- Психологиялық әдіс саяси іс-әрекеттің, жеке адами сана, мінез-құлықтық субъективті механизмдерін және сонымен бірге психологиялық мотивацияның механизмдерін зерттеуге бағытталған.
- Бихевиористік әдіс, саясат – қоғамдық құбылыс ретінде ең бірінші жекедаралық өлшем арқылы анықталады деген тұжырымға негізделген.
- Коммуникативті әдіс саяси үрдістің кибернетикалық модельдерін қалыптастырады.
Отандық саясаттану ғылымы тағдыры өте қиын қалыптасты. ХХ ғасырдың басындағы қоғамда болған ірі-ірі өзгерістер халық зиялыларының елдің саяси болашағы жайлы толғануларына әсер етті. Олар өз еңбектерінде саяси тағдыр, революция, мемлекет, билік мәселелері жайлы ойлар жазды. Кеңес Одағы кезінде саясаттану ғылымымен айналысуға тиым салды. Тек ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, Қазақстанда саясаттану пән ретінде оқытыла бастады. Отандық саясаттану ғылымы тағдыры өте қиын қалыптасты. ХХ ғасырдың басындағы қоғамда болған ірі-ірі өзгерістер халық зиялыларының елдің саяси болашағы жайлы толғануларына әсер етті. Олар өз еңбектерінде саяси тағдыр, революция, мемлекет, билік мәселелері жайлы ойлар жазды. Кеңес Одағы кезінде саясаттану ғылымымен айналысуға тиым салды. Тек ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, Қазақстанда саясаттану пән ретінде оқытыла бастады. Жоғары оқу қоғамдағы ірі салалардың бірі. Студенттер тек қана базалық білімдер жинағын алып қана қоймай, сонымен бірге жаңа білім алуға дағды қалыптастырады. Қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси және құқықтық құндылықтарды меңгереді. Бұл болашақ қоғамның субъектісіне толық тұлға болып қалыптасу үшін мүмкіндік береді. Ал сол жоғары оқуды гуманизациялау мемлекеттік бағдарламада негізгі жолға қойылған. Студентке саяси білімнің қажеті не деген сұрақ туындайды. Студентке саяси білімнің қажеті не деген сұрақ туындайды. Саяси сауатсыз адам қазіргі қоғамда өзіндік пікір қалыптастырып, таңдау жасай алмайды. Көптеген идеялық ұстанымдарға сене беруі мүмкін. Ал саясаттан хабары бар, оның заңдылықтары мен тенденцияларын, қыр-сырын білетін және меңгерген адам демократиялық принциптер мен құндылықтарды жете меңгеріп, оның маңыздылығын түсіне алады және соны орнатуда белсенді іс-әрекет ету жолдарын анықтай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |