Арайлым Тынышбай Саяси сана және саяси мәдениет


Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы



бет3/5
Дата24.04.2022
өлшемі17,57 Kb.
#140674
1   2   3   4   5
Байланысты:
политология 13

3. Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы.

Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Ту, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.


Саяси мәдениеттiң ұғымы және құрылымы. Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек. Сонымен қатар, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Оның қызметі: танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатарды. Ол еркіндік, теңдік, әділдік, әлеуметтік қорғанушылық, автономия, төзімділік және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруінен байқалады.


Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.


Қазіргі заманда саяси мәдениеттің әр түрлі ұлттық түрлері бар. Оларды зерттеп классификациялау үшін тиісті құрал болуы керек.Басқаша айтқанда саяси мәдениеттің идеалдық моделі.Ондай идеялдық модель қандай болуы тиіс? Саяси жүйе талдаудың құрылымды функционалды бабының негізгі жақтарын қолдана отырып Г.Альмонд пен С.Вебра бағдарланудың негізгі обьектісі ретінде саяси жүйені,оның”кіріс”, “шығысында” және саяси субьект ретінде индивитті алып қарастырды.Олардың пікірі бойынша әрбір саяси мәдениет моделіне оның өзіне тән обьектіге бағдарлану комбинациясы болады. Осы тұрғыдан Г.Альмонд пен С. Вебра негізгі үш саяси мәдениет моделін (идиалдық типін) бөліп көрсетті.


Саяси мәдениетті талдау,оның құрамдас бөліктері мен негізгі параметрлерін қарастыру,саясаттағы орны мен ролін анықтау оның жалпы қоғамдық және саяси санамен арақатынасының мәселесіне де тоқталуды талап етеді. Бұл мәлелені қарастырмаған жағдайда қоғамда белгілі бір роль атқарушы дербес феномен ретіндегі саяси мәдениетті жан-жақты ұғыну мүмкін емес. Ғылыми әдебиеттерде саяси мәдениет туралы көп айтылғанымен,саяси сана мәселесінің көптеген аспектілері түбегейлі қарастырылмаған.Көп жағдайда саяси сана туралы айтылған ой-тұжырымдар,жалпы қоғамдық сананы немесе саяси идиологияны,идеялық-саяси ағымдарды меңзеп кетеді. Сондықтан,саяси мәдениет “қоғамдық сана” мен “саяси сана” ұғымдары мен қатынасын анықтап алу қажет. Ғылыми еңбектерде саяси сан, әдеттегідей ,қоғамдық сананың көптеген формаларының бірі ретінде келтіріледі. Егер осы пікірмен келісетін болсақ онда саяси сананың діңгегі—саяси жүйеге,билікжүйесі мен биліктік қатынастарға,мемлекеттік басқармаға,саяси институттарға, сондай-ақ бостандық,әділеттілік ,теңдік, демократиялық ұстанымдар,авторитаризм,тотолитаризм адам құқығы сияқты категорияларға тиесілі – мақсаттар ,бағдарланулар,құндылықтар екендігін мойындауымыз керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет