Саясаттану оқУ-Әдістемелік кешені


Әлеуметтік қызығушылықтарын қорғай алу қабілеттеріне байланысты мүдделі топтар



бет43/75
Дата08.02.2022
өлшемі256,25 Kb.
#118340
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75
Байланысты:
Саясаттану о У- дістемелік кешені

Әлеуметтік қызығушылықтарын қорғай алу қабілеттеріне байланысты мүдделі топтар: материялды қызығушылықы мүдделі топтар – оларға кәсіподақтар, коммерсанттар, тұтынушы ұйымдар жатады. Моральды қызығушылықты топтар; ұллтық қыжығушылықты топтар.
Жоғарыда айтып кеткендей, мүдделі топтар – қоғамның саяси өміріне басты қатысушы болып табылады.
Мүдделі топтарды мәні атқаратын функцияларымен тікелей байланысты болып келеді. Ондай функцияларға: әлеуметтік қызығушылықтардың артикулярлануы, ақпараттандырылуы, интеграция – мүдделі топтың бұл функциясы – қоғамдық тәртіпті және саяси жүйені қатайтуға қатысады; саяси элиатның қалыптасуын әсер ету функциясы және т.б. Мүдделі топтардың бұл функциялары жүзеге асу үшін олардың мемлекеттік билікке және оныңсаясатына әсер ете алатын құралдар жиынтығы болу қажет.
Мүдделі топтардың саяси билікке қатысты екі формасын көрсетуге болады:
Рож Жерар Шварценбергтің пікірінше мүдделі топтардың саясатқа әсерінің екі аспектісін көрсетуге болады. Бірінші аспект – экономикалық саясатқа әсер ету; екінші аспект – глобальды саясатқа әсер ету.
Көптеген мемлекеттерде лоббизм деп аталадын құбылыс кеңінен тараған. Лоббизм – заңды ұйымдарға әсер етуші агеннттер, жеке монополиялар, мүдделі топтар жүйесі. Лоббисттер үлкен әлеуметтік топтар мен партиялар атынан қызмет ете аталады.
Саяси партиялар – қоғам өмірінің саяси жүйесін қамтитын, қалыптастыратын басты элемент болып табылады. Сонымен қатар, саяси партия – пікірлердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келуге немесе оны жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп құрылатындығы әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелденген.Партия латын сөзінен «бөлу» деген мағынаны білдіреді. Саяси партяның мәнін түсіндіру үшін әлемдік тәжірибеде қолданылатын негізгі үш көзқарасты басшылыққа аламыз:

  1. саяси партияны белгілі бір таптың мүдделрін көздеуші деп білетін маркстік көзқарас.

  2. партияны мемлекеттік жүйесінде жұмыс істейтін ұйым ретінде институтционалды түсіндіру

  3. партияны ең алдымен белгілі бір идеологиялық доктринаны ұстанатын адамдардың топтары деп түсіндіретін либералдық дәстүр.

Саяси партия мемлекеттік деңгейде билікті жеңіп алуға немесе соған қатысуға бағытталған идеологиялық негізде құрылған ерікті одақ болып табылады. Саяси партиялар дүниесі күрделі және өзгермелі. Мысалы, бір партиялардың құрамында миллиондаған азаматтар болса, екінші бір партия құрамында мыңдаған мүшелер болып отырады және ол әрқашан өзгеріп отырады. Партияларды классификациялауды М. Дюжерве классификациясы үлкен орынды алады.
М. Дюжерве саяси партияның бірнеше классификациясын көрсеткен.Олар: 1. кадрлық партиялар- демократиының қарқындауы кезінде пайда бола бастаған, орталықтанған партиялар, ХІХ ғасырда партиялардың бірігуі нәтижесінден қалыптасады. Кадрлы партиялардың басты элементі болып комитет табылады. Сайлаушылардың 10% ғана болатын мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Жарғысын мүлтіксіз орындайды.2. бұқаралық – бұл партияның жаңа түрі. Бұл партияның үш түрі бар: әлеуметтік, комунистік, фашистік партиялар. Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері көп. Партиялық билеті жоқ.
Партиялардың белігілі бір мақсатқа жеу үшін бірігуін коалиция деп атайды. Коалицияның мынадый түрлері бар.

  1. Парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған уақытта құрылған көппартиялық коалиция;

  2. Екі партия бірігп үкіметті басқара алатындай уақытта құрылған екіпартиялық коалиция;

  3. Билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, екі блоктық коалиция болады;

  4. Егер де дербес партия ұзақ уақыт билік етсе, оны басымдық коалициясы деп атайды. Жалпы барлық саяси партиялардың жұмысы Конституцияға қайшы келмеуі тиіс.

Қоғамның саяси жүйесінде саяси партияладың алатын орны ерекше. Соған орай, саяси партиялар қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан тікелей қарым-қатынасты және билікті қамти алатынынымен ерекшеленеді. Саяси партияларды ең басты ерекшелігі болып – ьилік пен саяси жүйені қолға алу болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін саяси партиялар арнайы бағдарламалар дайындайды. Ал ең басты алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін партиялар ашықтан-ашық белгілі құрылымдарды жүзеге асырады. Жалпы саяси партиялар былай сипатталады: партия бағдарламасының болуы, саяси билік үшін күрестің болуы, партиялық тәртіптің болуы, партияға мүшелік ету, мүшелік жарна төлеу, партияның жарғысының болуы, баспа органдарының болуы, кәсіптік негіздегі партя аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына ақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.
Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген өлшем және белгілері бар. Саяси партиялар саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуынабайланысты: сайлаушылар партиясы, парламенттік партия, авангардтық партия, қауымдастық партиясы балпы бөлінеді. Оларға жеке анықтама беретін болсақ.
Авангардтық партия – орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді.
Саулаушылар партиясы – бұл партияның негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с.
Парламенттік партия – екі қызмет атқарады: парламетке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.
Қауымдастық партия – ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай аңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет