Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ


Саралау белгілері бойынша



бет22/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

Саралау белгілері бойынша:





Жеке меншіктің бар


немесе жоқ екендігі.

Қарама-қарсы таптардың


бар немесе жоқ екендігі.
Тауар өндірісінің бар
немесе жоқ екендігін

Макроформациялар






Алғашқы
(архаикалық)



Екінші
(экономикалық)



Үшінші
(коммунистік)

алғашқы құл иеленуші коммунистік (бірінші


фазасы- социализм)
қауымдық феодалдық

қ оғам буржуазиялық


Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге бөлуде мемлекеттердің мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық құрылысын қоғам дамуының рухани ізгілік және мәдени факторларымен салыстыра отырып шешеді.
Өркениет дегеніміз қоғамның салыстырмалы түрде тұйықталған және локалдық (жергіліктілік) ахуалы.



Өркениет
(А.Дж. Тойнби бойынша)


м ысырлық сириялық қиыр шығыстық


қытайлық мексикалық православиелік


ирандық батыстық арабтық


басқалары


(барлығы 21)

Азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы- Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.


Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.
Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухни өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады.
Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.
Азаматтық қоғам экономикасының негізі- әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатысуына жағдай жасайды.
Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.
Құқықтық мемлекет өз негізін азаматтық қоғамда қалыптастырады да сол ортадан өсіп жетіледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы басты принцип товарлы өндірісте жеке меншіктілік пен нарықтық қатынастардың болуы. Құқықтық мемлекет деген атаудағы “құқық” деген сөздің алғашқы болып тұруында да өзіндік мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында тұру керек дегенге мегзейді.
Яғни құқық әрбір елдің негізгі заңы- Конституциясында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болуы қажет.
Құқтық мемлекеттің тағы бір ерекшелігі- ол оның билік жүргізуді бұйрықтар, жеке актілер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы.Ол заңдар әділ болып, әділетті шаралармен заң арқылы іске асырылып отырылуы керек. Осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Ол принцип бойынша өкімет билігінің үш тармағы мемлекеттің заң шығару, атқару және сот билігін жүргізу органдары құрылуы тиіс.
Ал енді өкіметтің осы үш тармағында басымдылыққа жету үшін солардың бәріне құқықты мемлекетте жоғары мәртебе беріледі. Ондай мәртебе заң шығарушы өкіметке тиесілі. Барлық құқықтық мемлекеттерде заңдардың Конституциялығын қадағалап отыратын Конституциялық соттар құрылады.
Сөйтіп құқықтық мемлекет болуы үшін:

  1. Халықтың саяси тәуелсіздігі, мемлекеттің егемендігі.

  2. Оның пайда болатын негізі яғни, алғышарты болып табылатын азаматтық қоғам, атына сай жан- жақты жетілген болуы керек.

  3. Барлық азаматтардың құқықтық теңдігі, мемлекет заңдарының адам құқығының жоғары тұруы қажет.

Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет