Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ


Саясаттанудың атқаратын қызметі



бет7/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар
59530086-2879-4430-a27a-3e94e01e82d3 (1), Силлабус каз, Зертханалық жұмыс Қуанышбек Ақбота.
Саясаттанудың атқаратын қызметі. Саясаттанудың қызметі, оның алдына қоятын мақсаттарының екі жақтылы: танымдық және тәжірибелік сипатынан туындайды. Ең алдымен саясаттану, бізді қоршаған саяси ортаны шынайы танып-білудің құралы. Саяси орта әр азаматтың өмірлік мақсат-мұратына, мүддесіне, бағдарына тигізер ықпалы зор. Сондықтан адам бойында саяси болмыс туралы түсініктердің неғұрлым шынайы, дәлірек қалыптасуы, оның мақсат-мүдделерін қорғаудың және оны іске асырудың қажетті алғы шарттарының бірі. Саяси білімнің басты мақсаты – азаматтардың қоғамдағы күрделі саяси ортада дұрыс бағдар алуға, өз мүдделерін дұрыс түсінуге, қорғай білуге, бостандықтары мен құқықтарын сақтай білуге, қоғамдық мүддені құрметтей білуге үйрету, тәрбиелеу.
Саясаттану қоғамда ерекше қызмет атқарады және ол мынандай факторлармен байланысты. Саясаттың ғылым ретіндегі қызметі біріншіден, саяси объектісін біртұтас әлеуметтік организм ретінде танумен және оны мойындаумен байланысты. Яғни саяси ғылым дүниенің біртұтастығын мойындауы қажет, бұдан таптық және жалпыадамзаттық мәселелердің біртұтастығы шығады. Екіншіден, саяси әрекеттің және оны ұйымдастыру принциптерінің сипатымен байланысты. Себебі бұл әлеуметтік шындықты теория тұрғысынан тануына байланысты. Үшіншіден, саяси әрекеттер әдісін материалистік тұрғыдан түсінуімен байланысты.
Саясаттану танымдық тұрғыдан алғанда теориялық-методологиялық қызмет атқарады. Қоғамның нақтылы тарихын зерттеу процесінде, оның белгілі бір тарихи кезеңінде үстемдік құрған саяси режимді саяси тұрғыдан талдауда және оған баға беруде теориялық-методологиялық база міндетін атқарады.
Саясаттану идеологиялық қызмет атқарады. Қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтардың мүддесіне сай келетін саяси идеяларды, құндылықтарды және мақсат-мұраттарды іске асыруды негіздеуде және уағыздауда үлкен рөл атқарады.
Саясаттану саяси – тәжірибелік қызмет те атқарады. Мәселен, мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы органдар, сондай-ақ, құқықтық актілерді, қарарларды, бағдарламаларды қабылдауда алдын ала ғылыми сараптардан өткізгенде саяси білімдерді қолданады. Сондықтан саясаттану саяси басқару құрылымдарына дер кезінде керекті ұсыныстар жасап отырады. Осы тұста саяси болжамның практикалық тұрғыдан маңызының зор екендігін айтуға болады. Мысалы, өткен тәжірибеміздегі қоғамның экономикалық, әлеуметтік саласында, ұлтаралық қатынастарда, мемлекеттік құрылыста, рухани-мәдени өмірде жіберілген кемшіліктер мен қиындықтарға себеп болған факторлардың бірі біздің елдегі саяси болжамдардың өз дәрежесінде болмауы деп айтуға болады.
Сонымен бірге саясаттану тәрбиелік қызмет атқарады. Демек, ол қоғамдағы болып жатқан саяси құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер бере отырып, адамды отан сүйгіштікке, адамгершілік пен жауапкершіліккке тәрбиелейді. Саяси білімге баули отырып, субъектінің саяси сапасын, мәдениетін, белсенділігін, саяси сауаттылығын, саяси мінез-құлқы мен эмоциясын қалыптастырады. Саяси құбылыстардың мәнің түсінуге көмектеседі. Сондықтан қазіргі жастарға саяси білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет