Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері


Дәріс № 10. Саяси партиялар, партиялықжүйелержәнеқоғамдық-саяси қозғалыстар



бет10/16
Дата24.02.2022
өлшемі191 Kb.
#133199
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
лекция жинағы политология (1)2021-22

Дәріс № 10. Саяси партиялар, партиялықжүйелержәнеқоғамдық-саяси қозғалыстар
1. Саяси партия: анықтамасы, белгілері, құрылымы, қызметтері.
2. «Мемлекет – саяси партия» қатынастың типологиясы.
3. Саяси партиялар типологиясы.
4. Партиялық жүйе.


1. Партия – бірдей қызығушылықтар мен идеалдары бар адамдарды біріктіретін ерікті саяси ұйым. Оның мақсаты саяси билікті өз қолына алу немесе билеу істеріне араласу болып табылады.
Дж. Лапаломбара американдық зерттеуші партия құрамына кіретін 4 негізгі элементін анықтады:
1)идеология – арнайы саяси идеология, әлеметтік өмірге және ондағы адам мен әлеуметтік орындарды анықтайтын спецификалық көзқарас.
ұйымдастыру – ортақ мақсатқа жетуге бағытталған партия іс-әрекеттеріне рұқсат беретін және бекітілген нормалар негізіне алатын саяси әсер етуін қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді адамдардың бірігуі.
мақсат – билікті өз қолына алу.
мобильділеу – қоғам қолдауын қамтамасыз етілуі.
Саяси партия 3 сатыдан тұрады:
- сайлаушылар блогы (кандидаттардың қолдауын қамтамасыз ететін партиялардың базасы);
- ресми партиялы ұйым;
- билеу жүйесіндегі партия (мемлект аппаратындағы қызметкерлер: президент, парламент мүшелері және тб.);
Саяси партия қызметтері: қызығушылықтармен, талаптармен таныстыру функциясы, қоғам дамудың стратегиясының жасалуы, саяси лидер және элитаның қалыптасуы және іріктелуі, азаматтардың саяси әлеуметтенуі мен өкіметтің қалыптасуы.
2. Мемлекеттік билікке қатысты көзқарасы бойынша партиялар әртүрлі позицияда бола алады: партия сөз сіә оппозиция түрінде бола алады, яғни қалыптасқан мемлекеттік құрылымға қарсы шығады. Партия мемлекетті өзгерту үшін билікке таласады.
партия оппозиция түрінде бола алады. Ол мемлекеттік құрылымға қарсы болмай, өкімет биліке қарсы болады.
Партия құраушы оппозиция рөлінде бола алады: партия ойы бойынша дұрыс шешімдерді қолдап, бұрысты даттайды.
Партия үкімет және басқа да билік органдардың істеріне басқа бір партиямен қосылып араласа алады. Сондықтан партия ол үшін бекітілген жауапкершілікке ие болады.
Партия үкімет коалициялық негізгі күші ретінде бола алады. Нәтижесінде партия зор күшке және сол үшін жауапкершілікке ие. Партия мемлекеттік биліктің іске асырылуына жауапты, ол мәселедегі өз шешімдерін ұсына алады, жүзеге асыра алады.
Партия үкіметті жалғыс қалыптастыра алады. Сонда партия мемлекеттік биліктің іске асырылуына толық жауапты. Егер оның көпшілігі парламентте болса, онда партияның жауапкершілігі артады.
2. Саяси партиялар типологиясы:
Ұйымдастыру тәсілі бойынша:
Кадрлі партия – сайлаушылармен кездесудің, сайлау компаниялардың ұйымдастыруын, сайлау дайындауды қамтамасыз ететін белгілі адамдар тобы.
Кадрлі партияның ерекшеліктері:
- өзінің қатарындағылардың қөбейюне емес, сайлаушыларға әсер ете алатын элиталардың бірігуіне назар аударылған. Партияның негізгі мақсаты – (идеологиялық бағытқа тәуелсіз ) халықтың әртүрлі қабаттарынан тұратын сайлаушылардың қолдануын қамтамасыз ете алатындардың билігі бір сайлау аймақта мобильденуі.
Әдебиет:
1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005
4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002
5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет