09.11.21
Ұйым және тиімді басқару 1. Ұйым түсінігі мен түрлері Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет: осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.
барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.
топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.
Ұйым түрлері:
Ресми ұйымдар – мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.
Бейресми ұйымдар – қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.
Күрделі ұйымдар – құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында п.б.
2. Ұйымның жалпы сипаттамасы Ұйымдардың негізгі сипаттамалары ретінде 1-ші ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кез-келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.
2-ші сипаттама ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.
3-ші сипаттама ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.
Көлденең еңбек бөлінісі – басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.
Тік еңбек бөлінісі – басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.
Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді.
Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.
Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.
4-ші сипаттама басқарудың қажеттілігі нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан-алуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.
Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.
3. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы Ұйым ортасының маңыздылығын көрсету үшін, суды кешіп жүрген жүзгішті елестетейік. Ол суға сүңгу алдында ағынды, кедергілерді және қашықтықты дәл бағамдауы керек. Осы элементтерді дұрыс есепке алса, жүзгіш қарсы жағадағы діттеген жеріне оңай жетеді, дұрыс бағаламаса, жете алмай қалуы мүмкін. Ұйым сол жүзгіш секілді, ал қоршаған орта – су айдыны. Осылай жүзгіш судағы жағдайларды жете зерттеп түсініп алуы, ал ұйым дұрыс қадам жасау үшін өз ортасының негізгі элементтерін түсінуі қажет. Нақтырақ айтқанда, ұйымды тиімді басқарудың басты элементі – қоршаған орта және ұйым арасындағы ең дұрыс теңгерімді табу, соған жету және оны табу жолында жұмыс істеу. Бұл үшін менеджер, біріншіден, ұйымның қоршаған ортасын мұқият түсінуі қажет.
Сыртқы орта – ұйымнан тыс тұрған, оған әсер ете алатын барлық жағдайлар жиынтығы.
Ішкі орта ұйымның ішіндегі жағдайлардан құралады.
Жалпы орта – ұйымның айналасындағы жалпы контексті құрайтын факторлар мен күштер жиынтығы.
Жұмыс ортасы ұйымға ықпал ететін сыртқы ұйымдар мен топтардан тұрады. Мысалы, екі
адамнан тұратын шағын серіктестікте директорлар кеңесі болмайды, ал үлкен компанияда
заң бойынша болуы қажет. Үлкен қоры бар, мысалы Гарвард сынды жеке университет жалпы экономикалық жағдай туралы уайымдамауына болады, ал салық төлемдерінен тұратын мемлекеттік қаржыландыруды қажет ететін, мысалы Алабама сынды мемлекеттік университет үшін оның маңызы зор. Сонда да ұйымдар қоршаған ортаның қандай күштері ең маңызды екенін және басқаларының маңызын қалай арттыру мүмкін екенін толық зерделеуі тиіс. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ұйымның сыртқы ортасы екі бөлімнен тұрады. Ұйымның жалпы ортасы – оның айналасындағы жалпы контексті құрайтын факторлар мен күштер жиынтығы. Бұл факторлар мен күштер басқа нақты ұйымдарға байланысты болмауы мүмкін. Көптеген ұйымдардың жалпы ортасында экономикалық, технологиялық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құқықтық және халықаралық факторлар болады.
4. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін сипаттамалары