Консервативтік партиялар – ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Теңсіздікті сақтағысы келеді.
Фашистік партиялар – адам құқықтары мен бодстандықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды.
Саяси өмірдегі алатын орнына қарай:
Билеуші партяилар – билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар– олар басқару партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.
Саяси партиялар жұмыс істеу мақсатына қарай: ресми, жартылай ресми, құпия партиялар болып бөлінеді.
Ресми партия– жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатысуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркецден өтеді.
Жартылай құпия расми партия – формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар– заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізетін партиялар.
Қазіргі саясаттану ғылымында партиялық жүйенің нақты анықтамасы жоқ. Американ саясаттанушысы Р. Дальдің пікірінше партилық жүйені адамның билікпен қатынасы ретінде көруге болады. Ал Л.М. Фарушкин партиялық жүйенің орталығы деп саяси билікті айтады. Партиялық жүйенің басқада анықтамалары бар. Мысалы: жүйелі әдістің көмегімен Д. Истон партиялық жүйені материялдық және рухани дүниенің сәйкес келуі ретінде қарастырады. Өзінің даму тарихында партиялық жүйелер топтардың қызығушылықтары мен мүдделін қорғап келедң.
Партиялық жүйе – саяси субьектілердің соның ішінде билік және билеу байланысын көрсетеді.Бұл ұғым басқарушы топтар мен бағынушы топтардың және билеушілер мен бағынушылардың қарым-қатынастарын біріктіреді. Партиялық жүйенің функциялары жетілдіріледі, ал оның мазмұны мен мәні күрделенеді. Партиялық жүйелердің бірнеше типтері мен құрылымдары бар. Соларға жеке-жеке сипаттмама беретін болсақ.
Демокртия-мемлекеттік билікті халық құптайтын қоғамның партиялық жүесінің түрі. Яғни мұндай партилық жүйенің түрінде мемлекеттік билік халық басшылығымен жүзеге асады.
Теократия – қоғамның маңызды мәселелері заңмен шешілетін басқару жүйесі.
Тоталитаризм – қоғамның барлық бақылауына қол жеткізуге ұмтылатын партиялық жүей болып табылады. Қазіргі саясаттану ғылымында партиялық жүелердің басқа да түрлері де бар. Мысалы: дәстүрлі, қазіргі, либералды демократиялық және радикалды-авторитарлы.
Партиялық жүйе ұғымының астарында саяси партиялардың қарым-қатынастары мен олардың билік үшін күрестері жатады. Партиялық жүйелер бірінен-бірі партиялар санына қарай ажыратылады. Партиялық жүйелердің үш түрін көрсетуге болады.Олар: бірпартиялы, екіпартичлы, көппартиялы. Көппартиялы жүйелер – мұнде үш немесе одан көп партиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады. Мұндай партиялық жүйенің қалыптасуына идеологиялық бағыттарды пайда болуы әсер етті. Сонымен қатар ұлттық және тарихи факторлардың да әсері мол болды. Екіпартиялы жүйелер – көптеген саясаттанушылардың ойынша мұндай партиялық жүелер ең тиімді жүйе болады.Мұндай жүйеде екі партия арасында нағыз бәсекелестік болады. Үнемі екі партиялар бір-бірін сынға алып отырады.Көбіне екіпартиялы жүйе функцияналды болып келеді. Екіпартиялы жүйеге мысал ретінде АҚШ-ты алып көрсетуге болады. Бірпартиялы жүйе - өзінен басқа партиялардың болғанын қаламайды.Мұндай партиялық жүйелер тоталитарлық және авторитарлық қоғамға тән. Ла Паломбора мен Вайнер партиялық жүйенің күрделі классификациясын көрсеткен. Олар партиялық жүйенің бәсекелес және бәсекелес емес деп бөледі. Мұндай партиялық жүйелер билік үшін күрес кезінде бір-бірімен бәсекелесуі кезінде көрінеді. Партиялық жүелердің пайда болуына бірнеше факторлар әсер етеді.Олар: мықты әлеуметтік қоғам диффренциясы; қоғам тарихи дамуның спецификасы; ұлттық және этникалық айырмашылықтар. Партиялық жүйенің басты компоненті болып саяси қозғалыстар табылады. Саяси қозғалыстар өте ерте замандарда пайда болған.
Партиялық жүйелердің құрамына тек қана мемлекетті ұйымдар және саяси партиялар кірмейді. Сонымен қатар партиялық жүйелерде қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың алатын орны ерекше. Қандай да бір партия болмасын қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдарды өзінен бөлек шығармайды. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың саяси дәрежесі болғаны мен олар партиялық жүйелер мақсатына ықпал етпейді. Алайда кейбір қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар саясаттан тыс жатады. Саяси қозғалыстар бірнеше түрлі болып бөлінеді. Мысалы: тапты сипаттты қозғалыстар, тапсыз сипатты қозғалыстар, таптан тыс өзіндік саяси қозғалыстар. Кез-келген мемлекетте саяси емес қозғалыстар-кәсіподақ юолып табылады. Бұл экономикалық қызығушылықтарды қорғау мақсатында құрылған жұмысшылар ұйымы болап табылады. ХІХ ғасыр ортасында кәсіподақтар жеке қоғамдық және ұйымдық күш болып саналды.
ХХ ғасырдың 50-70 жылдарында қозғалыстар мен ұйымдар қарқынды күшейе түсті. Сол кездегі көптеген ұйымдар тұрақты болған және олар әлі күнге дейін қызметтерін жалғастыруда. Қоғамдық қозғалыс пен ұйым екеуі екі түрлі сипатталады. Ондай сипаттарға бұзушы күш және реформа қабылдағандағы күш сипаттары жатады. Қоғамдық қозғалыстар бұзушылық сипат алады. Қоғамдық саяси қозғалыстардың жалпы екі бағыты бар. Олар: өктемдік және өктемдік емес. Қоғамдық қозғалыстар тұрақты болмайды. Қоғамдық қозғалыстадың көтерілуі немесе құлауы елдегі экономикалық жағдайға байланысты болады