Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері


Дәріс № 11 Саяси мәдениет пен мінез-құлық



бет11/16
Дата24.02.2022
өлшемі191 Kb.
#133199
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
лекция жинағы политология (1)2021-22

Дәріс № 11 Саяси мәдениет пен мінез-құлық.

1. Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері.


2. Саяси мәдениет құрылымындағы саяси дәстүр, саяси миф, саяси стереотип, саяси символика.
3. Саяси әлеуметтену. Саяси мінез-құлық пен саяси қатысу

1. «Саяси мәдениет» термині XVIII ғасырдан бастап пайдаланды. Оны алғаш рет неміс ағартушысы И. Гердер қолданды. Батыс саясаттануында XXғ. 50 жылдарында кең қолданыла басталды.


Саяси мәдениет – саяси процесс субъектілерінің іс-әрекеттерінде байқалатын және қоғамның саяси өмірін қамтамасыз ететін тарихи қалыптасқан салыстырмалы тұрақты құндылықтар, тұжырымдар, құрылымдар, тәртіп модельдері жиынтығы.
Саяси мәдениет жалпы мәдениеттің бөлігі болып табылады, ол арқылы тұлғанаң саяси жүйеге және саяси іс-әрекеттерге қосылуы іске асады.
Саяси мәдениет қоғамда келесі қызметтерді атқарады:
Танымдық қызмет – қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс – тәсілдерімен қаруландыру;
Ориентациялық қызмет – адам құбылыстардың мәнін түсіндреді;
Идентификациялық қызмет – адам қажеттілігін және қоғамдағы алатын орны туралы түсінікті қалыптастырады;
Интеграция қызметі – ортақ идеялдар, құндылықтар, нормалар, идеалдардың қоғаммен байланысуы;
Сабақтастық қызметі – саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқ тарихи сабақтастық;
Реттеушілік қызметі – саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік – таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.
Біріктірушілік қызметі – қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекетпен қоғам жұмыстарын басқаруды жұмылдыру.
2. Саяси мәдениет түрлері:
Т. Алмонд бен С. Берба пікірлері бойынша саяси мәдениет саяси бағыттардың 3 түрінен құралады: патриархалды, бағынышты және белсенді қатысу бағыты. Белгілі бір қоғамда осылардың бірі жетекші рөлді атқарады. Осы 3 бағыттардың идеалды түрлері саяси мәдениеттің 3 түрлердің негізгі болады.

  • патриархалды – жергілікті құндылықтарғабағытталған (тайпа, ру құндылықтары), жергілікті патриотизм формасында көріну мүмкін. Осында индивид жалпылық саяси мәдениетке көптеп көңіл бөлмейді, тиянақты саяси рөлдерді атқармайды. Осындай түрлі көбінесе жас егемен мемлекеттерге тән.

  • Бағынышты – индивид саяси жүйеде пассивті рөль атқарады немесе мүлдем атқармайды. Ол салт-дәстүрлерге бағынады. Индивид билікке бағынып, одан жақсылықты күтуде болады (әлеуметтік жәрдем, кепілдіктер және т. б.), диктатураны қорқады.

  • Белсенді қатысу – саяси белсенділікпен, берілумен ерекшк. Азаматтар саясатқа белсенді араласу арқылы оған әсер етуге, заң құралдары арқылы (сайлау, демонстрация және т.б.) оны бағыттауға тырысады.

  1. Жалпылықтың деңгейіне байланысты:

  • жалпы саяси мәдениет – мемлекеттің азаматтың халық салмағына тән;

  • субмәдениет – осындай саяси мәдениеттің құрылымы жеке әлеуметтік, этникалық, аумақтық және басқа да саяси субъектілерге тән және ол адамдардың билікке спецификалық көзқаратармен, билік элиталарға қатынасымен, билеудегі қатысу үлгісімен, саяси өмірдің бақылануымен және ұйымдастырышуымен ерекшеленеді.

Әдебиет:
1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет