Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет15/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар
59530086-2879-4430-a27a-3e94e01e82d3 (1), Силлабус каз, Зертханалық жұмыс Қуанышбек Ақбота.
Билікқұрылымы дегенімізоның құрамы мен қозғаушы күші: биліктің субъектісі, объектісі, құралдары (ресурстары) мен белгіленген мақсатқа жету үшін осының барлығын қозғалысқа келтіруші үрдістер.
Әлеуметтік немесе ұлттық қауымдастықта таптар, жеке адам немесе топтар, мемлекет, үкімет және басқалар саяси биліктің субъектісі болып табылады.
Биліктің объектілеріжеке адамдар, олардыңбірлестіктері, топтар мен қауымдастықтар, таптар, қоғам, яғни жоғарыда тұрған саяси субъектінің іс-әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар.
Билік қатынасының мәні мынада — субъект нұсқау береді де объектіге билікті орындауды міндеттейді, яғни бағынуды талап етеді.
Саяси билікке тән сипат — ол егемендікке ие болу. Ол әртүрлі саяси бағыт ұстанған субъектілер арасында бөлініске түсуі мүмкін емес. Егер елде көп партиялықпарламент пен коалициялық (үкімет) жұмыс жасайтын болса, онда билік келісім, ымыраласу негізінде жүзеге асырылады. Алайда олар бұл ретте бір ғана бағыт ұстануы керек. Екінші бір сипаты — оның заңға сәйкестігі (заңдылығы) болуы шарт. Адамның ниет-пиғылының заңға ауып тұратындығы арқасында басқарылатындар билікке сенуі қажет. Билік жариялы және заңға сәйкес болуы керек — сонда бұл тұғыры берік билік бола алады.
Билік жүргізу үрдісі биліктің арнайы механизмінің – ұйымдастыру жүйесінің, олардың құрылым нормалары мен іс-әрекетінің нәтижесінде тәртіпке келтіріледі және реттеледі. Бұл ретте: үстемдік, басқару, басшылық, ұйымдастыру мен бақылау маңызды рөл атқарады.
Үстемдік– қоғамды басқарушылар мен басқарылатындарға бөлуге негізделген.
Басқару – бұл атқарушы өкімет органдарының шешімдер талқылап жасауы мен оларды қабылдауы және оны өмірге енгізуді ұйымдастырады.
Басшылық – бұл әкімшілік аппараты мен өкіметтің органдары арқылы жүзеге асырылады.
Ұйымдастыру – бұл жекелеген адамдардың, топтардың, таптардың, ұйымдар мен мекемелердің өзара байланысын келісу, реттеу, қамтамасыз ету.
Бақылау – бұл қоғамдағы адамдардың, топтардың қызмет ережелерін қамтамасыз ету, сақтау.
Билік негізге алынатын ресурстарды саралайтын болсақ — билік экономикалық, әлеуметтік, рухани-ақпараттық, күштеп көндіру және саяси салаларға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет