Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет5/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

Саясат және оның мәні. Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы, қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі.
Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет сол үшін дүниеге келген. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды элементі болып табылады.
Саясаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:

  • Қоғамның жалпы мақсатын анықтау

  • Қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау

  • Қоғамдағы қатынастарды реттеу мен бөлу

  • Шешімдер қабылдау

Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға және билікті қолдану әдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың өзекті мәселесі – белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Мәселен: орта ғасырдағы монархиялық режим абсолютизм идеологиясы негізінде жүргізілді. Ал 18-ғасырдың аяғында – буржуазиялық идеологияға негізделген саяси режим пайда болды.
Саясат қоғамның әртүрлі салаларына байланысты мынандай бағыттарға бөлінеді: экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдение, ғылыми – техникалық, әскери, экологиялық, демографиялық, аграрлық, финанс, инвестициялық, кадр т.б. саясаттар.
Саясат әртүрлі деңгейде, ауқымда, формада, мерзімде жүріп отырады.
Саясаттың ең басты мақсаты – ол оның бағыттары, деңгейлері, формалары арасындағы байланысты, бір-біріне өзара ықпалын, олардың үйлесімділігін және әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады.
Саясаттың объектісі қоғам болып есептеледі. Субъектісі-қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар (таптар, ұлттар мен ұлыстар), мемлекет, партиялар, нақтылы жеке адам. Саясаттың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, ал билік белгілі бір таптың екінші тапты өзіне бағындыру қабілеті болғандықтан, таптардан, әлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес. Сонымен саясаттың қарастыратын басты мәселелерінің бірі – саяси қатынас мәселесі.
Күнделікті қоғам өмірінде саяси қатынас таптар арасындағы өзара қатынасы ретінде билік арқылы көрініс тауып отырады. Саяси қатынас ең алдымен үстемдік және тәуелділік арқылы жүргізілетін адамдар арасындағы қатынас белгілі бір тарихи кезеңде объективтік қажеттілік. Мұнысыз қоғамдық қызметтің жүруі мүмкін емес. Әдетте үстемдік жүргізетін тап – ол, қолында иелігі бар, қожалығы, билігі бар тап, ал ондайы жоқ тап тәуелді тап. Сондықтан бұл жағдай саяси қатынастың экономикалық негізі болып есептеледі. Бірақ, саяси мүдде тек қана экономикалық жағдаймен шектелмейді, ол жалпы таптық, ұлттық мүдделерді де қамтиды. Ал саяси мақсатты көп жағдайда өкімет мақсаты деп түсінген дұрыс. Яғни қоғамды дұрыс басқарудың өзі саяси мақсатқа жатады. Саяси мақсат жоқ жерде, қоғамды басқару жоқ, демек саясат жоқ деп айтуға болады. Тіпті алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде саяси мүдделер, саяси мақсаттар пайда болып, саяси жүйенің алғы шарттары қалыптаса бастады десек қателеспейміз. Мәселен, алғашқы қауымдық, құрылыста-ақ әлеуметтік өмірге, жеке адам мен оның туыстық қарым-қатынасына байланысты басқарудың кейбір мүдделік және мақсаттық түсінік-ұғымдары қалыптасты. Саяси мақсат, мұраттардың өзі саяси мүдделерден басталады. Мұнда өкімет туралы мәселе жатыр. Саяси мүдденің негізгі мазмұны – ол саяси билікті жеңіп алу қажеттілігі. Әлеуметтік құрылым тіршілігінің сипатын, ерекшелігін анықтайтын басты элемент ең алдымен, үлкен әлеуметтік топтар: таптар, ұлттар, ұлыстар, олардың қауымдастығының формасы мемлекет, саяси партиялар, кәсіптік одақтар болып келеді. Әлеуметтік топтар және олардың ұйымдары белгілі бір идеологиялық құндылыққа негізделеді. Қазіргі жағдайдағы саяси қатынас пен қозғалыстарға негіз болатын үш басты құндылықтың түрлерін айтуға болады: ұлттық теңсіздік, қауіпсіздік пен тәуелсіздік; экономикалық молшылық және даму; еркіндік және конституциялық праволар. Алайда, саясат қоғамдық өмірдің бір ғана жағы болғандықтан оған қоғамдағы басқа экономикалық, әлеуметтік, рухани-идеологиялық жағдайлар да ықпалын тигізеді. Осыған байланысты саясатқа әсер ететін жағдайларды өзінің ықпалы дәредесіне қарай бірнеше деңгейге бөлуге болады. Бірінші деңгейдегі жағдай – ол дүниежүзілік және жалпы адамзаттық, жағдай. Екіншісі – елдегі экономикалық, әлеуметтік, рухани-идеологиялық ахуал. Үшіншісі – нақтылы тарихи кезеңдегі қоғамның алдына қойып отырған негізгі мақсаттарының мазмұны мен сипаты. Төртіншісі – қоғамдағы нақтылы саяси өмірдің ахуалы. Қоғамның саяси өмірі басқаларға қарағанда дербестеу болады және онда саясаттың субъектілері, стратегиялық, тактикалық мақсаттары күрт өзгеріп отырады.
Саясат экономикалық заңдарды саналы түрде қолдану түрі болғандықтан саясат экономикаға белсенді ықпал етеді. Оны мынадан көруге болады.
1. Саясат экономиканың даму бағытына тура ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, қоғам прогресті түрде дамуы мүмкін. Яғни саясат қоғам дамуы мақсатын оны іске асыру жолдарын анық көрсетеді және оны іске асыру үшін халықты ұйымдастырады. Экономикалық мәселелерге нақтылы дұрыс саяси мақсаттар, міндеттер қойылмайынша бірде бір тап өз билігін қолына ала да, ұстап та тұра алмайды. Яғни, саясат экономикалық мәселелерді шешу құралы болып келеді.
2. Саясат экономикаға кері ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда саясат белгілі бір дәрежеде, бағытта экономиканың дамуына кадергі жасап отырады. Өйткені, саясат экономиканың табиғи даму зандылықтарына қайшы келіп, өндіргіш күштер мен өндірістіік қатынастардың арасындағы үйлесімділік заңын бұзып, олардың арасындағы конфликті тереңдете түседі. Мұндай үрдістер қоғам экономикасының даму бағытына қарама-қайшы, немесе сыңар жақты жалаң істерге жол береді. Әдетте мұндай саясат саяси авантюризмге, субъективизмге әкеледі де түбінде күйзеліске, дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Оны біздің бұрынғы Кеңес Өкіметі тұсындағы тәжірибемізден-ақ көруге болады. Мәселен, саясаттың экономика үстінен үстемдік етуі, оның экономикалық заңдармен санаспауы басым болды. Сондықтан көптеген саяси шешімдер экономикалық жағдайларға қайшы келіп, өз шешімін таба алмай жатты. Мысалы: Сталинның коллективтердірудегі асығыстығы, Хрущевтік 80-жылдары коммунизмге өту туралы тезистері, Брежневтің – кемелденген социализмді жариялауы, Горбачевтің – жеделдету концепциясы мен арақты мүлдем жою үшін күресі. Сонымен өткен тарихи жағдай саясаттың басқа қоғамдық салалардың үстінен үстемдік етуінің дәлелі болды. Ал қазіргі жағдай қоғамдық өмірдің барлық, салаларында, әсіресе, экономикада саяси қатынастардың рөлін ескермеудің немесе саясаттың қоғам дамуына ықпалының әлсіреуінің дәлелі болып отыр. Шаруашылықтың құлдырауы, халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайының күрт төмендеуі, бағаның өсуі, ақша инфляциясы халық арасындағы саяси қобалжуларды, сенімсіздіктерді ұлғайтуда. Бұдан біз ел басшыларының қоғам дамуын жоспарлау ісінде өзіндік ерекшеліктердің жоқтығын немесе әлемдік тәжірибеден Қазақстан жағдайына тиімді үлгіні таңдап алудағы дәрменсіздікті байқаймыз. Осыдан саясатты ғылымға негіздей отырып, дәйекті жүргізу, қоғамды ғылыми тұрғыдан басқару да саясаттанудың зерттейтін мәселелерінің бірі болуға тиіс деп айтуға болады. Себебі, қоғамдағы саяси басшылық әлеуметтік экономикалық өркендеудің сыннан өткен, сұрыпталған нақтылы ғылыми-теориясына негізделуді, сүйенуді талап етеді.
Саясат идеологиямен де тығыз байланысты. Идеология таптар-дың ең алдымен экономикалық, әлеуметтік т.б.мүдделерінің теориялық көрінісі. Сондықтан идеология экономикалық-әлеуметтік т.б. саясаттардың іске асырылуындағы идеялық құралы болып есептеледі. Идеологиядан бас тарту саясаттың құнсыздануына әкеліп соғады. Идеология саяси іс-әрекеттердің теориялық негізі. Сондықтан, идеологиясыз саясат болмайды. Олай болса идеология кез келген мемлекетке тән табиғи нәрсе. Алайда саясат пен идеологияның арасындағы байланыс, идеология саясаттың теориялық негізі болумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге саясат халыққа идеологиялық тәрбие берудегі құралы болып есептеледі. Өйткені оның қолында қоғамдық-саяси теорияны жасау үшін барлық жағдай бар. Сондықтан билеуші тап өз идеяларын, көзқарастар жүйесін тәуелді тапқа күшпен енгізеді, халықты рухани жағынан иландырады, яғни идеологиялық үстемдік жүргізеді. Ол үшін олар арнайы мекемелер, ұйымдар, институттар құрады солар арқылы өз идеологиясын жүргізіп отырады. Оған қарсы көзқарастармен күрес жүргізеді.
Ал енді қоғам мәдениетінің саясатқа тигізетін ықпалына келетін болсақ, мынандай ықпал ету бағыттарын айтуға болады. Біріншіден, жеке адамды тәрбиелеуде және оны әлеуметтік ортаға бейімдеуде, демек адамды білім беру және кәсіптік оқыту, тәрбиелеу арқылы қоғамдық жағдайларға икемдеу. Олардың өз мінез-құлқын қоғамдағы әлеуметтік нормаларға, қағидаларға сай реттеп отыруға тәрбиелеу. Екіншіден, саясат субъектілерінің іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін қоғамда материалдық, рухани мұралар жүйесінің қалыптасуы. Үшіншіден, іс-әрекеттер мен мінез-құлықтардың және әртүрлі саяси мәселелерді іске асыру үлгілерін жасау. Ондай мінез үлгілері адамның әрбір саяси жағдайға көзқарасын айқындап отырады. Төртіншіден, мәдениеттің саяси өмірге ықпалы саяси институттар қызметінің модельдерін жасау арқылы көрінеді.
Сонымен, саяси қоғамның барлық салаларымен тығыз байланысты. Саяси қоғамның барлық жақтарының табиғи бірлігін қамтамасыз етудің тұтқасы болып табылады. Егер қоғамның барлық салалары саясат арқылы жүзеге асырылып отырса, ал саясат қоғамдағы белгілі бір экономикалық, мәдени, идеологиялық құрылымдар (ұйымдар, мекемелер, бірлестіктер, институттар т.б.) арқылы іске асырылады. Яғни саясаттын өзі экономикадан, идеология мен мәдениеттен тыс өмір сүре алмайды.
Саясатты, сонымен бірге, өнер деп қарастыру керек. Өйткені, саясаттың объектісі де, субъектісі де адам. Сондықтан саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауаттылығы әрі қуаттылығы көп жағдайда саясаткердің, ел басшысының, сайып келгенде, жеке адамның қабілетіне, ішкі мәдениетіне, білімдарлығына, тапқырлығына, творчестволық іскерлігіне байланысты. Демек, саясаттың дұрыс жүруі саясаткердің қоғамдағы бар табиғи-әлеуметтік мүмкіндіктерді пайдалана білуімен, теориялық негіздер мен принциптерді қолдана алуымен, саяси шешімдерді қабылдауда творчестволық батылдық көрсете алуымен және оны қоғамның келешегін болжай алатын логикалық көрегендіктермен байланыстыра білуіне тәуелді. Саясаттың өнер болуы ең алдымен саясаткердіңхалықпен жұмыс істей білуінде және оның саясат объектісі мен субъектісінің біртұтастығын тани білу және мойындай білу қасиетімен байланысты. Саясаткердің мұндай қабілеттері оның ішкі рухани дүниесіне сай болып келетін ерекше жеке қасиеттеріне де тәуелді. Мәселен, адамгершілігі, халық пен ар-намыс алдындағы жауапкершілігімен, психологиялық құрылымымен, мінезіндегі салмақтылық, тұрақтылық, табандылықпен халықтың пікірімен санаса білу және олардың көңіл-күйін түсіне білу мүмкіндіктерімен де байланысты. Саяси басшылардың іскерлігі оның қалың бұқараны саяси өмірге қатыстыра білуінен, қоғам дамуының тарихи кезеңіне, халықтың саяси мәдениет деңгейіне сәйкес келетін саясаттың түрлерін және оны іске асыру құралдары мен әдістерін, тәсілдерін таңдап алу қабілетінен көрінеді. Мәселен, қазіргі саясаткерлер елдегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани, ғылыми-техникалық, финанс, инвистициялық, кадр саясаттарында Республиканың табиғи және әлеуметтік ресурстарының ерекшеліктері ондағы экологиялық, демографиялық, мәдени, ұлттық факторлар толық ескерілуде ме деген мәселе тұрады. Елдің өзіндік ерекшеліктерін түсіне білу саяси басшының даралығына, ерен қабілеттеріне байланысты құбылыс. Саясатты өнер деп мойындамау әртүрлі жағымсыз: субъективизм, волюнтаризм, трайбализм т.б. сияқты салдарды туғызатыны белгілі. Сондықтан саясат өнер ретінде көпжақтылы, көпмәнді өте күрделі процесс.
Саясат қоғамда үлкен өзгертуші, айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі қажет. Ол зандылықтар ғылым арқылы айқындалады. Сондықтан саясат ғылымға негізделуі керек, яғни саясат ғылыми саясат болуы тиіс. Саясатты ғылым ретінде қарастыратын болсақ, ол – ғылым. Өйткені, саясат-қоғамдық даму заңдылықтарына негізделеді. Кезінде, В.И.Ленин өзінің «Коммунизмдегі «солшылдықтың» балалық ауруы» - деген еңбегінді «саясат – ғылым және өнер» - деп көрсеткен. Саясат таппен бірге пайда болғанымен ғылым болып кешірек қалыптасты. Яғни қоғам дамуының заңдылықтары ашылғаннан кейін ғана және ірі қоғам қайраткерлері, ойшылдар ғылым негізінде әлеуметтік процестерге ықпал ете бастағаннан бастап саясат ғылымға айналды деп айта аламыз. Әрекетсіз – заңдылық жоқ. Егер адам әрекеті қоғамның даму заңы мен санаспаса онда ол нәтижесіз болады.
Саясаттың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайлар біріншіден, қоғамдық, дамудың заңдарының ашылуы және олардың саяси әрекеттерде басшылыққа алынуы. Екіншіден, әлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты әлеуметтік күші тап болып есептеледі. Сол тап қана объективтік заңдылықтарды өзінің практикалық қызметінде қолдана алады. Үшіншіден, саясаттың ғылым болуына ықпал ететін фактор – ол қоғамда нақтылы бір идеологияның бекітілуі және оның халық санасында орнығуы. Төртінші жағдай, ол саяси әрекетті жүргізетін ұйымдардың институттардың болуы. Ол үстем таптың ұйымы. Олай болса, осы ұйымдар таптың, жеке адамның мүддесін қорғау үшін белгілі ғылымға сүйенуі керек.
Сонымен саясат ғылым ретінде – ол партия мен мемлекеттің мақсат міндеттері, заңдылықтары қозғаушы күштері, халық қызметінің негізгі мазмұны туралы логикалық бірліктегі білімдер жүйесі. Екінші сөзбен айтқанда неге саясат ғылым болады. Десек, өйткені ол қоғамның саяси өмірі жөніндегі ілім. Осыдан саяси ғылым келіп шығады, ал оның негізгі мәселелері: қазіргі жағдайдағы саясаттың мәні мен мазмұны; оның айқындаушы белгілері мен принциптері және негіздері; қоғамдық өмірдің негізгі бағыттары бойынша басты мақсат-міндеттері, олардың заңдылықтары, қозғаушы күштері және олардың бір-біріне ықпал ету механизмдері; саясаттың әртүрлі жақтарының арасындағы қарым-қатынас; саяси мәдениеттің және қоғам мүшелерінің қоғамдық-саяси әрекеттерінің рөлі; өмір сүріп жатқан саяси мемлекеттер мен партиялардың саясатына, әлеуметтік саяси күштердің әрекеттеріне ғылыми сипаттама беру. Саясатты ғылым ретінде танытатын ғылымның саласы – саясаттану болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет