Саясаттану ғылым ретінде


Саяси көсемділік тұжырымдамасы,жіктелуі



бет14/32
Дата15.11.2022
өлшемі72,21 Kb.
#158379
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå

Саяси көсемділік тұжырымдамасы,жіктелуі

Саяси лидерлік жеке тұлғаның, саяси топтың бұқарамен өзара әрекетте болуымен байланысты ерекше функция. Лидерлік тұлғаны, саяси топтар осы мәртебеге лайық деп таныса ғана мүмкін болады. Ал лидер танылуы үшін лидерге тән қасиеттерді иеленіп, оларды көрсете алуы тиіс. Олардың ішіндегі ең бастысы - бұқараның барлық құрамдас бөліктерінің әрекеттерін біріктіру мақсатында оған ықпал ете алу қабілеттілігі болып табылады. Сондай-ақ, егер лидер саясатты жобалап, жүзеге асырса да саяси лидерлік болуы мүмкін. Ол мақсаттарды жобалауды және оны адамдардың тіршілік әрекетінің негізіне айналдыруды қамтамасыз етуі керек. Сондықтан кез келген әлеуметтік лидердің саясаткер болуы шарт. Саясат – лидер қызметінің мәнді аспектісі. Макс Вебер лидерліктің келесідегідей түрлерін бөліп көрсетеді:
І. Дәстүрлі лидерлік. Әлеуметтік топтың тұлғаны лидер деп тануы қалыптасқан дәстүрдің негізінде өтеді. Негізгі өлшемдері:а) тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, оның шыққан тегі, осы тұлғаны қалыптастырған кіші әлеуметтік ортаның беделділігі;ә) өмірлік тәжірибесі мен лидерлік функцияны атқаруға ынтасының болуы:б) әлеуметтік топтың тұлғаның лидерлік функцияларды атқару үшін қажетті қасиеттерін тануы, қолдауы және бағынуы.
ІІ. Харизматикалық лидерлік. Елден ерек, айрықша жеке қасиеттерінің арқасында тұлғаның ерекше құндылығын әлеуметтік топтың тануы. Харизманың қалыптасуы тұлғаның өмірі мен қызметін белгілі бір тұрғыда мифологияландырумен байланысты. Харизматикалық лидерлер адамдардың қалың бұқарасын тартатын ірі, түпкілікті қайта өзгерістердің қажеттілігі туындайтын әлеуметтік дағдарыстар кезеңінде пайда болады. Дін Адам-Құдай мәртебесін берген Иса пайғамбардың (егер осы тұлға шынымен өмір сүрген болса), Мұхаммед пайғамбардың харизматикалық лидерлер екендігі даусыз. Харизматикалық лидерлер қатарына Махатма Ганди, В.И.Ленин және басқа да саяси қайраткерлерді жатқызуға болады.Харизматикалық лидерлердің ойлары мен сезімдері, қызметтері – ірі әлеуметтік қозғалыстардың белгісі болып саналатындықтан, де олардың ықпалы өлгеннен кейін ұзақ уақыт бойы сақталынады. Бірақ шынайы өмірде бұқараның әлеуметтік үміті ақталмайды, сондықтан уақыт өте келе харизматикалық лидер өз ықпалын жоғалта бастайды.
ІІІ. Ресми-бюрократиялық лидерлік. Ол бюрократиялық жүйеде болады және лауазымдық лидерлік болып табылады. Бюрократиялық жүйе қатаң иерархияланғандықтан,лидерлік функция осы жүйедегі жоғарғы эшелонның өкіліне беріледі. Мұндай лидерлік тұлғаның жүйе құндылықтарын берік ұстанушылығын, жүйедегі мінсіз жүріс-тұрысын, басқару тәжірибесін, жеке қасиеттерін, жүйе ішіндегі байланыстары мен қолдауын ескере отырып ішкі сұрыптау негізінде қалыптасады. Мұнда тұлғаның көрнектілігі мен таланты басты емес, функционалдық міндеттерді қатаң орындау, тәртіптілік, аппараттық жұмыс мәдениетін игеруі мейлінше құнды болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет