыстырып
шығару арқылы
құтылғысы келген.
2. керексiз жағдайды,
құрылымды тура жаншып
құрту, жою. Бұл шиеленiстердi
шешудiң екi жолында
шиеленiс шешiлген сияқты,
алдамшы түсiнiк бар. Ал, шын
мәнiнде ол ауруды iшке
тыққанмен тең.
Саяси дағдарыс дегеніміз - қалыптасқан қақтығыстардың тереңдеуі
мен шиеленісуінде, саяси шиеленістің күрт күшеюінде көрінетін қоғам
жүйесінің күйі.
қоғамның немесе саяси жүйенің дағдарыс алдындағы
жағдайы;
өкіметтің қоғам алдындағы мәселелерді саяси құралдармен
шеше алмауға қабілетсіздігін көрсететін дағдарыстың
туындауы;
дағдарыстың дамуы, әрі шиеленісуі.
Саяси дағдарыс өз дамуында бірнеше кезеңдерді басынан
кешіреді.
Қоғамның саяси жүйесі шеңберіндегі ішкі саяси
дағдарыстар:
конституциялық
дағдарыс
(мемлекеттің
негізгі заңының
қызметін
тоқтатуын
білдіреді);
өкіметтік
дағдарыс
(өкімет
беделінің
жоғалуы);
ішкіпартиялы
қ дағдарыс
(саяси
партияның
жікке бөлінуі
Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық
қатынастар
Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар:
әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялық
жағдай;
жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері;
шикізат және табиғи ресурстар жағдайы
Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері:
мемлекеттер
арасындағы
дипломатиялық
қатынастарды
орнату;
мемлекеттің
халықаралық
ұйымдарда өз
өкілеттілігін
ашу немесе
оларға мүше
болу;
мемлекеттің
басқа мемлекет
өкілдерімен
әртүрлі
деңгейлерде
тұрақты немесе
аракідік
байланыстар
орнатуы.
Жаһанданудың өзіндік ерекшеліктері:
1. Халықаралық ұйымдар санының артуы.
2. ТҰК рөлін күшейту.
3. Интернет компьютерлік желісін құру.
4. Электрондық сауданың дамуы.
5. Мегаполистер мен қалалану деңгейінің өсуі.
6. Дүние жүзі бойынша ағылшын тілінің таралуы
Ұлттық мемлекеттер шеңберінен тысқары жүргізілетін, әлемдік
мәселелерді реттеуге, немесе оларға ықпал етуді мақсат тұтатын
саясат келесідей категориялардан тұрады.
1. Сыртқы саясат – мемлекеттің,
немесе жеке халықтың сыртқы
саладағы қызметі. Бұл саясат
мемлекеттің басқа мемлекеттермен
байланыс жасау, немесе жасамау
деңгейін сипаттайды. Сыртқы
саясат мемлекеттің өмір сүруіне
қолайлы сыртқы жағдайларды
жасауды көздейді. Әлемдік
қауымдастықтан ұлттық
мемлекеттің орнын табуына ықпал
етеді.
2. Халықаралық саясат – мемлекеттердің
халықаралық аренада бірлескен қызметі
болып табылады. Саясаттың бұл саласы
мемлекеттерді оларға ортақ мәселелерді
бірлесіп, келісімдер арқылы шешу
жолдарын көрсетеді. Халықаралық
саясаттың елдер мен халықтар
арсындағы өзара тәуелділіктің, шешімін
табу үшін халықаралық әріптестікті талап
ететін мәселелердің көбеюіне
байланысты маңызды арта түседі.
3. Мемлекетаралық саясат –
жекелеген мемлекеттердің
арасындағы қатынастар
жүйесін белгілейді. Бұл саясат
мемлекеттердің
органдарының, қызметтерінің
және өкілдерінің (президент,
парламент, үкімет, сыртқы
істер министрілігі, кеден т.б.)
екі мемлекетке ортақ
мәселелерін өзара келісіп
шешулерінің жолдарын
анықтайды.
4. Ұлттық мемлекет үстіндегі
саясат (наднациональная
политика) – жекелеген
мемлекеттердің өздерінің
кейбір егеменді құқықтарын өз
еріктерімен халықаралық
ұйымдарға беруімен
сипатталады. Мысалы, мұнай
бағасын халықаралық нарықта
реттеу құқығы. Сыртқы, әлемдік
саясаттың бұл бағыты
Қазақстандық саясаттану
ғылымында әлі зерттелген жоқ
5. Мультиұлттық саясат-
бірнеше, немесе одан көп
мемлекеттерден құралған
біріккен саясат
субъектілерлінің
халықаралық қатынастарға
ықпал етуі (ЕЫҚҰ, ЕО, ШЫҰ,
БРИК). Бұл саясаттың
субъектілері ұлттық
мемлекеттер болып
табылады.
6. Трансұлттық саясат –
мемлекеттік емес саясат
акторлары мен
субъектілерінің: партиялар,
кәсіподақтар, әлемдік
діндердің ұйымдары,
халықаралық үкіметтік емес
ұйымдар, трансұлттық
корпорациялардың т.б.
халықаралық аренада қызмет
етуі.
Достарыңызбен бөлісу: |