«Саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы


Саяси элиталар және саяси көшбасшылық



бет5/15
Дата08.03.2022
өлшемі98,8 Kb.
#134625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
«Саясаттану» п ні бойынша д рістер жина ы

5.Саяси элиталар және саяси көшбасшылық
1.«Элита» термині, мазмұны мен қызметі.
2.Элитаның қалыптасуы мен жіктелуі.
3.Әлеуметтік саяси және психологиялық сапасы. Элитизм турлы концепциялар.
4. Қоғамдағы саяси жетекшілік және оның саяси өмірдегі орны.
«Элита» термині француз тілінен алынған. Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Бұл ілімді қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михельс. Саяси элитаны тудыратын факторлар: 1.қоғамға арнайы білімі мен тәжірибелері бар кәсіби басқарушылар. 2.адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздіктері 3.қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланғандар 4.бұқара халықтың қолдауына зор жеңіспен ие болғандар. Саяси элита маңызды мәселелерді шешуге араласады. Ондай мәселені қарастыратын ғылымды саясаттануда элитология деп атайды. Ол элиталардың қалыптсауы мен қоғамдағы ролін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін зерттейді. Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі. 1.Басқарушы элита. 2.Контрэлита. Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы заманындағы номенклатуралық қызметтер атқаруда. Қазақстанның қазіргі элитасына Президент және басқару аппараты мен министрліктер жатады. Аймақтық элитаға облыс әкімдері кіреді. Саяси топ бастаушылар әдетте мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құнділіқтары мен әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіреді. Қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырады. Қажетті өзгерістерді іске асырады. Саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз етеді. Заңыдылықпен саяси тәртіпке кепіл болады. Саяси жетекшіге қарама-қарсы саяси бастаушы немесе көмесымақтар болады. Ол ұғым ХІХғ пайда болған. Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып мансап құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет