Арайлым Тынышбай Саяси сана және саяси мәдениет



бет1/5
Дата24.04.2022
өлшемі17,57 Kb.
#140674
  1   2   3   4   5
Байланысты:
политология 13



Арайлым Тынышбай


Саяси сана және саяси мәдениет


1. Саяси сананың мәні және саяси сананы қалыптастырудың жолдары.

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.


Саяси сананың атқаратын қызметтері. Саяси сананың коғам өмірінде атқаратын рөлі оның кызметтеріне байланысты сан килы болып келеді. Адамдардың, саяси топтардың өз мүдделерін түсінуі, басқалардың мүмкіндіктерімен салыстыра қарастыруы, мемлекеттік билік институттарымен қарым-қатынастарын сана-сезім елегінен өткізуі, саяси іс-әрекеттерге белсене қатысуға жұмылдырылуы осы саяси санаға тәуелді. Саяси сананың қызметтерін былай деп жіктеуге болады:


а) танымдық (когнитивтік): саясат саласының әр түрлі қыр-сырларын танып-білуге деген мұқтаждық;
ә) идеологиялық: мемлекетті, ұлтты, саяси партияны билікте қол жеткен шептерді берік ұстап, сақтап калуға топтастыру қажеттілігі;
б) коммуникативтік: саясат субъектілерін билік институттарымен өзара байланыстыруды камтамасыз етуге деген кызметі;
в) болжамдық: саясат субъектілерінің саяси үдерістердің барысын бағдарлауға, соған орай саяси мақсаттар қоя білуге деген қабілеттілігі;
г) тәрбиелік: белгілі мақсат-мұраттарға сай саяси мінез- құлықты қалыптастыруға ықпал етуге деген мүмкіндігі.
Саяси сана деңгейлері. Жүйелі құрылым ретіндегі саяси
сананың өз деңгейлері бар. Ең төменгісі — оның қарапайым
деңгейі, яғни адамдардың күнделікті өмірде туындайтын
саяси көзқарастары, пікірлері, соларға байланысты сезімдері, жай-күйлері. Саяси ахуалға орай ол тез өзгеріп, құбылып
отырады. Одан кейінгісі — субъектілердің саяси үдерістерге
тікелей қатынасынан, саяси-тәжірибелік іс-әрекетінен туындайтын эмпириялық деңгей; бұған саяси құбылыстарды
қабылдаудан туатын сезімдер, елестер, күйзелулермен қатар
индуктивтік қорытындылар жатады. Саяси сананың жоғары
деңгейі — саяси идеяларға, тұғырнамаларға негізделген көзқарастарды құрастыратын теориялық деңгей. Теориялық деңгейдегі саяси сана саяси мақсаттар мен міндеттерді, оларға қол жеткізудің әдістері мен құралдарын анықтауға, саяси шешімдер мен бағдарламаларды қалыптастырып, олардың іске асуын бақылауға жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет